ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы Ресей

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы Ресейдің саяси-экономикалық дамуы. 1996 жылы 16 маусымда РФ президенттік сайлау өтті. Бірінші кезеңде үміткерлерден ешқайсысы жеңіске жете алмады. Б. Ельцин — 35,28%, Г. Зюганов 32,04%, А. Лебедь — 14,52%, Г. Явлинский -7,42%, В. Жириновский — 5,7% дауыс алды. 1996 жылы шілдеде президенттік сайлаудың екінші кезеңінде Б. Ельцин — 53,8%, Г. Зюганов — 40,3% дауыс алды. Б. Ельцин сайлауда екінші рет РФ Президенті болып сайланды. Сайлаудан кейін елдің әлеуметтік- экономикалық жағдайы дағдарыстық күйінде қалды. 1996 жылы қарашада бүкіл Ресейлік шерулер кең етек алды. Жалпы шеруге 10 млн. адам қатысты. Б. Ельцин елді дағдарыстан шығару үшін әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізуге уәде берді. Алғашқы реформа 1997 жылы тамызда ақша реформасы жүргізілді. «Ресей ақша белгілерін өзгерту» туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 1 қаңтарда ақша реформасы жүргізіліп, Ресей рублі 1000 есеге арзандатылды. 1998 жылы 23 наурызда үкіметтің премьер — министрі болып келген В. Черномырдинді қызметінен босатып, оның орнына жас С. Кириенконы тағайындады. Елде қаржылық банкрот болды. Қаржылық дағдарыс рубльді девальвацияға әкелді. Ақша құны тез төмендеді. Халықтың жинақ ақшалары құнсызданды. Тұрмыс жағдайлары төмендеп, елде кедейшілік өсті. Қаржылық дағдарыста Кириенко үкіметі отставкаға кетуге мәжбүр болды. Отандық тауарлар бағасы 20%- ға, шетел тауарларының бағасы 80% -ға өсті.

1999 жылы 19 мамырда Ресей премьер-министрі болып С. Степашин тағайындалды. Үкіметтің құрамына В. В. Путин Федералдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып кірді. 9 тамызда үкіметтік дағдарыс премьер-министр С. Степашин отставкаға кетіп, оның орнына В. В. Путин премьер-министр болып тағайындалды. 1999 жылы желтоқсанда конституциялық заңға сәйкес өзінің орнын босатып, президенттікке үміткер ретінде В. В. Путиннің кандидатурасын ұсынды.

2000 жылы 26 наурызда Ресей Федерациясының кезекті президенттік сайлауы өтті. Президенттікке үміткерлер Г. Зюганов -30%, Явлинский -5,84%, Кемеров облысының губернаторы қазақ Амангелді Төлеев -3,02% дауыс алды. Сайлауда 52% дауыс алып В. В. Путин президент болып сайланды.

В. В. Путин өзінің қызметін мемлекеттік — басқару конституциялық реформадан бастады. Федералдық жоғарғы билікті күшейту үшін Ресей әкімшілік аймақтарға бөлініп, әр аймаққа президент өзінің уәкілдерінен қойды. 2000 жылы 1 қыркүйекте Мемлекеттік кеңес атқарушы мекемесін құрды. Кеңеске губернаторлар және федералдық басшылар мүше болды. 25 желтоқсанда губернаторларды сайлау арқылы емес, жергілікті депутаттар президенттің ұсынған үміткерін сайлап қоятын болды. Федералдық кеңес және мемлекеттік думаның мақұлдауымен «Мемлекеттік ту», «Мемлекеттік әнұран» және «Мемлекеттік елтаңбаларын» бекітті.

2000 жылы В. В. Путин ел экономикасын дағдарыстан шығару үшін бағдарлама дайындады. «Ресей Федерациясының әлеуметтік- экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік бағыттары» бағдарламасын қабылдады. Бағдарламаның авторы экономика және сауда министрі Г. О. Греф болды. Бағдарламаның басты міндеттері: экономиканы либерализациялау, табиғи монополияның құрылымын қайтадан құру, әлеуметтік бағытқа бөлінген бюджетті қысқарту, электр жүйесін, теміржол салаларын жекешелендіру болды.

2000-2004 жылдарда президент және үкімет көлеңкелі (теневой) экономиканы анықтау, қаржы-кредит саласындағы коррупцияны азайту. 2001 жылы қаржы саласында мониторинг өткізу комитетін құрды. Оның міндеті қаржы қозғалысын бақылау, кәсіпкерлердің табыстарын жасыруға жол бермеу және шетелге ұрланған ақшаларды шығаруға тыйым салумен күрес жүргізу.

2001 жылы Мемлекеттік дума «Жер кодексі» туралы заңды бекітті. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер ұжымның (колхоз) меншігіне берілді. 2004 жылдан бастап өнеркәсіп орындары орналасқан жерлерді жалға (арендаға) немесе сатып алуға рұқсат берілді. Жерді сату арқылы мемлекеттік бюджет қаржысы толықтырылды. 2002 жылы «Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану» туралы заң шықты. Ауыл шаруашылығы жері ұжымдық меншікке пайдалануға беріледі. Жерге меншік иелігі шет ел азаматтарына және Ресей азаматтылығы жоқ адамға берілмейді. Ұжымдық жеке меншік арқылы ауыл шаруашылығының өндірісін дамытуға, жерді дұрыс пайдалануға мүмкіндік берді.

2000 жылы ақпанда Ресей Федерациясының премьер-министрі М. М. Касьянов салық туралы реформа жүргізді. Салықтың тұрақты түрін енгізді, қосымша бағаға салынатын салықты қысқартты (НДС) салығына. Біртұтас 13% салық тариф еңгізілді. Үкіметтің экономиканы қайта құру реформалары, ішкі ұлттық өнімнің жыл сайын төмендеуіне әкелді. 2000 жылы өсім 8% болса, 2001 жылы 5%, ал 2004 жылы 4,1%-ға жетті. Бұл көрсеткіш елдің экономикалық даму деңгейінің әліде болса баяу екендігін көрсетеді.

Сыртқы саясаты

ХХ ғасырдың 90 жылдарында Ресейдің сыртқы саясатының принциптерін анықтайтын доторинасын 1994 жылы қөабылдады. Сыртқы саясатта халықаралық ұйымдармен байланыстарды тереңдету, көп полярлық саясатты қолдау, Халықаралық терроризмге қарсы бірігіп күресу, бұрынғы республикалармен ТМД ұйымы арқылы қалыптастыру басты мақсаттарының бірі болып келеді.

Ресей-АҚШ арасындағы басты принциптерінің ядролық қаруды қысқарту туралы 19991 жылы келісімдерге қол қойылды. 1993 жылы Мәскеу қаласында ОСНВ-2 келісіміне қол қойылды. 1996 жылы Нью-Иорк қаласында ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы келісімге қол қойылды. Халықаралық ұйымдар. БҰҰ және Еуропалық қауіпсіздік Ынтымақтастық ұйымдарының қызметіне белсенді қатысып келеді.

Ресейдің сыртқы саясатында Солтүстік Атлантикалық альянс (НАТО) ұйымымен 1994 жылғы «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасына қосылды. Косова дағдарыс жылдарында Ресейдің батальон НАТО ұйымның құрамында болды. Бұрынғы Шығыс Еуропа елдерінің әскери ұйымы Варшава келісімі таратылғаннан кейін, НАТО ұйымы кеңейтіліп Польша, Чехословакия, Венгрия және Литва. Латвия, Эстония елдері 2005 жылы мүше болды. Бұл шаралар Ресейдің шекарасын нығайтуға мәжбүр болды.

Ресей Федерациясының сыртқы саясатының басты бағыттары Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдерімен достық және ынтымақтастықты тереңдету болды. 1999 жылы Ресей мен ТМД елдері арасында 800-ге жуық келісімдерге қол қойылды.

1997 жылы Ресей, Белорус және Қазақстан елдері біртұтас кедендік одаққа қол қойды. Қазіргі кезеңде кедендік одақ елдері арасында жеңілдіктер арқылы салық, жеке адамдардың қатынастары жалғастырылуда.

1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында 11 елдердің қатысуымен ұжымдық қауіпсіздік туралы келіссөздер жүргізілді. Келісімге 6 мемлекеттер қол қойды. Олар: Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Белоруссия және Тәжікстан. Соңғы жылдарда Армения ұйымға мүше болып кірді.

1997 жылы мамырда Ресей мен Украина арасында достық, ынтымақтастық және серіктестік туралы құжаттарға қол қойылды. Бірақ, екі елдер арасында шешімдерін таба алмай отырған мәселелер бар. Украина үкіметі Еуропалық Одақ елдерімен экономикалық-сауда байланыстарды тереңдету, біртіндеп ЕО ұйымына мүше болуды көздеп отыр. Қазіргі кезде Ресей және Украина арасындағы келісімдер өз нәтижелерін бермей отыр. Екі елдің арасындағы сауда қарым-қатынастары қысқарып келеді.

1996 жылы 2 сәуірде Мәскеуде Белорусс Президенті А. Г. Лукошенко мен РФ. Б. Ельцин арасында Ресей және Белорус елдері арасында Одақ құру туралы келісімдерге қол қойылды. 1999 жылы екі ел арасындағы Одақ туралы Деклорацияға қол қойылды. Бірақ бұл келісімдер өз нәтижелерін бермей отыр. Одақ қағаз жүзінде бар болғанымен, іс жүзінде жұмыс жасап отырған жоқ.

2000 жылы Ресейдің сыртқы саясатын анықтайтын «РФ сыртқы саясатының концепциясының» жаңа редакциясын қабылдады. Басты ұстанымы Ресейдің халақаралық аренадағы беделін күшейту, көп полярлық саясатты құру, бейбітшілік, терроризмге қарсы бірігіп күресу, дау, жан-жал мәселелерін халықаралық құқықтық негізде шешу.

2003 жылы АҚШ әкімшілігінің әлемдік билік орнату саясатына қарсы Санкт-Петербург қаласында Ресей, Германия және Франция елдері арасында көп полярлық саясат, АҚШ-тың гегемондық саясатына қарсы бірігіп күресу туралы меморандумға қол қойды.

АҚШ-тың Иракқа қарсы әскерлерін кіргізуін агрессия деп бағалады. Халықаралық мәселелерді шешуде БҰҰ-ның ролін арттыру керек екенін қолдап келеді.

2013 жылы 5-6 қыркүйекте Санкт-Петербургке әлемдік 20 елдің мемлекет басшыларының және қаржы институттарының қатысуымен саммит өтті. Саммит жұмысына АҚШ Президенті Б. Обама, Германия, Франция елдері президенттері, Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев және РФ Президенті В. В. Путин қатысты.

G-GLOBAL саммитінде қаралған басты мәселенің бірі дүниежүзілік экономикалық даму жолдары. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың басты себкптері, қаржы-банк жүйесінің экономика заңдарына байланысты болмаудан. Саммитте ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаев сөз сөйледі. Қазіргі дағдарыстан шығу жолдарын анықтау, қарыздар проблемасын шешу және 2013 жылы Қазақстанды дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуын қолдауға шақырды. Сонымен қатар қазіргі кездегі Сириядағы жағдай мәселесі қаралды. Саммиттің соңғы күні «Петербург» жоспары атты Декларациялық құжат қабылданды. Әлемдік экономиканы бірігіп басқару және жаңа жұмыс орындарын ашу туралы келісімдерге қол қойылды.

Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары

Ресей Федерациясы Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылы желтоқсан айында мойындады. Екі ел арасында елшілік қатынастар орнады. 1994 жылы 29 наурызда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев тұңғыш рет Рессей Феднрациясына ресми сапармен барды. Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор-оқытушыларымен кездесуінде ТМД қатысушы-елдердің жаңа бірлестігі ретінде ЕвроАзиялық экономикалық одақ ұйымын құру туралы ұсыныс енгізді. Ресей мен Қазақстан екі жақты ынтымақтастық және интеграциялық мәселелерді қарастырды. 23 құжатқа қол қойды. 2000 жылы қазан айында РФ Президенті В. В. Путин ресми сапармен Қазақстанға келді. Келіссөздердің барысында екі жақты Меморандумға қол қойылды. Сыртқы экономикалық байланыстарды реттеу, еркін сауда тәртібін еңгізу туралы мәселелер талқыланды. Бұл келісімдер ұзақ мерзімге жасалынды.

1999 жылы наурызда Қазақстан-Ресей шекара аймағындағы ынтымақтастық туралы комиссия құрылды. 2000-2012 жылдар арасында Орал, Ақтөбе, Қостанай, Өскемен қалаларында комиссия отырыстарында ҚР Президенті В. В. Путин және Д. Медведевтер қатысты. РФ Қазақстанмен көрші облыстарының басшыларымен кездесулер өткізді. 2005 жылы 15-16 мамырда Челябі қаласында комиссияның 6-шы отырысы болды. Шекара аймағындағы сауда- экономикалық, көлік, кедендік, шекара бақылау туралы келісімдерге қол қойылды. Н. Ә. Назарбаев пен В. В. Путин кездесу барысында екі ел арасындағы азаматтардың қатынастарын жеңілдету туралы бірлескен мәлімдемеге қол жеткізді.

2006 жылы 2 қаңтарда РФ Президенті В. В. Путин Астана қаласында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жаңа мерзімге сайлануына байланысты салтанатты кешке қатысты. 2006 жылы 3- 5 сәуірде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев қайтадан сайланғаннан кейін бірінші рет РФ-сына ресми сапармен барды. 2006 жылы 3 қазанда Орал қаласында шекара аймағы комиссиясының кезекті отырысы өтті. Бұл кездесуге Н. Ә. Назарбаев пен В. В. Путин қатысты. 2010 жылы қаңтар айында осындай кездесу Өскемен қаласында үкіметаралық комиссия отырысына РФ Президенті Д. Медведев пен Н. Ә. Назарбаев қатысып шекара аймағындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастарды кеңейтуге келісті.

Ресей Федерациясы Қазақстанның сауда-экономикалық басты серіктес (партнер) елі болып келеді. Қазақстанның сыртқы саудада Ресейдің үлесі 23%, ТМД елдерімен 75% құрайды. 2005 жылы екі ел арасында сауда айналымы — 9518,5 млн. доллар. Ресейдің экспортында минералдар 66%, азық-түлік тауарлары 6%, химия 3%, машина құрал-жабдықтары 4%. Ресейдің Қазақстан көлік құралдары 4%, химия 16%, азық-түлік саудасы 10% құрайды. Қазіргі кезде Қазақстанда 1150 Ресей фирмалары жұмыс істейді.

Мұнай саласы

2004 жылы Ресейдің труба жүйесі арқылы Еуропа елдеріне 37,6 млн. т мұнай, Атырау-Самара -15,01 млн. т, болашақта 25 млн. т жылына мұнай жібере алады. Каспий теңіз аймағындағы «Құрманғазы», «Центральная», «Хвалынское» бірлескен орындары мұнай көздерін игеруге келісті. 2005 жылы 6 шілде де келісімге қол қойылған.

Еуропа елдеріне жеткізілетін газ Ресей арқылы жөнелтіліп отырды. Батыс Қазақстан -Батыс Еуропа газ құбыры арқылы жылына 7 млрд. Қазақстан газы жеткізілді. Қазақстан жері арқылы Түркменстан, Өзбекстан газы Еуропа елдеріне жеткізіледі. 2005 жылы 6 маусымда Қазақстан-Ресей арасында энергетика саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ресей-Қазақстан бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді. «ЕЭС России » және «Екібастұз ГРЭС» бірлескен кәсіпорындары энергетикалық байланыстарды жалғастыруда.

Ресей-Қазақстан елдері арасында ғарышты зерттеу саласындағы ынтымақтастықты дамытуда айтарлықтай келісімдерге қол жеткізді. «Байқоңыр» ғарыш игеру жүйесін бірігіп пайдалануда келіссөздер жүргізілді. Қазақстан жеріндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланғаны үшін Ресей Қазақстанға жылына 115 млн доллар төлем төлеп отыр. Қазақстанның «Казсат» ғарыш аппаратын жасап, жер серігін ұшырды. 2005 жылы 30 наурызда Астана қаласында ғарышты игеруге «Байтерек» бірлескен кәсіпорынын салды. Ракета — космос «Ишим» компаниясымен бірігіп игеруге келісті. Бірақ «Байқоңыр» космодромына Ресейдің «Протон» кемесін ұшыру кезінде екі рет апатқа ұшырап, космодром орналасқан Қызылорда облысының аймақтарында тұрған халықтар «Этил» газының зардаптарын шегуде. Болашақта «Байқоңыр» космодромынан «Протон» кемесін ұшыруға тыйым салуға Қазақстан жағынан ескертулер жасалды. Ресей-Қазақстан елдері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі болып отыр. «Батыс-Қытай — Батыс Еуропа автомобиль магистралінің жұмысын Қазақстан жағы салып, автомагистр жолы Батыс Еуропа Ресей — Қытай арқылы транзит жолына айналды. Тарихи «Жібек жолы» жаңартылып Шығыс-Батыс елдері арасында сауда айналымының еселеп өсуіне жаңа мүмкіндіктер жасалуда. Бұл магистраль ХХІ ғасырдың алып құрылыстарына айналып отыр. Ұзындығы 3350 шақырым құрайды. Қытайдың Харгос, Батыс Қазақстанның Ақтөбе облысы арқылы өтеді. Сонымен қатар Монголия шекарасына шығу үшін 102 шақырым Өскемен — Риддер — Иняком — Агач Томанта автомагистраль жолын салуға келісті. Оның 62 шақырымы Қазақстан арқылы, Ресей 40 шақырым жолды салып, Монғолияға Қазақстан арқылы тура жол мен шығады.

Ресей-Қазақстан арасында ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени байланыстар дамуда. 2009 жылы Ресейде Қазақстан мәдениет күндері, 2010 жылы Қазақстанда Ресей Федерациясы күндері өтті. Қазақстанда «Пушкин жылы», Ресейде «Абай» жылдарына байланысты шаралар өтті. Мәскеу қаласында Қазақстан елшілігі жанынан Абай Құнанбаев ескерткіші ашылды. Алматы қаласында Қазақ Ғылым Академиясы ғимараты жанында Пушкин көшесінің басталуында ұлы орыс ақыны А. С. Пушкинге ескерткіш қойылды.

Авторлық сілтеме:
Мәшімбаев С. М. Еуропа және солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж), Алматы, 2014 ж.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *