ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы Чехия

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы Чехияның саяси-экономикалық дамуы. 1989 жылы 17 қарашада Прага қаласында революция басталды. Чехословакия революциясы «Бархат» деп аталды. Революция кезінде ешқандай қақтығыстар болмады. Басты талаптары: коммунистік партия басшыларының биліктен кетуін, тоталитарлық қоғамнан демократияға өтуге жол ашу болды. Демократиялық оппозиция «Азаматтық форум» және «Хартия-77» қоғамдық ұйымдар басшылық жасады. Коммунистер өз еркімен биліктен кетуге мәжбүр болды. 1969-1989 жылдарда ЧКП-ның бас хатшсы болған Густав Гусак басшылықтан кетті.

1989 жылы 29 желтоқсанда Вацлав Гавел президент болып сайланды. 1968-1969 жылдардағы «Прага көктемі» қозғалысын басқарған Александр Дубчек — үкімет басшысы болып тағайындалды. 1989-1992 жылдарда Чехословакияда әлеуметтік- экономикалық реформалар жүргізіліп, нарықтық экономика мен демократия жеңіске жетті.

1993 жылы Чехословакия екіге бөлініп, Орталық Еуропада Чехия Республикасы құрылды. Бұл Еуропа елдеріндегі «ең үздік өркениетті ажырасу болды», — деп бағаланды. 2003 жылы маусымда Вацлав Гавелдің президенттік мерзімі аяқталды. 2003 жылы қыркүйекте Чехия парламенті жаңа президентті сайлады. Ал Азаматтық демократиялық партия басшысы — Вацлав Клаус президент болып сайланды.

Чехия Республикасының экономикалық қайт құру реформасының авторы елдің Президенті В. Клаус болды. Экономиканы нарықтық жолға түсіру үшін жекешелендіру, бағаны еркіне жіберу шараларын жүргізді. Стратегиялық басты бағыт Еуропаға қайтып оралу екенін ашық жүргізді. Жаңа ғасырда Чехия Республикасының әлеуметтік-экономикалық қайта құруда тұрақты бір қалыпта дамып келеді. 1999 жылы Чехия Республикасы Солтүстік Атлантикалық Альянс ұйымына (НАТО) мүше болды. 2005 жылы 1 қаңтардан бері Чехия Еуропалық Одақтың толық мүшесі болып келеді.

Қазіргі Чехия Республикасы дамыған өндірісті-инновациялық мемлекет. Өнеркәсіптің салалары отын-энергетикалық, машина жасау, электро-техникалық, химия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп жедел дамып келеді. Ауыл шаруашылығы кооперациялық жолымен дамып келеді. Азық-түлік қауіпсіздігін толық қамтамысыз етіп отырған елдің бірі. Чехия Республикасы қазіргі кезеңде дүние жүзілік қауымдастықтың толық мүшесі болды. Халықаралық ұйымдар БҰҰ, ЕЫҚҰ, Еуропалық кеңесінің қызметтеріне белсенді қатысып келеді.

2005 жылы Чехия Республикасының ұлттық ішкі өнім көлемі — 122,3 млрд. доллар. Адам басына шаққанда 12 мың доллардан келеді. Инфляция — 1,3%.

ХХІ ғасырдың басында Чехия Республикасы саяси- экономикалық дамуда, реформалық кезеңде айтарлықтай табыстарға жетті. Экономикалық даму қарқыны жоғарғы деңгейде жүргізіліп Еуропалық Одақ елдері деңгейіне жетті. Нарықтық экономикаға өту кезеңі аяқталды. Бұл жетістіктерге жетуде айтарлықтай үлес қосқан Чехословакия Президенті В. Говелдің жүргізген саясатының орны ерекше болды.

2002 жылы маусымда парламент сайлауында социал- демократиялық партиясы жеңіске жетті. Сайлаудан кейін біріккен үкімет құрылды. Үкімет құрамына Еркін уния (УС) және христиан-демократиялық партиялары парламентте 200 депутаттық орынның 101 депутаттық орынды жеңіп алды. Сайлауда оңшыл центристер азаматтық-демократия партиясы (ГДП) сайлауда 24% дауыс алып оппозицияда болды. Чехия Республикасы кезеңі президенттік сайлауға дайындық жұмыстарына кірісті. Чехия Республикасының Президенті В. Гавелдің мерзімі 2003 жылы аяқталуы керек еді.

В. Гавел сайлау қарсаңында Чех үкіметінің алдағы міндеттері туралы ресми-мәлімдеме жасады. Біріншіден, елде әлеуметтік- экономикалық реформа аяқталды, Еуропалық Одақ ұйымына мүше болуға дайындық жүргізу; екіншіден, елдегі шешілмеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді саяси келісімдер арқылы сайлауға дейін шешілуі қажет; үшіншіден, президенттік сайлауға дайындық болуы керек, — деді.

2003 жылы қаңтар айында Чехия Президенті В. Гавелдің денсаулығына байланысты президенттікке үміткерліктен өз еркімен бас тартты. Президенттік сайлауға үміткер ретінде солшыл центристерден жоғарғы палатаның төрағасы Петр Питгарт, оңшыл центристерден үміткер «Азаматтық Демократия» партиясынан, бұрынғы премьер-министр, Чех реформасының авторы Вацлов Клаус ұсынылды. Чех Республикасында президентті парламенттің қос палатасында сайланады. 2003 жылы сәуір айында Чех парламенті В. Клаусты президент етіп сайлады. Оңшыл центристердің жеңісі — болашақта әлеуметтік-экономикалық реформаға және Еуропалық Одақ ұйымымен интеграциялауды жүргізе алады деген сенімді міндеттеді.

Жаңа президент пен үкімет алдында әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу барысында, Чех тарихында сегіз жүз жыл болмаған табиғат апаты сын болды.

2003 жылы тамыз айында Влтава өзенінде су тасқыны болып, жазықтықтағы елді-мекен түгелдей су астында қалды. Табиғат апатынан Чехияда бірнеше мың адамдар мен ауыл шаруашылық алқаптары зардап шекті. Чех Республикасына Еуропалық Одақ елдері қаржы-ақшалай көмек көрсетті. Жаңа үкімет — су тасқынынан болған зардаптарды тез қалпына келтіріп, ешқандай қыйындықсыз шыға алды.

Сыртқы саясаты. Чех Республикасының сыртқы саясатының басты міндеті Солтүстік Атлантикалық Альянс ұйымына (НАТО) кіру болды. 1999 жылы Чехия НАТО ұйымының толық мүшесі болды. НАТО ұйымының «бейбітшілік жолындағы серіктесті» доктринасына қосылды. НАТО ұйымы Чехия қарулы күштерін қайтадан құруға көмектесті. Альянс Чехияға қару-жарақты жаңарту үшін 135 млн. доллар дотация бөліп отырды.

Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат — Еуропалық Одақ ұйымына мүше болып, Еуропалық интеграцияға жол ашу болды. Бұл үшін Чехия үкіметі заңнамаларын реформалап өзгерістер еңгізуі қажет болды. Социал-демократ үкіметі инфляцияға қарсы шаралар жүргізіп, жұмыссыздықты азайту, ішкі рынокты тұрақтандыру саясатын жүргізіп, 2005 жылы 1 қаңтарда Чехия Еуропалық Одақ ұйымына мүшелікке қабылданды.

Чехия — Ресей қарым-қатынастарын жаңаша дамыту үшін, екі елдер арасындағы шешілмей келе жатқан мәселелерді қайтадан қарау қажет болды. Басты мәселе Ресейдің Чехияға 3,6 млрд. доллар қарызын өтеу болды. 2001 жылы Ресей Федерациясының премьер-министрі М. Касьянов Чехияға ресми сапарымен барып, Прагада «Ямбург» келісіміне қол қойылды. Екі ел арасындағы қарыздың 2,5 млрд. долларын кешірді.

2003 жылы қараша айында Чехия Президенті В. Клаус Мәскеуге келіп, Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путинмен кездесті. Екі елдер арасында сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту туралы келісімдерге қол қойды.

Екі ел арасындағы сауда айналымы 2,4 млрд. долларға жетті. Қазіргі кезде Чехия және Ресей арасындағы саяси қарым- қатынастар бірқалыпты жолмен жүріп келеді.

Қазақстан — Чехия қарым-қатынастары. Екі елдің арасындағы елшілік қарым-қатынастар 1993 жылы 1-қаңтарда орнады. 1995 жылы наурыз айында Чехия Республикасының сыртқы істер министрі И. Зиеленец Қазақстанға келді. 1996 жылы қазан айында Қазақстан Республикасының премьер-министрі А. Кажегельдин ресми сапарымен Чехия Республикасына барды. Кездесулердің барысында Чехия Республикасының Президенті Вацлав Гавел және премьер-министрі Вацлав Клауспен жолықты.

1997 жылы қараша айында Қазақстан Республикасының мәжіліс палатасының төрағасы М. Оспанов Чехия Республикасына ресми сапармен барды. Сапардың барысында Чехия Республикасы парламентінің төрағасы Й. Земанмен кездесті. 1999 жылы сәуір айында Чехия Республикасы парламентінің төрағасы Й. Земан Қазақстанға ресми сапармен келді.

Екі елдің арасындағы саяси байланыстардың жаңа кезеңі 1999 жылы 23 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Чехия Республикасына ресми сапарымен баруы болды. Н. Ә. Назарбаев сапар барысында Чехия Республикасы Президенті В. Гавелмен кездесті. 2004 жылы 8-9 қыркүйекте Қазақстанға ресми сапармен ЧР Президенті В. Клаус келді. Екі елдер арасында экономикалық, инвеститциялық және ынтымақтастық Декларациясына қол қойылды.

2006 жылы қыркүйек айында ЧР Президенті В. Клаус екінші рет Қазақстанға ресми сапармен келді. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев пен ЧР-сы Президенті В. Клаус Алматы қаласына келіп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-іне келіп, профессорлар мен студенттер алдында Чехия экономикасын реформалаудың авторы ретінде дәріс оқыды.

2006 жылы шілде айында Қазақстанның Чехия Республикасындағы елшісі Шәріп Омаровты тұңғыш Президенті В. Гавел қабылдады. Қабылдаудың барысында екі ел арасындағы қарым-қатынастардың келешегі туралы әңгіме қозғады. 2008 жылы 30 қазанда Прага қаласында ҚР-сы сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай және ЧР-сы сыртқы істер министрі арасында келіссөздер болды. 2009 жылы 12-13 ақпанда Қазақстанға Чехия Республикасының премьер-министрі және Еуропалық Кеңес төрағасы Мирек Тополонек ресми сапармен келді. Кездесулердің барысында Қазақстанның 2010 жылы ЕЫҚҰ төрағалық қызметін қолдайтынын айтты. Қазақстанның Орта Азия аймағындағы рөлі және Н. Ә. Назарбаевтың «Еуропаға жол» бағдарламасы Еуропалық Одақ елдері мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың біоде-бір анықтаушы жол екенін атап айтты.

Екі елдер арасындағы экономикалық және инвеститциялық ынтымақтастықтың бастауы 1992 жылы 19 маусымда «Чехия және Словакия — Қазақстан арасындағы экономикалық және ғылыми- техникалық туралы» келісімдер болды. 1993 жылы 13 қыркүйекте «Қазақстан мен Чехия арасындағы сыртқы сауда және өнеркәсіп министрлері ынтымақтастық» хаттамаға қол қойылды.

Қазақстан мен Чехия республикалары арасындағы сауда айналымы, 1993 жылы 48,8 млн. доллар болса, 2004 жылы 173 млн. доллар, ал 2009 жылы 900 млн. доллар болды. Қазақстан экспорты: мұнай өнімдері, тыңайтқыштар, фосфор, хром, тері шикі заты, мақта және астық өнімдері бар. Чехия Қазақстанға энергетика, аяқ киім және тері өнімдері, тепловоз, автомобиль, троллейбус, дайын аяқ киім, әйнек, жиһаз, дәрі-дәрмек т. б.

Қазақстанда бірлескен Чехияның 30 кәсіпорыны мен 16 чех фирмасы жұмыс істейді. Олар: «Казпромставба» (мұнай өнімдерін өңдеу), «КазМясоМолСервис» (сүт-ет өнімдерін өңдеу), «Мерей» (құрылыс және жиһаз), «Карина», «Синекс», «Хоцень» (тоңазытқыштар), «Шкода экспорт», «Хемапол» (дәрі-дәрмектер).

2007 жылы қазақ-чех келісімдері барысында Алматы-Астана темір жол жүйесін модернизациялау жұмысы, Алматы қаласында «Шкода экспорт» компаниясы троллейбус және тромвай құрастыруға келісті. Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы «Азия-Авто» автомобиль құрастыру заводына Чехияның «Шкода» автомобилін құрастыруға келісіп, 2015 жылы

120 мың дана шығару жөнінде келісім шартқа қол қойылды. Қазақстан-Чехия арасындағы экономикалық-инновациялық ынтымақтастықтың кепілі екі ел арасындағы үкіметаралық комиссия жұмыстарынан көруге болады. Бірінші отырысы 1999 жылы 1-сәуірде Прага қаласында, 2000 жылы сәуір айында Астана қаласында өтті.

Қазақстан және Чехия Республикалары арасындағы мәдениет, білім және ғылым салаларындағы байланыстар туралы келісімге 1993 жылы 13 қыркүйекте қол қойылды. 1999 жылы Прага қаласында 26 Қазақстан суретшілерінің еңбектерінің көрмесі өтті. 2004 жылы Қазақстандағы Чехия Республикасының елшілігі Қазақстандағы Чехия күнін өткізсе, ЧР-сындағы Қазақстан елшілігі Наурыз мейрамына сәйкес кинофестивальдер мен Қазақстан туралы көрмелер өткізді. 2007 жылы 10 наурызда Праганың «Дворжак» концерт залында Қазақстан Халық әртісі Айман Мусаходжаева бірлескен концерт берді.

Екі ел арасындағы білім және ғылым саласындағы байланыстар жыл санап кеңейіп келеді. 2005 жылы ҚР білім министрлігі мен Чехия жоғарғы оқу орындары арасындағы студенттер алмасу туралы келіссөздерге қол қойылды. Чехияның байырғы жоғарғы оқу орыны Прага университеті және Бруно Карлов, Либерц техникалық университеттерінде Қазақстандық 180 студент және «Болашақ» степендиясымен 35 студент, барлығы 800 студент Чехия Республикасында білім алуда.

Чехияның Химия — Технологиялық университеті мен Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті мен Қазақ аграрлық университеттері тығыз байланыстарды жалғастыруда. Пардубиц және Прага экономика университеттерінде қазақ студенттерінің 32% білім алуда. Чехия ғалымдарының қолдауымен инновациялық және технопарктер Алматы, Қарағанды және Орал қалаларында жұмыс істеуде.

Екі елдер арасындағы елшілік қатынастың орнағанына 20 жылдық қарсаңында 2013 жылы мамыр айында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Чехия Республикасына алғашқы рет ресми сапарымен барды. Екі ел арасында сауда-экономикалық, инвеститциялық келісімдерге қол қойылды. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев пен Чехия Республикасының Президенті В. Клаус кездесті. Екі елдер арасында сауда айналымы 800 млн. долларға жетті. Болашақта 1 млрд. долларға жеткізуге келісті. Чехия бизнестерін Қазақстан экономикасына инвеститция салуға шақырды. Қазіргі уақытта Қазақстанда 20 чех компаниясы жұмыс істеп келеді. 76 бірлескен Қазақстан-Чех өндіріс орындары жұмыс жасап жатыр.

Мемлекетаралық келісімдер барысында Чехия Қазақстаннан мұнай-газ, сары фосфор, химия өндірісіне қажетті шикі зат және металдар, Қазақстан Чехиядан әртүрлі құралдар, электро- құрамдары, фармацевтік, жиһаз, шыны, хрустальдар алынды. Чехия Қазақстан үшін Еуропалық Одақ елдерімен байланыстарда басты серіктестігі болып келеді.

Авторлық сілтеме:
Мәшімбаев С. М. Еуропа және солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж), Алматы, 2014 ж.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *