ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы Болгария

ХХІ ғасырда Болгарияның социолизмнен капитализмге өту кезеңі өте ауыр қиындықтарға толы болды. Елде әлеуметтік-экономикалық реформалар баяу қарқынмен жүргізілді. Шығыс Еуропа елдері арасында экономикасы артта қалған елдің бірі. Ауылшаруашылығы күйреді, жаппай жұмыссыздық және елде жемқорлық кең етек алды. Жергілікті олигархтар елді тонап, халық кедейшілікте өмір сүріп отыр.

2001 жылы 17 маусымда Болгарияда парламент сайлауы өтті. Сайлау қарсаңында Испаниядан Болгария королінің мұрагері Симеон ІІ елге оралды.

Жаңа партия құрып, елдің саяси ісіне белсенді араласты.

Партиясы «Ұлттық альянс Симеон ІІ (НАС -ІІ)» деп аталды.

Парламенттік сайлауда «Симеон ІІ» партиясы жеңіске жетті. 43% дауыс алып, «Біріккен демократиялық күш», «Болгария үшін» және социолистерден көп дпуыс жинап, парламентте 240 депутаттық орынның 120 депутаттық орын алды. Демократтар — 51 орын, Болгария үшін — 18 орын және түріктерден «Еркіндік және құқық қозғалысы» — 21 депутаттық орын алды. Болгария Президенті П. Стоянов болды.

Жаңа үкіметтің құрамына 16 жас технократ-профессионалдар кірді. Демократтар партиясындағы түріктерде үкімет құрамында болды. Сыртқы істер министрі болып профессор — математик Соломон Паси тағайындалды.

Жаңа үкімет «800 күн» бағдарламасын қабылдады. Басты бағыт елдің экономикасын дағдарыстан шығару. Дағдарыстың басты себептерінің бірі — елдегі саяси тұрақсыздық, реформаның дұрыс жүргізілмеуінде. Сонымен қатар, Балқан соғыстары және экономиканың басты салаларының жұмыс істемеуі болды. 2001 жылы қараша айында Болгарияда президенттік сайлау өтті. Сайлауда социолистік партиядан 52% дауыс алып Георгий Пырванов жеңіске жетті. Болгария премьер-министрі Симеон ІІ елде радикалдық шараларды жүргізді. Салық реформасы жүргізіліп, айлық табысы 51 доллардан аз алғандарды салықтан босатты. Табыс салығы 20 — 38% -дан — 18 — 28%-ға азайтылды. Экономикаға шетел инвеститциясын еңгізуді Тамождық салық мөлшерін азайтты. Жекешелендіруді ашық жүргізуді талап етті. Мемлекеттік бюджетті қысқарту шараларын жүргізді. Сонымен қатар Электр энергиясын тұтыну бағасы 10%- ға қымбаттады. Жалақыны 43 доллардан 51 долларға өсіру. Халықтың арасындағы кедейшілікті азайту үшін әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылды. Жұмыссыздық азаймай отыр. Кейбір аймақтарда жұмыссыздық 80% жеткен. Сүйтіп Болгария ХХІ ғасырға жаңа өзгерістерге толы кезеңге өтіп отыр.

Болгариядағы түріктер мәселесі көп жылдар бойында шешілмей келген еді. Премьер-министр Симеон бұл мәселені шешуде радикалдық шаралар жүргізді. «Еркіндік және құқық қозғалыс» партиясымен үкімет арасында келісімге қол қойылды. Түріктер елдің саяси өміріне белсенді қатысып келеді. 90 жылдарда Болгариядан 400 мың түріктер елден кетуге мәжбүр болған еді. Қазіргі таңда Болгарияда 820 мыңға жуық түріктер тұрады.

 Сыртқы саясаты. Болгария үкіметінің сыртқы саясаты ХХ ғасырдың 90 жылдарында НАТО ұйымымен тығыз байланыстар орнатты. Балқандағы соғыстарда Болгария НАТО әскерлерін өз жерінде орналасуына мүмкіндік беріп, Ресей әскерлеріне рұқсат бермей, шекараны жапты. Бұл саясатты халықтың 70% қолдамады.

Болгария АҚШ-тың Иракқа қарсы агрессиясына қолдау көрсетті. Сонымен қатар АҚШ және НАТО-ның әскерлерінің Ауғанстандағы талибтерге қарсы күресін қолдады. Болгарияның сыртқы саясатындағы басты мәселелерінің бірі Македония мен арадағы қатынастарды шешу болды. Болгария македон тілін және ұлтын мойындаудан бас тартып келеді.

2004 жылы Астана қаласында біріккен комиссияның бірінші отырысы өтсе, 2005 жылы наурызда комиссияның екінші отырысы София қаласында өтті. 2005 жылы 11 наурызда София қаласында тұңғыш рет «Болгар — Қазақстан туристік форумы» өтті. Форум жұмысына қазақ — болгар компания уәкілдері қатысып, екі жақты туризм бизнесін дамытуға келісті.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықта 1994 жылы сәуірде Алматы қаласында Болгария Республикасының мәдени күндері өткізілді. Қазіргі кезде Қазақстанда 2009 жылғы халық санағы бойынша — 7 мың болгар диаспорлар тұрады. Повлодар облысында «Славян» атты болгарлардың қоғамдық қоры жұмыс істейді. Қазақстандағы Халықтар Ассамблеясының қызметіне белсенді қатысып келеді. Болгария университеттерінде қазақстандық 7 болгар студенттері білім алуда. 2005 жылы 14 сәуірде София қаласында Н. Ә. Назарбаевтың «ХХІ ғасыр тоғысында» атты кітабының болгар тілінде шығуына байланысты тұсау кесуі ұйымдастырылды.

Болгарияда 200 мың македондықтар тұрады. 1999 жылы ақпанда Македония үкімет басшысы Любчо Георгиевскии ресми сапарымен София қаласына келді. Бұл сапардың тарихи маңызы зор болды. Келіссөздердің барысында 20-ға жуық келісімдерге қол қойылды. Екі жақты достық қарым-қатынастардың дамуына жаңа жол ашты.

Болгар — Ресей қарым-қатынастары ХХ ғасырдың 90 жылдарында бір қалыпты дамымады. Сауда айналымы 15 млрд. доллардан — 1 млрд. долларға азайды. 1998 жылы Болгария премьер-министрі И. Костов Мәскеуге келіп, екі елдер арасындағы дәстүрлі тарихи байланыстарды жалғастыруға мүмкіндік бар екендігін мойындап, келіссөздерге қол қойылды.

2002 жылы Сочи қаласында Болгария Президенті Г. Бырванов пен РФ Президенті В. В. Путин арасында келіссөздерге қол жеткізді. 2003 жылдан бастап екі ел арасындағы қарым-қатынастар бір қалыпты дамып отыр. «Болгария және Ресей арасындағы достық қатынастарды дамытуға серіктестік» келісімге және Энергетика саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Еуропа елдеріне Ресей газын өткізу үшін Болгария «бас диспетчер» рөліне айналып отыр.

Қазақстан — Болгария қарым-қатынастары. Екі елдер арасында елшілік қатынастар 1993 жылы 5 маусымда орнады. София қаласында ҚР-ның елшілік миссиясының консулы жұмыс істейді.

1993 жылы Болгария Республикасының Президенті Ж. Желев ресми сапарымен ҚР-сына келді. 1999 жылы наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ресми сапарымен Болгарияға барды. Келіссөздердің барысында екі елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвеститция және білім, ғылым, мәдениет байланыстары туралы Біріккен Декларацияға қол қойылды.

2004 жылы 21-23 қыркүйекте ҚР-сына үкіметаралық қазақ-болгар комиссиясының төрағасы В. Церовский келді. 2004 жылы 6 сәуірде ЕҚЫҰ-ның төрағалық қызметін атқарған БР-ның сыртқы істер министрі С. Пасси ресми сапарымен келді. 2006 жылы 11 қаңтарда Н. Ә. Назарбаевтың жаңа қызметке орналасуына, ант беру рәсіміне БР вице Президенті Ангел Марин құрметті қонақ ретінде қатысты.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық. 2005 жылы екі елдер арасындағы сауда айналымы — 21,3 млн. доллар (экспорт — 0,7 млн. доллар, импорт -20,6 млн. доллар). Қазақстан экспортының 98% мұнай өнімдері. Болгариядан дәрі-дәрмек (46%), парфюмерия (15%), автокор (10%) құрайды. 2003 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда 26 біріккен кәсіпорындары жұмыс істейді. 6 Болгария фирмасы тіркелген. 2003 жылы Алматы қаласында «Болгария» сауда үйі ашылды. 2002 жылы Болгарияның «Глав-болгар строй» компаниясы Қызылорда қаласында 76,6 млн. доллар болатын облыстық дәрігерлік орталық салып берді. Екі елдер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуда «Болгар — Қазақ» үкіметаралық комиссия қызметтерін атауға болады.

Авторлық сілтеме:
Мәшімбаев С. М. Еуропа және солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж), Алматы, 2014 ж.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *