ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы АҚШ

ХХ ғасырдың соңында АҚШ-та екі партиялық жүйе қызмет атқарады. Демократиялық партия 1828 жылы және Республикалық партия 1854 жылы құрылды. АҚШ-тың кәсіподақ ұйымы — Кәсіподақ бірлестігі Конгресс — АФТ — КПП. (Америка еңбек федерациясы — саяси прогрестік конфдереция). Америка еңбек конфедерация АФТ-да 99 кәсіподақ жұмысшы және қызметкерлер ұйымдары бар. 14 млн. адам кәсіподақ ұйымына мүше. 2005 жылы ішкі өнім мөлшері 12,37 трлн. доллар. Мемлекеттік қарыз көлемі 8,176 трлн. доллар. Экспорт 927,5 млрд. доллар, Импорт 1727 млрд. доллар. Жұмыссыздық 5% жұмыс істейтін халықтың үлесі.

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы. 1992 жылы қарашада АҚШ-та кезекті президент сайлауы өтті. Сайлауда Демократиялық партиядан үміткер Билл Клинтон жеңіске жетті. Сайлаушылардың 370 дауысына ие болды. Республикалық партиядан түскен үміткер Дж. Буш 168 дауыс алып, жеңіліске ұшырады. Билл Клинтон (1992-2000) АҚШ-тың 42 — Президенті болды. Демократиялық партияның сайлауда жеңіске жетуіне, сайлау алдындағы әлеуметтік бағдарламасы сайлаушылардың қолдауына ие болды. 1993 жылы Клинтон әкімшілігі конгресс арқылы әлеуметтік заңдарды бекітті. Жалпыға бірдей дәрігерлік қамсыздандыру жүйесін енгізу болды. Кіші және орта кәсіпкерлерге салық жеңілдіктері қарастырылды. Жоғарғы оқу орындарына және жұмыссыздарға төленетін көмектің мерзімін ұзартуға реформалар жүргізді. Төрт жылда АҚШ-та 500 мың жаңадан жұмыс орнын ашуға уәде берді. Әлеуметтік салаларға мемлекеттік бюджеттен 6 млрд. доллар бөлінді. 1996 жылы қараша айында президенттік сайлау өтті. Демократиялық партиядан үміткер Б. Клинтон 379 дауыс алып жеңіске жетті.

Демократиялық партияның соғыстан кейінгі Ф. Рузвельттен кейінгі екі кезеңге жеңіске жетуі. Б. Клинтонның екінші кезеңінің ерекшелігі АҚШ-тың конгрессіндегі Сенат және уәкілдер палатасына көпшілік республикалық партия депутаттары болды. Бұл демократиялық партияның әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыруға басты кедергі болды. Б. Клинтон әкімшілігі қиындықтарға қарамастан ішкі саясатта айтарлықтай шаралар жүргізді. Америка қоғамындағы жоғарғы деңгейдегі жаңа технологияның өндіріске енгізілуі, өндірістің артуына әкелді. Ғылыми-техникалық прогресс жаңа мамандарды көбейтуге әкелді. Шетелдердегі жоғары білімді мамандар көтеп тартылды. ХХІ ғасырдың басында АҚШ-тың экономикалық дамуы жоғарғы деңгейде болды. Соңғы он жылдықта 20 млн. адам жаңа жұмыс орынын тапты. Дүние жүзілік ішкі өнімнің 21% АҚШ-тың үлесіне тиді. Бұл АҚШ-тың соғыс шығын мөлшері 300 млрд. долларға жетті. Мемлекеттік дифицит азайды. Америкалықтардың 1 сағатқа асатын ақысы — 5,5 долларға өсті. Ішкі ұлттық өнім өсімі 3%-дан 4% болды. Ақпараттық қоғамның дамуы. 40 млн америкалықтар интернет қызметін пайдаланды. Американдықтардың 66% өздерінің жеке үйлерінде тұрып жатты. АҚШ Президентінің әкімшілігі әлеуметтік салаларға айтарлықтай көңіл бөлді. 80 млн. американдықтар мемлекеттік қамсыздандырудан көмек алып отырды. Әлеуметтік бағдарламаға мемлекеттік бюджеттен 1 трлн доллар бөлінді. АҚШ-тың экономикалық дамуында жетістіктерге қол жеткізгенімен, көптеген салаларда әсіресе банк бизнесінде дағдарыс көп болды. Б. Клинтонның жеке басындағы беймаральдық оқиға «Моникагейт» ісі президенттің беделінің түсуіне әкелді.

2000 жылғы президенттік сайлау. Президенттік сайлау 7- қарашада басталды. Сайлауға республикалық партиядан бұрынғы президент Буштың баласы, техастан Дж Буш түсті. Демократиялық партиядан А. Гор үміткер болды. АҚШ-тың тарихында ең ұзаққа созылған сайлау науқаны болды. Екі үміткерде тең келді. 13- желтоқсанда АҚШ-тың жоғарғы соты «Буш және Гор» ісін қарады. Флорида штатының Жоғарғы соты сайлау бюллетендерін есептеуде қателік жіберіп, конституцияға қарсы деп таныды. Жоғарғы сотта бұл істі қарап, 5 адам Бушты қолдап, 4 адам Горды қолдады. Осылайша республикалық партиядан үміткер Д. Буш АҚШ-тың 42-Президенті (2000-2008жж) болды. Д. Буштың әкімшілігі. Ішкі саясатта неоконсерватизм концепциясын жүргізді. Оның басты идеясы қоғамдағы жеке адам ролін көтеру «кім жұмыс істесе, қоғамда өз орнын табу керек» адамдар мемлекетке қызмет істеу керек, мемлекет кедейлерге көмектесуі қажет делінген. Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін Буш арнайы комиссия тұрды.

Арнаулы заңдар қабылданып, әлеуметтік көмек мемлекет арқылы жүргізілді. Ірі капитал иелерінің табысына салықты азайтып, кәсіпкерлерге жеңілдіктер жасады. Консерваторлық ішкі саясаттағы бағдарламаны іске асыру басталған кезде, 2001 жылы 11 қыркүйекте лаңкестер азаматтық ұшақтарды қолға түсіріп, Нью-Йорк қаласындағы американдықтардың мақтанышы болған «егіз екі биік» үйге шабуыл жасалды. Бұл үйде дүниежүзілік сауда орталығы орналасқан еді. Сонымен қатар лаңкестер АҚШ-тың Пентагон үйіне де шабуыл жасады. Бұл күн АҚШ тарихындағы ең қайғылы күнге айналды. Ұлттық аза тұту күні болып белгіленді. Террорлық шабуылдан 3,5 мың адам көз жұмды. Барлық шығын 50 млрд. доллар болды. 2001 жылғы 11 қыркүйектен кейін, Д. Буш әкімшілігі елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндеттерінің бірі болды.

Ұлттық қауіпсіздік концепциясын қайтадан қарап, «Біртұтас басшылық жоспарын» қабылдады. Әскери басшылықты қайта құру, стратегиялық жедел көмек көрсету құралдарын жетілдіруге көңіл бөлді. Сонымен қатар АҚШ-тың конгресі ішкі қауіпсіздік Департамент мекемесін құрып, барлық ішкі қауіпсіздік терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы қызмет жүктелді. Халықаралық терроризмге қарсы тұру үшін әскери бюджет мөлшерін 393 млрд. Долларға көбейтті. Д. Буштың президенттік екінші кезеңінде АҚШ экономикасы дағдарысты басынан өткізді. Реформа жүргізу қосымша қаражатты қажет етті. Мемлекеттік бюджет дефициті 255 млрд. долларға жетті. 2006-2007 жылдарда АҚШ-та қаржы саласында ипотекалық кредит жүйесі дағдарысқа ұшырап, көптеген адамдар үйлерін қайтара алмай, қарыздарына өз мүліктерін салып, тұрмыс жағдайлары төмендеуге әкелді. АҚШ-та қаржы -кредит салаларындағы ірі банктер дағдарысқа ұшырады. Бұл дағдарыс дүние жүзілік дағдарысқа әкелді. Банк жүйесі тоқырап, 1929-1933 жылдардағы АҚШ-тағы экономикалық депрессия дағдарысты еске алды. Бұл дағдарыстан шығу демократиялық партиядан президент Б. Обама әкімшілігіне жүктелді. 2008 жылы 6-қарашада АҚШ-та президенттік сайлау өтті. Сайлауда демократиялық партия жеңіске жетті. АҚШ-тың Президенті болып, Б. Обама сайланды. Ол АҚШ-тың 43-ші президенті болды. Жаңа әкімшілікке қойылған басты талап — ел экономикасын дағдарыстан шығару болды. 2007-2009 жылдардағы дағдарыс қаржы саласынан басталған еді. Ипотекалық несие алып отырған банк салушыларының қарыз қайтару қабілеті азайып, 250 мың адам өз қарыздарын өтей алмады. Б. Обама әкімшілігі банк жүйесін қолдау үшін мемлекеттік қордан көмек көрсетуге мәжбүр болды. Мемлекеттік банктер жекешелендірілді, әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларында реформа жүргізілді.

Мемлекеттік реттеу жолға қойылды. 2012 жылы қараша айында АҚШ-та президенттік сайлау өтті. Сайлауда демократиялық партия жеңіске жетті. АҚШ Президенті болып Б. Обама (2012-2016жж) қайтадан сайланды. Б. Обама әкімшілігі елде экономикалық реформаны жалғастырып, дағдарыстан шыға алды. Сыртқы саясаты. Д. Буш (кіші) әкімшілігінің сыртқы саясатында дүниежүзілік ланкестікке қарсы күрес жариялады. Ланкестердің көсемі Бен Ладенге халықаралық деңгейде іздеу салды. 2001 жылы желтоқсанда Ауғанстандағы талибтерге қарсы соғыс қимылдарын бастады. Ауғанстанға біріккен халықаралық әскери күштер кіргізді. 1998 жылы желтоқсан айында үлкен Буш әкімшілігі Иракқа қарсы әуе шабуылын бастады. Басты мақсаты Саддам Хусеин билігін құлату және Иракта атом қаруын жасап жатыр деген сылтаумен агрессия бастады. Әкесінің саясатын кіші Буш жалғастырды. 2003 жылы сәуір айының Саддам Хусеинге қарсы соғыс қимылдарын бастады. 1-мамырда С. Хусеин билігі құлады. Саддам Хусеин тұтқындалып, америкалық және жергілікті сот шешімімен дарға асылды. Бұл соғыстар АҚШ халқына аса ірі мөлшерде қаржылай және адам шығынын әкелді. АҚШ-тың әскерлері Иракта қалдырылды. Д. Буш әкімшілігі 2004 жылы мемлекеттік бюджеттен әскери шығынға 401,3 млрд. доллар бөлді. АҚШ — Ресей қарым-қатынастарында айтарлықтай өзгерістер болмады.

Ресей АҚШ-тың Иракқа қарсы соғысын қолдамады. 2002 жылы қараша айында АҚШ Президенті Буш пен РФ Президенті В. Путин кездесті. Жұмыс барысындағы кездесуде халықаралық терроризмге қарсы бірігіп күресуге уәделесті. Солтүстік атлантикалық альянс (НАТО) ұйымының шығысқа қарай кеңейтілуі Ресейге ешқандай зиян келтірмейтінін сендіруі. АҚШ- тың сыртқы саясатында шығыс Еуропа елдерінде Польша, Венгрия, Румыния америкалық ракеталарға қарсы қорғану (РЛС) жүйесін өз жерлерінде орналастыруға келісті. Ресей үкіметі өз жағынан қарсылығын білдіріп, Калининград облысын Ресейдің ракеталарға қарсы қорғану (РЛС) жүйесін орналастырды. 2003 жылы 26-27 қыркүйекте АҚШ-тың Кэмп-Дэвидте америка-ресей саммиті болды. РФ Президенті В. В. Путин өз жағынан Иракқа қарсы АҚШ-тың агрессиясы Ирак халхы үшін қасірет әкелгенін жеткізді. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жетілдіруге әрі қолайлы жағдай жасауға келісті. Б. Обама үкіметі сыртқы саясатта халықаралық қатынастағы шиеленіскен мәселелерді бейбіт жолмен шешуді қолдап отыр. 2011 жылы Ирактан американ әскерлерін шығара бастады. Ауғанстандағы халықаралық ланкестікке қарсы күрестегі біріккен әскерлердің санын азайтып, 2014 жылдан бастап әскерлерді толық шығаруға уәде берді. 2011 жылы сәуір айында АҚШ-тың федералдық барлау (ЦРУ) ұйымы ұйымдастырылған Бен Ладенді ұстау операциясының барысында қолға түсірді. Халықаралық терроризмнің басшысы ислам сепаратизмнің жетекшісі Б. Ладен Пакистан жерінде қолға түсті. Оны ұстау үшін 10 жыл уақыт өтті. Бірақ ланкестікке қарсы күрес аяқталған жоқ.

Америка — Қазақстан қарым-қатынастары

1991 жылы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады. 26- желтоқсанда екі ел арасында елшілік қатынас орнады. 15- қыркүйекте 1992 жылы Алматы қаласында АҚШ-тың елшілігі ашылса, 30-қазанда Қазақстанның АҚШ-та елшілігі ашылды. Саяси байланыстар. Екі ел арасында стратегиялық серіктестік орнап, әр салаларда 97 келісімдерге қол қойылды. Басты бағыттар халықаралық терроризмге, энергетикалық және әскери-техникалық ынтымақтастықтарды дамытуда. 2001 жылы 11-қыркүйектегі ланкестік шабуылдан кейін Қазақстан АҚШ-тың күресін қолдап, терроризмге қарсы күресте күштерін біріктірді. Ауғанстанда талибтерге қарсы күресті қолдап, Қазақстан өз әуе жолдрын пайдалануға рұқсат берді. Сонымен қатар Қазақстан Ирактағы халықаралық күштердің күресін қолдап, американың сұранысына, Қазақстан Иракқа қазақ инженерлік — саперлер батальон әскерлеріе жіберді. Олар Ирактағы миналарды жоюға қатысты. 2006 жылы 5-6 мамырда Қазақстан АҚШ-тың вице-Президенті Р. Чейни ресми сапармен келді.

Екі ел арасындағы энергетика және сауда-экономикалық саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Үкімет аралық Қазақстан — Американ арасындағы келісімдерге ядролық қарудың зардаптарын жоюға көмектесу туралы келіссөздерге қол қойылды. 2006 жылы 26-29 қыркүйекте ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев АҚШ-қа ресми сапармен барды. Сапардың барысында АҚШ Президенті Дж. Бушпен кездесті. Сонымен қатар «Эксон Мобил» компаниясы басшылары және дүние жүзілік банк Президенті П. Вулфовицемлермен кездесті. Кездесулердің барысында Қазақстан — Америка қатынастарының дамуы туралы біріккен меморандумға қол қойылды. 2005 жылы 22-25 тамызда ҚР сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев АҚШ-қа ресми сапармен барды. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К. Райспен кездесті. 2001 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан — Американ арасында энергетика, мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық туралы Декларацияға қол қойылды. Қазақстанда АҚШ-тың ірі компаниялары қызмет атқаруда. Олар: «Шеврон Тексако», «Эксон Мобил», «Филипс Петролеум», «Тенгиз Шевройл», «Аджип ККО», «Каспии трубаконсорциум», «Карашаган Интер Организации» компаниялары табысты жұмыс істеуде. Американ бизнесі Қазақстандық медицина жабдықтары рыногында бірте-бірте игеріп келеді. Қазақстанда «ЗМ», «Дженерал Электрик», «Медтроник», «Бекман» бірігіп жұмыс жасауда. Қазақстанның агроөнеркәсіптік ауылшаруашылығы машиналарын жасауға және тамақ өндіру саласында бизнеспен айналысатын «Артур Дэниелс Мидэнд» және «Ай-си» американ компаниялары жұмыс істеуде. Қазақстан экономикасы үшін мамандар даярлауда АҚШ-тың рөлі зор. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың құрған «Болашақ» бағдарламасы бойынша американдық жоғарғы оқу орындарында жүзден аса қазақстандық студенттер оқиды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *