Климатогеографиялық бейімделу типтерінің гипотезасы

  • Жердің əртүрлі экологиялық қуыстарына адамның бейімделуі;
  • Бейімделу типтерінің негізгі ерекшеліктері;
  • Бейімделу типтерінің динамикасы жəне оның жануар əлеміндегі ұқсастығы.

Жердің əртүрлі экологиялық қуыстарында мекен ететін адамның бейімделуі. Бөлек биологиялық өзгергіштігінің жəне оның комплекстерінің мысалдарын өмір бойы талқылауға болады. Мұндай нақтылық қазір бізге керек емес, сондықтан бөлек сұрақтардың қалуына назар аудармастан барлығын біріктіруге тырысайық. Сонымен, ғаламшарымыдың əртүрлі географиялық аймақтары түпкі тұрғындарының популяциясының биологиялық ерекшеліктерінің территориялды заңдылықтары өзгерістерінің анализі қазіргі заман адамына сай бірнеше маңызды жақтарын көрсетті.

Ең алдымен, біз адамды биологиялық түр ретінде сипаттайтын көптеген физиологиялық жəне генетикалық ерекшеліктерін жəне дене құрылысының əртүрлі (вариабельность) қырларын байқаймыз. Бұны екі түрлі түсіндіруге болады: • Бір жағынан, бұл адамның əр түрлі географиялық жағдайларда өмір сүруінің биологиялық алғы шарты; • Ал екіншіден, адамның орналасуына қарай экзогенді əсерлердің көрінісі үнемі миграциялық процестердің қозғалуына əсер етіп, адамның əртүрлі жағдайларға тап келуіне себепкер тарихи жағдайлар болатын. Ал жаңа экологиялық қуысқа үйрену, тек дəстүрлік жаңарулармен жүзеге асқан жоқ. Оған ағзаның функциональды жəне құрылымдық жүйесінің биологиялық алмасуының да əсері зор.

Табиғи ортаның əсерінен адамзат популяциялары, оларды өмірдің географиялық жағдайларына бейім ететін қасиетке ие болады. Осыған сəйкес, дене құрылысының жəне физиологиялық белгілерді қоршаған ортаның комплексті əсер етуіне қайтарған бейімделушілік рөлі деп көрсетуге болады. Егер біз жеке-жеке белгілердің өзгергіштігін біріктірер болсақ, онда жердің əртүрлі экологиялық аймақтарында тұрғындардың биологиялық қасиеттерінің ұқсастығын көреміз: • Бірдей географиялық жағдайлардағы шығу тегі əртүрлі халықтардың бейімделушілік қасиеттері ұқсас келеді; • Керісінше, генетикалық жағынан жақын бірақ əртүрлі географиялық жағдайда өмір суретін халықтар арасындағы бейімделушілік қырлары əртүрлі қоршаған орта жағдайларының комплексіне биологиялық реакцияны — бейім тип деп атайды. Бейімделушілік типі түсінігіне кіретін арнайы дене қырларының құрылысы жəне зат алмасу түрі популяцияның осы ортада тепетеңдігін сақтауға жағдай жасайды.

Аймақтық бейімделушілік типі ұлттық жəне ұлыстық ерекшеліктерге бағынбайды жəне өзі шеткі спецализация түрін көрсетпейді. Олар тек тенденция түрінде белгілі бір ортаға қолайлы өмір сүруге құрылымдық жəне функционалдық белгілерін ыңғайластырады. Бұл басқада экологиялық қуыстарда өмір сүруге кері əсерін тигізбейді. Десек те тенденция айқын білінеді-жоғарыда айтқандай белгілі бір жерге бейімделген түрдің басқа аймаққа орын ауыстыруы, көбіне, қауіпті (ағза белгілі бір экзогендік факторларға ғана бағытталған немесе дайын).

Популяцияда бейімделу ерекшеліктерінің түзілуінде, география лық аудандарда маңызы бар климаттық жəне ландшафттық факторлардың рөлін қарастырамыз. Кейбір морфологиялық белгілердің географиясы:

1. Дене ұзындығы. Ойкумен территориясында дене ұзынды ғының географиялық өзгергіштік диапазоны маңызды. Максималды жəне минималды орта топтар арасындағы айырмашылықтар ерлерде 40 см-ге дейін, ал əйелдерде 25 см-ге дейін құрайды. Африка халықтары дене ұзындықтары бойынша əртүрлі. Осы континентке тəн дене ұзындығының вариациясы тербелмелі болып келеді. Осы белгінің өзгергіштігі барлық ойкумен территорияларында кездеседі. Бірақ көптеген зерттелген африкалық топтар ұзынбойлылықпен ерекшеленеді, басқа құрлықта мұндай концентрация жоқ.

Ұзын бойлы халықтар Шығыс Суданнан нилот топтарындағы – нуэр жəне ануак (ерлердің орташа дене ұзындығы 185 жəне 177 см). Қысқа бойлы пигмеимбути Заирда кездеседі (ерлерде дене ұзындығы – 144 см, əйелдерде – 137 см). Ұзын бойлылар «ошағы» Индияның солтүстік-батысындағы Харьяна штатында байқалады (ерлердің орташа дене ұзындығы 169-170 см). Ойкуменнің Австралия жəне Океании елдерінен басқа бөліктерінде ұзын бойлы топтар заңды тұтас ареалдар түзбейді, ал біркелкі белдеудегі халықтар, соның ішінде Қазақстан халықтары үшін осы белгінің орташа жəне орташадан жоғары көрсеткіштері тəн.

Адамның дене ұзындығының географиялық өзгергіштігі бойынша Африкалық континентке тікелей қарсы тұрған, үнділер арасындағы Мексика, Гватемал, Венесуэла, Гвиан, Перу, Боливия, Аргентинадағы Орталық жəне Оңтүстік Америкада қысқа бойлы топтардың пайыздық көрсеткіштері өте жоғары. Орташадан кіші жəне кіші бойлы топтар Австралияда жəне Окаенияда тіршілік етеді. Қысқа бойлылар түрлі континенттерде кездеседі, бірақ тек экваториалді белдеуде. Суреттей отырып, осы жеке белгінің таралуы зонасының жоқ екендігін көріп отырмыз.

2. Дененің географиялық өзгергіштіктері туралы мəліметтер оның ұзындығының өзгеруіне қарағанда өте аз. Сонымен қатар, олар белгілі бір көріністі анықтауға мүмкіндік береді: біршама «ауыр» формалар тропиктік белдеулерде таралады. Тропиктің абориген топтары үшін белгілердің төмен мағыналары тəн (мысалы, Орталық Америка, Орталық Африка жəне Индия популяциялары). Ереже бойынша, бұл аймақтар қысқа бойлы ареалдармен сəйкес келеді, бірақ тропиктік белдеудің ұзын бойлы халықтары дене салмағының төмен болуымен сипатталады. Сонымен, барлық ойкумендер үшін солтүстіктен оңтүстікке қарай дене салмағының төмендеуі байқалады.

3. Рорердің үлкен салмақ индексі. Рорердің үлкен салмақ индексінің ауытқуларына үлкен қызығушылық тануда. Бұл белгі дене салмағының оның ұзындығына қатынасы болып табылады жəне дене тығыздығымен сипатталады. Бұрынғы Кеңес территориясында осы индекстің географиялық таралу аймақтары байқалған-біршама жоғарғы көрсеткіштер тропиктік ендіктерден тыс халықтар үшін тəн нəрсе, керісінше, Африка, Индия, Австралия жəне Океании территорияларында оның төменгі көрсеткіштері таралған. Басқаша айтқанда, тропиктік белдеуде жеңілдетілген формалары таралған, бірақ басқа жағдайларда кездеседі. Америка континентінің тұрғылықты халықтары дене бітімінінің тығыздылығымен ерекшеленеді. Экваторға жақын аймақтарда тұрғылықты халықтың дене тығыздылығының төмендігі байқалады.

4. Дененің үстіңгі беті. Бұл көрсеткіш дененің ұзындығына жəне массасына қарай есептеледі, сондықтан оның кеңістіктегі өзгергіштігі Рорердің индексінің сипаттамалармен сəйкес келеді. Бірақ оның зональды дефференциациясы мына жерде көрсетіледі: • Батыс жəне Оңтүстік жартышарларда дененің үстіңгі беті төмен; • Тропиктен тыс аймақтарға қарағанда тропикалық аймақтардағы дененің үстіңгі беті аса жоғары (1 кг салмаққа есептегенде):

5. Дененің тоталді бойлық жəне ендік пропорциялары. Жалпы дененің бойлық пропорциясы түрлі түсінік, аяқ пен қолдың ұзындықтарының дене ұзындықтарына шаққанда есептеледі (пайыздық көрсеткіште). Бұл мəлімет Бұрынғы Кеңес халықтарына, Австралия жəне Окения халықтарына тəн, ал Американың тұрғылықты халықтары үшін фрагментті болып табылады. Дененің бойлық пропорциясының географиялық өзгергіштік тенденциясы өте жақсы көрінеді. Тропиктік ендіктегі халықтарға қысқы денеге ұзын аяқты жəне ұзын қолды фондар тəн. Бұл тенденциялар америкалық континентте басым көрінеді.

Ендік пропорция бойынша адамзаттың географиялық дифференциациясы ұзына бойға қарағанда, өте аз байқалады. Шығыс жартышарда абсолютті жəне тікелей қаңқалардың бойлық бағытта кішіреюі көрінеді. Мысалы, Африка территориясында тар иықты жəне тар жамбасты топтар көп кездеседі. Америка континентінің тұрғылықты халықтарында мұндай заңдылықтар байқалмайды.

6. Көкірек клеткаларының құрылысы. Осы белгі бойынша мəлі — меттер бұрынғы Кеңес халықтарында байқалады. Көкірек клеткаларының бойлық жəне көлденең диаметрлері тропиктік топтарға тəн гранилизация бағытына сəйкес өзгереді, тропикалық зонада көкірек клеткасы көлденең бағытта кішірейіп, жалпақ болып келеді. Географиялық өзгерісте үш тотальді көрсеткіштерді–дене ұзындығын, салмағын жəне үстіңгі бетін көрсетуге болады: • Бұл белгілердің ауытқулары тропиктік аймақтардағы тұрғылықты халықтарға тəн; • Ұзын бойлылық популяциясы көбінесе тропикалық зонада байқалады; • Тропикте дененің үстіңгі беті жоғары «жеңіл» топтар кездеседі; Жалпы тенденцияны дененің үстіңгі бетінің өзгергіштігімен жəне көкірек клеткасының құрылысымен белгілеуге болады, тропи калық зонада долихоморфия жоғарылап, қаңқаның көлденең диаметрі азаяды. Сол сияқты, дененің тотальді мөлшері бойынша жəне оның жер шарының халқына байланысы географиялық түрде бөлінген.

Бейімделу типінің динамикасы жəне оның жануарлар əлеміндегі ұқсастығы. Географиялық орналасуына қарап бейімделу типі адамзат тарихының барша сатысында жүрген жəне түрлі популяциялар пайда болған сайын біздің түрлік ар-санамыз арта түскен деуге болады. Адамның бейімделушілік мүмкіндіктерінің пайда болған жері бізді өзінің биологиялық белгілерімен био алуантүрлігінің жиі өзгеруімен таңдандырып келетін тропикалық аймақ (немесе осыған жақын жерлер) деп болжауға барлық себептер бар. Бұл көпқырлылық үнемі планетамыздың экстрималды шеткі аймақтарына қарай тарылады. Солтүстікте бұл көрсеткіш нөлге дейін төмендейді, əсіресе, оңтүстік полюске қарай. Адамның тропикалық аймақтан шығуы қызықты, əрине. Мүмкін жаңа заман адамы да осы аймақта таралған болуы керек.

Біз бір ағаштың суретін салып, оның бұтақтануын популяциялардың орналасуы деп алуға болады. Ал бейімделу типін белгілі бір экологиялық жағдайдағы биологиялық жəне социалдық заңдылықтар спецификасы ретінде қабылдаймыз. Адамның бейімделу арқылы өзгерген қырларын климаттың жəне ландшафтылық жағдайларда түрлі жануарлардан да байқаған (жануарлардың экологиялық топтары). Арктикалық аймақты мекен ететін бауырымен жорғалаушылар оңтүстік бөліктегілерге қарағанда денесі кішірейген, жылуды аз береді жəне өзінде жоғары энергияны сақтайды. Екіншілеріне, керісінше, денесінің ұзын болуы, денесінің тығыз орналасуы жəне энергетикасы төмен болуы тəн. Осылайша XIX ғасырдың аяғында жасалған жануарлардың географиялық орындарына байланысты денесінің өзгеру заңдылықтарын кішігірім өзгертіп, адамдарға да қолдануға болады. • Бергман ережесіне сай жақын түрлер солтүстікте орналасқан, ал Грацийді түрлер оңтүстікке жақын. • Алленның ережесіне сай солтүстікте көбіне дене бітісі ұзын, ал аяқ бөлімі қысқарған, оңтүстікте ол керісінше. • Рубнердің ережесінде солтүстік жануарларының денесі оңтүстіктегілерге қарағанда, кішірек.

Ақыр соңы арктикалық жəне субарктикалық қосмекенділердің популяциясының энергетиканы аз қолданатыны, ал биік таулы түрлерде керісінше, бейімделушілік пассивті болатыны белгілі. Осы екі бейімделушіліктің екеуі де қазіргі заман адамына сай. Бұл белгілер көбінесе, арктикалық түрлерде (активті бейімделу) жəне биік таулы (пассивті бейімделу) көрінеді.

Авторлық сілтеме:
Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. Антропология: Оқулық. / Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011.– 288 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *