ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдағы Канада

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдағы Канаданың саяси-экономикалық дамуы. Канаданың саяси дамуында екі партия консерватор және либералдардың ішкі саясатында басты рөл атқарып келеді. 1984 жылғы парламент сайлауында консерваторлар партиясы жеңіске жетті. Премьер-министрі болып консерватор партиясының жетекшісі Брайн Малруни (1984- 1993жж) тағайындалды. Ол Канаданың Квебек аймағынан шыққан сайлауда Батыс Канада аймағындағы консерваторларды қолдаған болатын. Үкімет құрамында 40 министрдің көбі осы батыс аймағынан келді.

Консерватор үкіметі жаңа бағдарламасын қабылдады. Үкімет бағдарламасында консерваторлық бағыт негізі алынып, мемлекеттік реттеуді қысқарту,ұлттық энергия ресурстарына бақылауды күшейту, шет фирмаларының қызметіне бақылауды азайту. Индивидуализм (жеке меншікті) нығайту басты мақсаттардың бірі болды. Неоконсерватизм экономиканы дамытудың жаңа бағыты болды. Әлеуметтік реформалар мемлекеттік қолдау арқылы жүргізілді.

ХХ ғасырдың соңында Канадада мемлекеттік меншік жердің 90%, ормандық алқаптың 70%-на ие болды. Көлік және энергетика салалары мен әскери-техника өнеркәсіп орындарында, ғарышты игеруге шетел инвестициясы көптеп тартылды. Канада ауыл шаруашылығы тауарларын, оның ішінде астықты шетелге шығаруда алдыңғы орында болды. Дүние жүзілік көлемде ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруде 4 % үлесі болды. Астық өнімдерін шығарудан экспортта дүние жүзінде өндірілген астықтың 20% Канадаға тиісті болды.

Канада ұлттық ішкі өнім және өнеркәсіп өнімдерін шығаруда әлемде дамыған жеті елдің біріне айналды. Дүние жүзінде өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің 3% Канадаға тиісті болды. Электр энергиясын өндіруде әр адам басына шаққанда дүние жүзінде Норвегиядан кейінгі екінші орында болды. 90 жылдардың басында Б. Малруни үкіметінің жүргізген шаралары өз нәтижесін толық аяқталмады. Инфляция мемлекеттік бюджеттегі дифицит, мемлекеттік қарыз көбейіп, экономикалық дағдарыс кең етек ала бастады. Мемлекеттік меншіктегі кәсіп орындарды жекешелендірді. Әлеуметтік салаларға бөлінген қаржы қысқартылды. Консерватор үкімет АҚШ-тың ықпалынан бас тартып, ұлтшылдық саясатты Квебек аймақтағы сепаратистік топтар, экономикалық тәуелсіздікті жақтады. Аймақтық сепаратизм күшейді. Ұлтшылдық сана тек қана Квебек аймағында емес, сонымен қатар солтүстік-батыс эскимостар мен үндістер өзін-өзі басқару үшін күресті. 1992 жылы референдум өткізіліп Нунавут (эскимостар) аймағы дербестік алды.

Экономикалық дағдарыс жылдарында 1993 жылы Канада парламентіне (Ұлттық жиналыс) сайлау өтті. Сайлауда либералдар 57% дауыс алып жеңіске жетті. Ұзақ жылдар елді басқарған Консерваторлар жеңіліс тапты. Премьер-министр болып либерал жетекшісі Ж. Кретьен (1993-1999жж) сайланды.

Либералдар үкіметті экономикалық дағдарыстан шығару үшін әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізді. 1998 жылы федералдық бюджет дифицитті жойды. Бюджеттен тыс резервный қоры жынақталды. Бюджетті қысқарту арқылы мемлекет жеке меншік иелерін корпорация акцияларын сатып алды. Зейнеткерлер мен тұрмысы нашар адамдарға бөлінетін көмек мөлшері 3,5 млрд. долларға қысқартылды.

Әлеуметтік-экономикалық бағдарлама бойынша федералдық бюджеттен 80% әлеуметтік салаларға бөлінді. Жоғарғы білім және ғылым-зерттеуді дамытуға жұмсалды. Студенттердің стипендиялары өсті, кедейшілікке көрсетілетін көмек мөлшері көбейді. Салық реформасы жүргізіліп, салық мөлшері азайтылып отырды. Салық реформасы халықтың 85% қамтыды. Либералдар үкіметті консерваторлық саясаттан неолибералдың саясатжүргізіп, өтпелі кезең аяқталды.

Канада үкіметі «ашық есік» саясатын жүргізіп келеді. Экономикалық дамуда Америка-Канада сауда қатынасының орыны ерекше. Екі ел арасындағы сауда айналымы жыл сайын 1 млрд. доллар құрайды. Канада АҚШ-қа технология жағынанда тәуелді. АҚШ-тың ақпараттық әлемінің 80% газет, журнал және кинофильмдердің 93% америкалықтардың үлесінде. Ж. Кретьен үкіметінің АҚШ саясатын оппозициялық топтар сынап келеді.

ХХ ғасырдың басында Канаданың либерал үкіметі экономиканы қайта құруда айтарлықтай табыстарға жетті. Әсіресе әлеуметтік салаларда, халықтың тұрмыс сүру деңгейі әлемде алдыңғы қатарда келеді. Жаңа технологияны игеру өнеркәсіп саласында өндіргіш күштің өсуіне әкелді. Жұмыссыздық азайды. Канада ХХІ ғасырда ақпараттық-инновациялық қоғамға өтті.

2000 жылы қараша айында Канадада кезектен тыс парламеттік сайлау өтті. Сайлауда үшінші рет либералдар жеңіске жетті. Парламенттегі 301 депутаттық мандаттың 177 орын алып, бір партиялық үкімет құрды. Премьер-министрі болып Ж. Кретьен сайланды. Сайлау барысында жаңадан құрылған «Канада альянс» және консерватор партиялары жеңіліс тапты. Альянс партиясы парламентте 67 мандат алды.

Жаңа үкіметтің алдындағы басты міндеттердің бірі НАТО ұйымының мүшесі Канаданың қарулы күштерін модернизациялау болды. Қазіргі кезеңде Канада әскерлерініәң қару-жарақтары ескірген, Канада үкіметі НАТО ұйымындағы әскери бюджеті жағынан ең аз бөлінген елдің бірі екенін АҚШ үкіметі сынға алып отырды. Бұл проблеманы Ж. Кретьен үкіметі шешуді көздеп отыр. 2003 жылы 13 қарашада Либерал партиясының кезекті съезі өтті. Соңғы 10 жылда үкіметті басқарған Ж. Кретьен партияның басшылығынан бас тартты. Либералдар партиясының жетекшісі және премьер-министрі болып, бұрынғы қаржы министрі Пол Мартин тағайындалды. Жаңа үкімет либералдық саясатын жалғастырып, үкіметтің экономикалық дамуын жалғастырды. Қаржы министрі болған жылдарында мемлекеттік бюджет шығынын азайтты. Мемлекеттік сектордың шығынын азайтты.

Сыртқы саясатта американдық саясатта серіктестік бағытын жалғастырып, НАТО ұйымының докторинасын қолдады.

Сыртқы саясаты. Канада үкіметі НАТО ұйымы және Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты жалғастырып келеді. 2002 жылы маусымда Канаданың Кананаскисе қаласында «сегіз елдің» саммиті өтті. Сегіздік клуб мүшелері қазіргі кезеңдегі Жапон дәуіріндегі халықаралық қатынастағы шиеленіскенмәселелерді, халықаралық терроризмге қарсы бірігіп күрес әсіресе 2001 жылғы 11 қыркүйектегі уақиғадан кейін маңызды болып отырғандығын атап көрсетті. Саммитке Канада үкіметі 100 млн. доллар жұмсады.

Солтүстік Америка елдерінің интеграциялық ұйымы НАФТА- қызметіне белседі қатысып келеді. Канаданың сыртқы саясатында НАФТО ұйымымен ынтымақтастық Канада және АҚШ сауда- экономикалық байланыстарында маңызды роль атқарып келеді. Америка экспортында Канада үлесі 85%, АҚШ-тың экспорты Канада рыногында 30% құрап отыр. Канаданың сыртқы саясатында Ресей-Канада қарым-қатынастары маңызды орын алады. 2000 жылы желтоқсанда В. В. Путин Канадаға ресми сапармен барды. Келіссөздердің барысында жаһандану заманындағы мәселелер, қауіпсіздік және Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігі туралы көзқарастары талқыланды. Арктиканы ғылыми-зерттеу мәселелері туралы келіссөздерге қол қойылды.

2001 жылы шілде айында Канада премьер-министрі Ж. Кретьен мәскеуге ресми сапармен барды және премьер-министрмен бірге Канаданың 12 аймағынан 300 адам бірге келді. Екі ел арасында инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету туралы мәселелер қаралды. Канада — Ресей өкілдерінің қатысуымен бизнес форум өтті. Сапардың барысында — «Қазіргі Солтүстік» қоғамдық ұйыммен Ресейдің Солтүстік аймақтары арасындағы қарым- қатынастар мәселелері талқыланды.

Канада-Қазақстан қарым-қатынастары

1992 жылы 10 сәуірде Канада Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады. 1994 жылы Алматы қаласында Канаданың елшілігі ашылды. 1997 жылы Қазақстанның Канадада елшілігі жұмыс істеді. 1999 жылы сәуірде Вашингтон қаласында ҚР Президенті Н. Ә Назарбаевтың Канада Премьер-министрі Ж. Кретьенмен кездесуі болды, онда Канада копанияларының Қазақстандағы қызметін кеңейтуге мүдделік айтылды. 2003 жылы шілде айында ҚР Президенті Н. Ә Назарбаев Канадаға ресми сапармен барды. Кездесулердің барысында екі жақты экономикалық серіктестікті дамыту және нығайтуға келісті. Екі ел арасындағы өзара қатынастардың қағидаттары туралы декларацияға, сондай-ақ мұнай-газ саласында байланыстарды жолға қоюға қатысты бірнеше келісімдерге қол қойылды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық. Екі ел арасында Сауда айналымы 2005 жылы 655,3 млн. долларға жетті. Қазақстанда 89 Канада компаниялары жұмыс істейді. Қазақстаннан Канада органикалық химия, қара металл өнімдерін алады. Канададан Қазақстан техникалық құралдар және мұнай өндірісіне қажетті машина жабдықтарын алады.

Канада Қазақстанға тікелей инвестиция салуға мүдделі болып келеді. 2004 жылы 10-11 наурызда Қазақстанға Канаданың ауыл шаруашылығы саласындағы мамандар мен бизнессмендер келді. Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция салуға келісті. Сонымен қатар 2005 жылы 25 қыркүйекте ҚР мен Канада арасында үкімет аралық қос салық салуды болдырмау туралы конвенцияға қол қойылды. 1991-1996 жылдарда мұнай саласында Канаданың «Хиррикейн Хайдро-Корбонс» компаниясы «Петро- Казахстан» атымен белгілі кәсіпорын «Оңтүстік мұнай-газ құмкөл» кәсіпорынымен бірге 20 жылға беру туралы келісім шартқа қол қойылды. Компания 478 млн. доллар инвестиция салды. 2004 жылы мамыр айында Канаданың Альберт аймағы мен «Қазмұнайгаз» акционерлік бірлестігі арасында келісімдерге қол қойылды.

Канаданың «Канам» компаниясы Солтүстік Бозашы аймағында бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін 6,5 млн. доллар инвестиция құйды. Қазақстанда Канаданың «Нэйшнс Энерджи», «Камеко», «Тритон Вуко» компаниялары жұмыс істеуде.

Мәдени-гуманитарлық байланыстар

1999 жылы білім саласында Монреаль қаласында «Мак Гилл» университеті мен ҚР білім және ғылым министрлігі арасында келісімге қол қойылды. 2000 жылы «магистр» бағдарламасы бойынша Қазақстанның мұнай-газ өндіріс салаларының мамандары білімдерін жетілдіруді жалғастыруда. «Мак Гилл» университетінде Қазақстанның болашақ бағдарламасы бойынша 8 студент білім алуда. Оңтүстік Альберт технологиялық-мұнай институтында қысқа және ұзақ мерзімдер курсында 3,3 мың мұнай-газ саласы мамандары білімдерін жетілдірді.

Авторлық сілтеме:
Мәшімбаев С. М. Еуропа және солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж), Алматы, 2014 ж.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *