Көмірсулар туралы слайд, презентация

Слайд адам организміндегі маңызды элементтердің бірі — көмірсулар туралы. Слайд бөлімдері көмірсулар жайлы негізгі ақпарат беріп, оның атқаратын қызметі, адам денсаулығына пайдасын жіктеп көрсетеді. Презентация бойынша көмірсулардың құрамына тоқтала кетеміз.

Көмірсулар — құрамына көміртек С, сутек Н, оттек О кіретін күрделі органикалық қосылыстар, олар адам массасының 0,6%-ын құрайды. Көмірсулар өсімдіктерде күн сәулесінің әсерінен көмірқышқыл газы мен судан түзіледі (фотосинтез процесі).

Адам организміне тағаммен бірге құрамы күрделі (полисахарид — крахмал) әрі қарапайым (фруктоза, глюкоза т.б.) көмірсулар түседі. Көмірсулар адам организміндегі майлар мен нәруыздардың алмасу реакцияларына қатысады. Көмірсулар да майлар сияқты энергия көзі. Мысалы, глюкоза — адам миы үшін қажет ең басты энергия көзі. Адам организміне көмірсулар жетіспесе, нәруыздар мен майлардың алмасуы бұзылады. Адамды ұйқы басады, әлсірейді, басы ауырады, жүрек айниды, діріл, ашығу сезімдері пайда болады. Бұл ауру белгілерінен арылуға кәдімгі қант көмектеседі. Сонымен қатар көмірсуларды көп мөлшерде пайдалану артық салмақтың пайда болуына әкеледі.

Скачать / Жүктеу

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *