«Коммуникативтік мінез-құлық» және «мәдениетаралық коммуникация» ұғымдары туралы түсінік

Қандай да бір халықтың қарым-қатынас ерекшеліктерінің жиынтықталған түрі сол халықтың коммуникативтік мінез-құлқының сипаты болып табылады. «Коммуникативтік мінез-құлық» термині алғаш рет И.А.Стерниннің «О понятии коммуникативного поведения» атты еңбегінде қолданылған. Жалпы алғанда коммуникативтік мінез-құлық деп халықтың қарым-қатынасындағы нормалар мен дәстүрлердің жиынтығын айтамыз.

Бүгінде, ХХI ғасырдың басында, халықтың коммуникативтік мінезқұлқын сипаттау мынандай себептерге байланысты өзекті болып отыр: * ұлтаралық қарым-қатынас кеңеюіне байланысты түсіндіріпталдауды қажет ететін деректер бар; * «Тіл және адам» мәселесін назарға алған коммуникативтік және антропоөзектік лингвистика даму үстінде; * мәдениетаралық коммуникация мен мәдениаралық түсіністікке, ұлттық ерекшеліктерге қызығушылық артты; * реттеуді қажет ететін ұлтаралық қақтығыстар саны артып отыр. Бұл өз кезегінде мәдениетаралық коммуникация саламсындағы зерттеулердің маңызын арттыруда; * психолингвистика коммуникативтік мінез-құлықты оқып-үйренуге тиімді зерттеу әдістерін ұсынады. Бұл айтылғандардың бәрі ұлттық қарым-қатынас аясына қатысты деректерді ғылыми түрде жүйелейтін мезгіл жеткенін меңзейді.

Коммуникация сөзі латынның «ортақ етемін, байланыстырамын, қарым-қатынас жасаймын» деген сөзінен шыққан (лат. communico = делаю общим, связываю, общаюсь). Адамзат қоғамында коммуникация ретінде қарым-қатынас, пікір алмасу, ой бөлісу, білім, сезім, мінез-құлық алмасуы қабылданған. Бұл жерде алмасуды ой бөлісу, қандай да бір сезімді бөлісу деп түсінуге болады (салыстырыңыз: ағылш. exchange и share).

Сонымен, сөз адамдарды байланыстырады, қарым-қатынас арқылы оларды біріктіреді. Қарым-қатынассыз қоғам болмайды, қоғамсыз әлеумет болмайды, мәдениетті, саналы адам болмайды. Адамды жануарлар әлемінен бөлетін де тіл арқылы жарыққа шыққан сөз. Ешбір ғылым, ешқандай мамандық сөзсіз болмайды. Білім мен тәжірибені қалыптастырып, сақтап, келер ұрпаққа жеткізу үшін де ол қажет. Бұл қадам өзге мәдениетті танып, оған құрметпен, төзіммен қарауды қажет ететін бүгінгі заманда аса маңызды. Осымен байланысты мәдениаралық, халықаралық коммуникация мәселелерін танып-білуге, оқып-үйренуге деген сұраныс туып отыр.

Тіл — дыбыстық таңбалардың адам қоғамында стихиялы түрде дамыған, қарым-қатынастың түрлі мақсатына қызмет ететін, адамның әлем туралы түсінігін және білім қорын жеткізетін жүйе.

Коммуникация — қарым-қатынас актісі, өзара түсіністікке негізделген бір немесе бірнеше индивид арасындағы байланыс; бір адамның екінші адамға немесе бірнеше адамға ақпараттты жеткізуі. Біз үшін маңызды болып табылатын алғашқы төрт мағынасына тоқталсақ, мәдениет – бұл: 1. Адам қоғамының өндірістік, қоғадық және рухани өмірдегі жетістіктерінің жиынтығы. Материалдық мәдениет. 2. Қандай да бір шаруашылық немесе ой қызметінің деңгейі, даму дәрежесі. Жер өңдеу ісі. Сөйлеу мәдениеті. 3. Озық адамның талаптарына сәйкес өмір шарттары. Тұрмыстық мәдениет. 4. Зиялылық, білімділік, оқымыстылық. Академиялық сөздіктегі нұсқасымен берсек: «1. Совокупность достижений человеческого общества в производственной, общественной и духовной жизни. Материальная культура. 2. Уровень, степень развития какой-либо отрасли хозяйственной или умственной деятельности. Культура земледелия. Культура речи. Борьба за высокую культуру труда. 3. Наличие условий жизни, соответствующих потребностям просвещенного человека. Культура быта. [Помещик Гуделкин] начал насаждать культуру… Он воздвиг больницу, нанял фельдшера, устроил школу. Эртель, Записки степняка. 4. Просвещенность, образованность, начитанность. Ежели у начинающего художника есть талант, профессиональные навыки, вкус к культуре, то стремление и законченность приводит его к подлинному мастерству. В. Яковлев. О живописи (АС)».

Авторлық сілтеме:
Алтаева А.К., Усалинова М.М. А 46 Мәдениетаралық коммуникацияның теориясы мен практикасы: оқу құралы / А.К. Алтаева, М.М. Усалинова. — Алматы: «Тұран» университеті, 2018. — 144 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *