www.ikaz.info
Слайдтар тізімі

Қимақ қағанаты (СЛАЙД, ПРЕЗЕНТАЦИЯ)

954 рет қаралды

Тақырыпты зерттеу барысында слайд бөлімдерінде Қимақ қағанатының құрылу себебін, сыртқы саясатын, қимақтардың шаруашылығы мен мәдениетін талдаймыз. Қимақ қағанатының құрылуы. VІІІ-ІХ ғасырлар аралығында Солтүстік-Шығыс Қазақстан аумағында қимақ тайпалар одағы қалыптасты. Слайд түпнұсқасында Қимақтар туралы араб, парсы, түркі және қытай деректерінде айтылған. Осы деректер негізінде қимақтардың Батыс Монғолия даласында өмір сүргенін білеміз. Қимақтар ол жерден VII ғасырдың ортасында Алтай таулары мен Ертіс бойына көшті.

Қимақ қағанаты туралы слайд

Қимақ қағанаты туралы слайд

Тайпаның өз алдына бөлектенуі презентацияда көрсетілгендей Батыс Түрік қағанатының құлауы барысында 656 жылы іске асты. Қимақтар тайпасының басшысы шадтүтік лауазымын иеленді («билеуші көсем» дегенді білдіреді). VІІІ-ІХ ғасырлардағы оқиғалар барысында қимақ тайпалары Ертістен Жоңғар қақпасы аралығындағы аумаққа берік орнықты. Кейін батыста Жайыққа дейін жылжыды. VIII ғасырдың соңында қимақ бірлестігіне көптеген қыпшақ тайпалары енді.

Қимақтардың батысқа қоныс аударуына — жайылымдар қажеттілігі, Енисей қырғыздарымен қақтығыстар, Ұйғыр қағанатының қысымы ықпал етті. Слайдтың келесі бөлімі Қимақ қағанатының құрылуы IX ғасырдың ортасында аяқталды. 840 жылы Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін оған енген тайпалардың бір бөлігі қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалық одағының басшысы қаған лауазымын иеленді.

Қимақ қағанаты туралы жалпы мәлімет

Қимақ қағанаты туралы жалпы мәлімет

Қимақтардың мемлекеттік құрылымы. Қимақ қағанатының құрамына бірнеше тайпа енді. Олардың ішіндегі сан жағынан басымы қыпшақтар болды. Мемлекеттің орталығы Ертістің жоғарғы жағында орналасты. Қимақтардың қол астындағы барлық халық иеліктерге бөлінді. Шығыс Қазақстандағы қимақ кезеңінің ескі қорымдары оларда жерлеу салтының әртүрлі болғандығын көрсетеді. Мұның өзі қимақ одағына енген тайпалардың көн екенін дәлелдейді.

   Скачать / Жүктеу