ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы Германия

Қазіргі Герман Федералдық Республикасы 1949 жылы 7 қыркүйекте құрылған. 1910 жылы 3 қазанда екі неміс мемлекеті бірікті. ХХ ғасырдың соңында ГФР-сының экономикалық дамуы бәсеңдеді. Германияны біріктіруге көп еңбек еткен канцлер Г. Кольдің беделі түсе бастады. Мемлекеттік бюджет тапшылығы ұлғайды. Ірі өнеркәсіп орындары дағдарысқа ұшырап, 35 мың жұмысшы орнын қысқартуға мәжбүр болды. Жұмыссыздық 3,5 млн. адамға жетті. Г. Кольдің ішкі консерваторлық саясаты әлсіреді. Парламенттік сайлау алдында ХДС/ХСС үкіметінің беделінің түсуі, 1998 жыл жергілікті жердегі сайлауда ГСДП-сы жеңіске жете бастады. Төменгі Саксонияда социал-демократ партиясынан Герхард Шредер жеңіп канцлерге өз кандидатурасын ұсынды.

1998 жылы 27 қыркүйекте Бундестаг сайлауы өтті. Сайлауда 40% дауыс алып жеңіске жетті. ХДС/ХСС блогы 35% дауыс алып жеңіліс тапты. Жасылдар партиясы сайлауда 6,7% дауыс алып, ГСДП-мен біріккен үкімет құрды. Канцлері болып Г. Шредер сайланды. Сыртқы істер министрі болып «Жасылдар » партиясынан Иозаф Фишер тағайындалды. 1999 жылы мамырда президенттік сайлау болып, социал-демократ Иоханнес Рау жеңіске жетті.

Герхард Шредер 1998-2006 жылдар сайлау алдында берген уәдесіне тұру үшін, елдің экономикасын дағдарыстан шығару үшін реформалар жүргізді. 2002 жылы бундестаг арқылы мемлекеттік шығынды қысқарту, әлеуметтік салаларды кеңейту, жұмысшылардың жалақысын өсіру, жұмыссыздықты азайту шараларын жүргізді. Үкімет табиғи газға және ұсақ орта кәсіпкерлерге салық енгізді. Мемлекет — денсаулық сақтау және зейнеткерлерге бөлінетін бюджетті қысқартты. 2002-2005 жылдарда жылдық экономика өсімі 1-1,4%-дан аспады. ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарында ГФР-сындағы басты мәселенің бірі — эмигранттар мәселесі болды. Қазіргі кезеңде Германияда 7 млн. адам шетелден келгендер. Жылына 300-400 мың немістер өз отанына Ресей мен Қазақстаннан оралды. Сонымен қатар 3 млн. шамасында түріктер тұрады. Шетелден келгендермен жергілікті немістер арасында тыныштық пен келісімдерге қол жеткізілді.

ХХІ ғасырда ГФР айтарлықтай жеңістерге жетті, бірақ қиындықтарда туындап отырды. Герхард Шредер үкіметінің ішкі саясатын консерваторлар әр уақытта сынап отырды. Хрестиан демократиялық одақ (ХДС) партиясының төрағасы А. Меркель елде радикалдық реформаларды жүргізуге, модернизациялау арқылы консерваторлық құндылықты жетілдіру керек екенін айтып отырды. Консерваторлық, оппозициялық басшы ретінде парламенттегі ХДС/ХСС басшысы Э. Штойберді қатты сынға алды. Осылайша А. Меркель бундестагтағы ХДС/ХСС партиясының төрағасы болып тағайындалды. Осы кезден бастап А. Меркель Германияның канцлеріне лайықты адам ретінде анықтала бастады.

Социал-демократиялық үкімет елді әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығара алмады. Соның қарсаңында жұмыссыздық 5 млн. адамға жақындады. Салық мөлшері 28,5%-дан 40 %-ға өсті. Жергілікті неміс жеріндегі мандат сайлауында социал-демократтар жеңіліс тапты. 2006 жылы қыркүйек айында ГФР-сының бундестагінде сайлау өтті. Сайлауда Христиан Демократиялық Одақ партиясы жеңіске жетті. ГФР-сының канцлері болып А. Меркель (2006-2013жж) сайланды.

Қазіргі кезде Германияның экономикалық даму қарқыны жоғарғы деңгейде. 2006-2009 жылдарда ішкі өнімнің жылдық өсімі 4,5%, жұмыссыздық деңгейі 4%, инфляция — 1,8% болды. Жан басына шаққанда ішкі өнім — 35 мың доллар. ГФР өнеркәсіп өнімдерін шығарудан дүниежүзінде (АҚШ және Жапониядан кейін) 3-ші орын. Еуропалық Одақтағы үлесі — 30%-ды құрайды.

Сыртқы саясаты

Герман Федеративтік Республикасының саясаты екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ үкіметінің «қырғи-қабақ» соғыс саясатында стртегиялық серіктесі болды. ХХ ғасырдың 90-жылдарында социалистік жүйенің күйреуі «екі полюстік» саясат «көп полюстік» саясатқа көшті, «қырғи-қабақ» соғыс саясаты аяқталды.

ХХ ғасырда АҚШ үкіметі өзінің әлемдік билік саясатын жалғастырды. Германия АҚШ-тың Еуропадағы негізгі серіктесі болып қала берді. Халықаралық қатынастағы жағдайларды бәсеңдетуге ат салысып отырды. 2001 жылы 11 қыркүйектегі Халықаралық терроризм Нью-Иорктегі терор кезінде Германия үкіметі АҚШ-ты қолдады. 2003 жылы АҚШ-тың Ирактағы Саддам Хусейнге қарсы агрессиясын қолдамады. АҚШ-тың саясатына қарсы Франция, Ресей және Германия блогы құрылып қарсы болды. Шредер үкіметі көп полюстық саясаттың қалыптасуы үшін күрес жүргізді.

Халықаралық терроризмге қарсы бірігіп күресуді қолдау үшін 1994 жылы Германияның конституциялық соты шет аймақтарды соғыс қимылдарына қатысуға шешім қабылдады. А. Меркель үкіметі АҚШ-тың Ауғанстандағы талибтерге қарсы күресін қолдап, әскерлерін жіберді.

Германия — Ресей қарым-қатынастары бір қалыпты стратегиялық серіктестік бағытта дамып келеді.

Германия үкіметінің сыртқы саясатындағы басты мақсат БҰҰ- ның қауіпсіздік ұйымының тұрақты мүшелігіне кіруіне мүдделі болып отыр. ГФР-сы 1955 жылдан Солтүстіе Атлантикалық Альянс (НАТО) ұйымының мүшесі Германия Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) жұмыстарына белсенді қатысып келеді. Еуропалық одақ ұйым елдеріндегі дағдарыстан шығу жолында ГФР канцлері А. Меркель Грекия, Испания, Португалия және Кипр елдеріне донорлық көмек көрсетіп отыр. Германия Орталық Азиядағы сенімді серіктестігі ретінде Қазақстанды қолдап келеді.

Қазақстан-Германия қарым-қатынастары

1991 жылы 31 желтоқсанда ГФР-сы Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады. 1992 жылы 11 ақпанда екі ел арасында елшілік орнады. 1992 жылы ГФР-сының Алматы қаласында елшілігі ашылды. 1998 жылы аталмыш елшілік Астана қаласына көшті. 1993 жылы қыркүйек айында Бонн қаласында, одан кейін Берлинге ауысты. 2007 жылы 11 қазанда Германияның ҚР-сындағы елшісі Роинер Шлагетер болды. 2005-2008 жылдар ҚР-сының Германиядағы елшісі Қайрат Сарыбаев. 2008 жылы 12-наурыздан Онжанов Нұрлан Баймолданұлы қызмет атқарады.

Саяси байланыстар

1992-2007 жылдарда ҚР тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев Германияға 6 рет ресми сапармен барды. 2003 жылы желтоқсан айының ГФР-сының канцлері Г. Шредер ресми сапарымен Астана қаласына келді.

2004 жылы 17-20 сәуірде және 2007 жылы 30 қаңтар — 1 ақпан аралығында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев ресми сапармен ГФР барды. Кездесулердің барысында ГФР Президенті және ГФР- сының канцлері А. Меркельмен келіссөздер жүргізілді. 2009 жылы Германияда Қазақстан күндерін, 2010 жыл Қазақстанда Германияның күндерін өткізуге келісті. Сонымен қатар экономик- сауда, инновациялық және мәдени байланыстарды дамытуға келісті.

Германия Қазақстанның Орта Азия аймағындағы басты серіктестігі екенін мойындады. 2010 жылы 1-3 желтоқсанда Астана қаласында Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымының саммиті жұмысына ГФР-сы канцлері А. Меркель қатысты.

Екі ел арасындағы саяси байланыстардың басты кілті Қазақстандағы тұрып жатқан неміс халқының диаспоры болып келеді. Бұрынғы кезеңде 900 мың немістер тұрған болса, қазіргі уақытта 300 мың неміс диаспорасы тұрып жатыр, екі ел арасындағы көпір болып саналады.

Сауда — экономикалық ынтымақтастық. Герман Федеративтік Республикасы Қазақстанның басты сауда серіктестігі. 2005 жылғы мәлімет бойынша екі ел арасындағы сауда айналымы 1781,6 млн. доллар. Оның ішінде Қазақстан экспорты — 408,9 млн. доллар, импорт -1300,7 млн. доллар Германияның Қазақстан экономикасына салған. Инвестиция көлемі-3,3 млрд. доллар. Инвестиция көлемі жағынан АҚШ Ұлыбританиядан кейінгі 3- орын алады.

Қазіргі кезеңде Қазақстанда Германияның 145 неміс банкі мен фирмалары жұмыс істейді. Олар: «Дойче банк», «Комерцбанк», «Сименс АГ «, «Басф», «Мерседес Бенц», «Люфтганза» және «Хехст». Қазақстан-Германия біріккен кәсіпорындары жұмыс істейді. Германияның «Гермес» компаниясы Қазақстанға технологиялық көмек көрсетіп келеді. Мысалы: Арал теңіз маңындағы ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз етуге. 1997 жылы Семей полигонының зардаптарын жою үшін «Гермес» 63,6 млн. евро кредит берген. Германияның 30 неміс кампаниялары Қазақстанға әртүрлі құрал-саймандар, мұнай, газ және химия салаларына жеткізіп отыр. Германиядан Қазақстанға автомобиль, электрондық құралдар, медециналық дәрі-дәрмектер әкелінсе, Қазақстан Германияға мұнай, энергетикалық ресурстар, металл және химиялық шикізаттар жөнелтіп келеді.

2009 жылы 7-9 қыркүйек аралығында Германияда «Еуропаға жол» атты экономикалық форум өтті. Екі ел арасында 9 коммерциялық келісімдерге қол қойылды. 2009 жылы 3-ақпан күні ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Германияға ресми сапармен барғанда инновациялық-инвестициялық серіктестік туралы бірлескен келісімдерге қол қойылды.

Көлік саласындағы ынтымақтастық

«Қазақстан темір жолы» мен Германияның «Сименс АГ » компаниясы арасында байланыстар дамып келеді. «Сименс АГ » Қазақстанда темір жол бойындағы басқару жүйесі компьютерлендіруге, локоматив паркін модернизациялау және Астана Халақаралық аэро портын қайтадан құруға ат салысып келеді. Батыс-Қытай Еуропа автомобиль жолдарын салуға германияның «Вилли Бетц» фирмасы жұмыс істейді. Телеком саласында байланыстар дамып келеді. 2003 жылы желтоқсан айында «Қазақтелеком» және «Сименс АГ» арасында коммутациялық құрал-жабдықтар әкелуге қол қойылды. Мұнай және газ саласындағы байланыстарды жаңа мобильдік аппараттармен жабдықтау, ұлттық-ақпараттық супермагистрал жүйесін құруға көмектесуде.

Қазақстан ауыл шаруашылығына қажетті техникалармен қамтамасыз ету үшін Германияның «Клаас» компаниясы комбайн құрастыру, «Дойтче» фирмасы дизель моторларын шығаруға, «Тройханф» ауыл шаруашылығында өндіру және өңдеу саласында көмектесуде.

Қазақстанның жеке аймақтары мен неміс федералдық жерлерімен ынтымақтастық жалғасуда. Мысалы: «Қазақстан — Төменгі Саксония», «Бавария» арасында инвестиция конференциялар, «Астана Инвест-2003» көрмесі және Бавария экономикасы атты конференциялар өтті. 2004 жылы 4-10 қыркүйекте Қазақстанға Төменгі Саксония үкіметінің орынбасары В. Хирхе, мемлекеттік хатшысы Р. Хазелоффе ресми сапармен келіп, екі жақты келісімдерге қол қойылды.

Герман Федеративтік Республикасы Қазақстанға «Тасис» бағдарламасы бойынша 3,5 млрд. евро бөлді. Сонымен қатар Қазақстан экономикасының дамуына көмек ретінде жеңілдетілген 110 млн. евро көлемінде кредиттер берді. Техникалық құралдарды жетілдіру үшін 3,5 млн. евро қаржы көмек көрсетіп келеді. Екі елдің арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін 1993 жылдан бері үкімет аралық сауда-экономикалық комиссия жұмыс істеп келеді.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Екі ел арасындағы байланыстар дамып келеді. 1994 жылы 16- желтоқсанда Алматы қаласында мәдени саласындағы келісімдерге қол қойылды. Үкімет аралық бірлескен комиссия құрылып жұмыс істеп келеді. Алматы қаласында Гете атындағы қазақ-герман университеті, 1994-2002 жылдарда «Болашақ» бағдарламасы бойынша ГФР-сында 150 стипендиат білім алуда. 2003 жылы желтоқсан айында ҚР білім және ғылым министрлігі және ГФР сыртқы істер министрлігі арасында ғылым, білім беру салаларын кеңейту туралы мемарандумға қол қойылды.

1995 жылдан бері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Тарих факультеті, Дүниежүзі тарихы кафедрасының меңгерушісі, профессор Қ. Т. Жұмағұлов Германияның Геттинген университетімен тығыз ғылыми-зерттеу салаларында байланыстарды дамытып келеді. Профессор Қ. Т. Жұмағұлов Германия университеттеріне грант арқылы барып, дәріс оқып жүр. 2009 жылы Тюбинген университетінің профессоры М. Майер тарих факультетіне келіп, дәріс оқып, «Дүниежүзі тарихы» кафедрасының PhD докторанттарына ғылыми жетекшілік жасайды. 2010 жылы кафедраның 2 PhD докторанты Германияның университеттерінде стажировкалық курста болып қайтты.

Қазіргі кезеңде Қазақстанның ақпараттық-бұқаралық салалары ынтымақтастықта дамуда. Қазақстанның 2 телерадио компаниясы «Неміс толқыны» (Немецкий волна) бағдарламасы арасында тығыз байланыста болып, неміс тіліндегі хабарларды таратуда. Қазақ радиосында неміс тілінде арнайы хабарлар таратылады. 1996 жылдан бастап Қазақстанда Германияның Фридрих Эберт және Конради Аденауэр қоры жұмыс істейді.

Авторлық сілтеме:
Мәшімбаев С. М. Еуропа және солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж), Алматы, 2014 ж.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *