ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы Италия

ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы Италияның саяси — экономикалық дамуы. 1996 жылы сәуір айында парламент сайлауы өтті. Сайлауда солшыл күштер партиялар блогы жеңіске жетті. Премьр — министр болып Р. Проди тағайындалды. Проди үкіметінің басты міндеті — жемқорлықпен күрес болды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру арқылы бюджетке 60 млрдю доллар қаржы түсті. 1 млн. жұмыс орны ашылды. Италия евро аймағына кіріп, ұлттық лирдің орнына евро валютасы еңгізілді.

Сайлаудан кейін Италияда саяси тұрақсыздық кең етек алды. Солшыл күштерге қарсы оңшыл партиялар болды. Оның жетекшісі — Сильвио Берлускони. Берлускони бастаған топтар жаңа Италия үшін күресті. С. Берлускони италиядағы ірі қаржы магнатының уәкілі болды. Оның меншігінде 3 ұлттық телекомпаниясы және Милан футбол командасының иесі болған. 1994 жылы «Вива Италия» атты саяси партиясын құрып, оңшыл партия үкіметін құрды. Премьер-министр болып С. Берлускони (1994-1996) сайланды.

Елдегі саяси үкіметтік дағдарыс 1998 жылы Проди үкіметі отставкаға кетуге мәжбүр болды. Жаңа үкімет басшысы болып бұрынғы коммунист Массимо Д Алема тағайындалды. Жаңа үкіметтің құрамын солшыл партиялармен қатар Продидің жаңа партиясы «Оливи демократиясы үшін» мүшелері кірді. Продиді Еуропалық Одақ ұйымының комиссия төрағасына ұсынады. Ол Италияның солшыл күштерінің арасында демократиялық Италия үшін күрес жүргізген басшы болды.

Оңшыл партиялар жетекшісі С. Берлускони премьер-министр қызметі кезінде коррупцияға байланысты сот процессі басталды. Оған бірнеше айыптар тағылды. Бірақ, нақты дәлелдер анықталмағандықтан сот процессі тоқтатылды. 2001 жылғы парламент сайлау қарсаңында С. Берлускони оңшыл күштерді біріктіріп, «Одақ үйі» және «Италия алға» жергілікті басқару жүйесінде жеңіске жетіп, сайлауда оңшыл күштердің жеңіске жететіндігі анықталды. Солшыл күштер «Оливье» бірлестігін Ф. Рутелеме басқарды.

2001 жылы сәуір айында парламент сайлауы өтті. Оңшыл центристер парламентте депутаттар палатасында 630 депутаттың 367 дауыс) және сенатта (315-тің — 177 жеңіп алды). «Алға Италия» саяси партия ретінде қалыптасып, сайлауда 28% дауыспен жеңіске жетті. Екі палата көпшілік дауысқа ие болған оңшыл партия жетекшісі С. Берлускони премьер-министр болды.

Оңшыл партия үкіметі жаңа жоспар қабылдады. Алғашқы шараларының бірі конституциялық жүйеге өзгерістер еңгізуді, коррупция мен бюрократизмге қарсы қатал күрес жүргізу, жұмыссыздықты азайту. 2002 жылы жұмыссыздық 9% құрады. С. Берлускони үкіметі зейнеткерлік реформа жүргізуге, сонымен қатар ұсақ және орта кәсіпке қаржытық көмек көрсетуге шаралар жүргізді. Бұл шаралар көптеген қиындықтарға тап болды. Оңшыл центристер үкіметінің реформаларына еңбекшілер қарсылығы күшейді. 2002 жылы 2 милионға жуық халық көшеге шығып, өздерінің қарсылығын көрсетті. Олар үкіметтің еңбек кодексіне еңгізілетін өзгерістерге қарсы шықты. Реформа арқылы өндіріс иелері жұмысшыларды ешқандай ескертусіз жұмыстан шығару, жалақыларын азайтуға құқылы болды. Италияның ең ірі автомобиль концерні «Фиат» жұмысшыларыда ереуілге шықты.

Италия қоғамында терроризм мен экстремизм кең етек алды. Саяси тұрақсыздықтың басты себептері, Солтүстік Африкадағы Египет, Тунис, Алжир елдеріндегі революциялық қозғалыстар барысына, Италияға бұл елдерден имигранттар көптеп келе бастады. Имигранттарға тиым салуға шақырды. 2002 жылы қыркүйек айында жер орта теңізінде 130 адам мінген кеме суға батып кеткен болатын.

2008 жылы Италияда парламенттік сайлауда С. Берлускони жеңіске жетті. Мемлекеттік реформалар жүргізілді, бірақ аяқталмады. Үкімет қатаң экономикалық саясат жүргізді. Әлеуметтік салаларға бөлінетін бюджет қысқартылды, Италия еңбекшілерінің қарсылығы күшейді. Мұғалімдер, студенттер мен оқушылар демонстрацияларға шығып, білім беруге мемлекеттік көмекті талап етті. Италияда коррупция мен бюрократия кең етек ала бастады. Үкіметтік дағдарыстың шиеленісуіне С. Берлусконидің жеке басына тағылған айыптар, оны сотқа шақыртты. Саяси-экономикалық тұрақсыздық, оңшыл центристер үкіметі С. Берлускониді отставкаға кетуге мәжбүрледі. 2011 жылы парламент арқылы жаңа үкімет құрылды. Билікке қайтадан солшыл күштер келді.

Қазіргі Италия Республикасының экономикалық дамуы жағынан дамыған капиталистік елдер арасында 5-орын алады. Италия экономикасының даму ерекшелігі — мемлекеттік- корпаративтік капитализм. Экономика салаларында мемлекеттік меншіктің үлесі басым болып келеді. Мысалы: көлік және байланыс саласында 50%, тау-кен өнеркәсібінде — 90%, электротехника — 98%, теміржол — 99%, құрылыс — 36-38%. Ұлттық ішкі өнімнің — 40% өнеркәсіп салалары, ауыл шаруашылығы — 10%, қызмет көрсету (Сервис) — 38%, туризм үлесі — 12% толтырады.

Сыртқы саудадағы Италияның үлесі — 5%. Электр қуатының 80% шет елден алады. Италия ауыл шаруашылығы жоғарғы деңгейде дамып отыр. Басты дақылдары: бидай мен жүгері, қант қызылшасы, күріш өндіруден Еуропада бірінші орын. Жылына 1 млн. т күріш өндіреді. Цитрос өнімдері — жылына 3,3 млн. т, томат — 5,5 млн. т, жүзім — 10 млн. т, жүзімнің 90% өңделіп, шарап жасалынды. Италия өндірісінің басты саласы — автомобиль шығару, 1997 жылы жылына 3 млн автомобиль шығарған. 2006 жылы Италияның «Фиат» автомобиль Еуропалық конкурста 1 — орын алды. 2009 жылы ішкі ұлттық өнім — 105 триллион доллар, әр адамға бөлгенде — 30 мың доллардан келеді. Инфляция — 6,6%.

Сыртқы саясаты

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында Италияның сыртқы саясатының негізгі принциптері айтарлықтай өзгерген жоқ. Көп полярлық саясатты қолдап, кез- келген халықаралық қатынастардағы шиеленістерді келісімдер арқылы, бейбіт жолмен шешуді қолдап келеді. Италия — АҚШ қарым-қатынастарында америка үкіметінің Иракқа қарсы агрессиясын қолдады. АҚШ-тың халықаралық терроризмге қарсы күресін қолдап, көмектесіп келеді. Ауғанстанда халықаралық әскери күштердің құрамында Италия әскерлері де қатысып келеді. Италия үкіметі НАТО ұйымының Балқан түбегіндегі соғыс қимылдарын белсенді қолдап отырды.

Италия үкіметі Солтүстік Африка елдеріндегі революцияларды қолдап, Тунис, Ливияға НАТО әскерлерінің құрамында көмек көрсетті. Орталық Африка елі Малиге НАТО ұйымының шешімімен Мали талибтерімен соғыс қимылдарына француз- италия әскерлері қатысты. Италияның әук күштері талибтерге қарсы ұшқыштарын жіберіп, әуеден шабуыл жасауға көмектесті.

Италия үкіметінің сыртқы саясатында Еуропалық Одақ ұйымының қызметіне белсенді қатысып, реформалауды қолдап келеді. Италия ЕО-ның алғашқы күнінен бастап толық мүшесі болып келеді. Евро аймағында Шенген келісіміне қол қойып, оның қызметіне белсенді қатысып келеді. Қазіргі кезеңдегі ЕО елдеріндегі дағдарысты бастан өткізіп отырғанда Италия ол елдерге кредиттік, несие көмек көрсетіп отыр.

Италия-Ресей елдері арасындағы байланыстар бірқалыпты дамып келеді. 2002 жылы сәуірде Сочи қаласында С. Берлускони және Ресей Президенті В. Путинмен кездесті. Екі жақты келіссөздерге қол қойылып, екі ел арасындағы сауда- экономикалық айналым 2 млрд. долларға жеткенді. Италия сауда саласында ГФР-сынан кейінгі екінші орында. 2003 жылы РФ-сы Президенті В. Путин Италияға ресми сапармен барды. Екі жақты келіссөздер жүргізіп, қарым-қатынастарға жаңа серпін беретінін мақұлдады. Екі ел арасындағы инвестициялық, сауда- экономикалық салалардағы 12 маңызды келісімдерге қол жеткізді.

2013 жылы 4 шілдеде Италияда Қазақстандағы БТА банкінің төрағасы Мұхтар Аблязовтың әйелі Алма Шалабаева және қызы Алуа Қазақстанның Италиядағы елшілігімен келісімнің барысында Қазақстанның тиісті мекемелерінің араласуымен Қазақстанға депортацияланып әкелінді. Мұхтар Аблязов БТА банкінің төрағасы кезінде банктің 6 млрд. доллар қаржысын ұрлағаны үшін сотталған болатын. Мұхтар Аблязов 2010 жылдан бері Еуропа елдерінде қашып жүрген болатын. Бірақ 2013 жылы 31 шілдеде Францияның оңтүстігіндегі Муан-Сартуда интерпол арқылы тұтқындалды. Мұхтар Аблязовқа 5 ел Қазақстан, Ресей, Украина, Ұлыбритания және Латвия елдері сұраныс жасады. Мұхтар Аблязов Экс-ан-Прованс қаласында түрмеде отыр. Қай елге департацияланады, оған сот шешім шығарады.

Италия үкіметі Шалабаева Алманың Қазақстанға департациялануы заңсыз деп шешім қабылдаған. Бұл оқиға Италия үкіметінің жауапты мекемесінің кінәсі деп танылды. Италия үкіметі сол мекеменің жауапты қызметкерлерін отставкаға кетуге мәжбүрледі. Бұл уақиғаға Италия мен Қазақстан елдерінің қарым- қатынастарына ешқандай әсер етпейді, — деп ойлаймыз.

Қазақстан-Италия арасындағы ынтымақтастық

Екі ел арасындағы елшілік қатынас 1992 жылы 12 маусымда орнады. 1994 жылы қыркүйек айында ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаев ресми сапармен Италия Республикасына барды. Үкімет басшысы С. Берлусконимен кездесті. Келіссөздердің барысында екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық және мәдени, ғылыми байланыстардың принциптері туралы Декларацияға қол қойылды. 1997 жылы мамырда ИР-сы Президенті О. Л. Скальфора, қазан айында премьер-министрі Р. Проди ресми сапармен келді.

1998 жылы қыркүйек айында ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаев ресми сапармен Италияға барды. Италияға барған сапарында Ватикан басшысы Рим папасы поляк Иоаан Павел ІІ мен ИР-сы президент О. Л. Скальфора және премьер-министрі Р. Продимен келіссөздер жүргізді. 2003 жылы Италия-Қазақстан арасындағы инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

2008 жылғы мәлімет бойынша екі ел арасындағы сауда айналымының мөлшері 2,8 млрд. доллар (экспорт-2,6 млрд. доллар-импорт-0,2 млн. ) жетті. Шетелдің Қазақстанға инвестиция салуда Италия үшінші орын алады. (АҚШ пен Ұлыбританиядан кейін). Италия инвестициясы — 704,9 млн. доллар.

Қазіргі кезеңде 62 Италия-Қазақстан компаниясы жұмыс істейді. Мұнай газ саласында Италияның «Эни Аджип», «Комеринт», «Сойпем» және «Ди Анджели», «Индастриз» компаниялары қызмет атқаруда. Солтүстік каспиде мұнай көздерін анықтауда бұрғылау мұнай қондырғыларын, теңіз түбінде газ құбырларын жүргізуде тәжірибесі мол «Сайпем» жұмыс істейді. «Аджип ККО» мұнай компаниясы және Британ «Би Джи Групп» қарашаған жобасының бас оператор қызметін атқарады. Италия- Қазақстан бірлескен компаниялары әр салаларда қызмет атқарады. Батыс Қазақстанда Қарашығанақ газ игеруде Италияның «Аджип СПА» компаниясы, солармен қатар Қазақстанда электрондық — технологиялық тауарлар «Фиат» және «Оливетилер» тұрмысқа қажетті электрондық тауарларды әкеледі. Италия компаниялары ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, химия өнеркәсібі, тері- былғары, дәрі-дәрмек, халық тұтыну және үй жиһаздары салаларында жұмыс істейді.

Екі елдер арасындағы білім-ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге 1994 жылы қыркүйекте қол қойылды. Италияда 41 мемлекеттік университет бар. Ең ірі университеттер Рим, Неаполь, Милан, Болонье және Падуе қалаларында. Қазақстанның Абылай хан атындағы әлем тілдері университетінде италиян тілі кафедрасы жұмыс істейді. Бұл жоба бойынша Италия елшілігі жыл сайын 8000 евро сыйлық ретінде бөліп отырады. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Италияда 35 стипендиат білім алуда. Қазақстан-Италия арасындағы туризм- саяхат салаларында ынтымақтастық дамуда. 2006 жылы туризмді дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы бойынша Италия Қазақстанда туризм саласын дамытуға көмектесіп келеді. Италия туристерін Қазақстанның Шымбұлақ, Медеу, Көкшетау, Бурабай аймақтары қызықтырады.

Авторлық сілтеме:
Мәшімбаев С. М. Еуропа және солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж), Алматы, 2014 ж.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *