ХХ ғасырдағы Франция

ХХ ғасырдың соңында Франция капиталистік қоғам өзінің дамуында жаңа кезеңге өтті. Оның басты белгісі ғылыми-техникалық прогрестің жедел дамуы, оның жетістіктерін өндіріске еңгізу болатын. Францияның автомобиль, ұшақ жасау салаларына автоматты, ақпараттық-инновациялық жүйелер еңгізілді. ХХ ғасырдың ең ірі құрылысы Ла-Манш бұғазы арқылы Англия Еуропа құрлығымен Франция арасын жалғастыратын туннель жұмысы іске қосылды. Францияда жаңа ақпараттық-инновациялық қоғам орнады.

1994 жылы француз парламенті француз тілін қолдануы туралы заң қабылдады. Кәсіпкерлер мен жарнама берушілер өз өнімдерін француз тілінде жарнамаласа оларға мемлекеттен көп көмек көрсетіледі. Француз тілінде сөйлемегендер, басқа тілді уағыздағандарға көп мөлшерде айып пұл салынады. Басқа ұлттардың тілін және дәстүрін сыйлауға шақырады.

1995 жылы Францияда президенттік сайлау өтті. Сайлауда оңшыл партияда Ж. Ширак жеңіске жетіп, Францияның бесінші Республикасының Президенті қызметіне кірісті. 2000 жылы 24 қыркүйекте президенттікмерзімді 5 жылға қысқарту туралы референдум өтті. Оны сайлауға қатысқандардың 73%-ы қолдады. Жаңа конституциялық өзгеріс күшіне енді.

2002 жылғы Президенттік сайлау. 2002 жылы 21 сәуірде Францияның қазіргі заман тарихында жаңа кезеңге өтуге бетбұрыс болды. Президенттікке үміткелер арасында Ұлттық майданнан — Ле Пен, Социалистік партиядан — Лионел Жоспен, Біріккен Республикасын қолдау (ОПР) партиясынан Жак Ширакта түсті. Бірінші турында Ж. Ширак — 19,8 %, Ле Пен — 17,4% және Л. Жоспен — 16%. Солшылдар мен националистер жеңіліс тапты.

5-мамырда сайлаудың 2-турында оңшылдардың жетекшісі Ж. Ширак 82,5% дауыс алып, ең ірі жеңіске жетті. Сайлаудан кейін оңшыл партиялары Франция парламентінде 399 депутаттық орынға ие болып, жиырма жылдан кейін тұңғыш рет бір партиялық үкімет құрылды. Премьер-министр — Раффарен тағайындалды.

Ж. Ширак үкіметі елдегі экономикалық дағдарыстан шығу үшін реформалар жүргізді. Жаңа үкімет 2003 жылы зейнеткерлік жүйеге реформа жүргізіп, зейнеткерлік қорға мемлекеттік қызметкерлер өз жалақыларының 10%-ын бөліп отыруға міндетті болды. Әлеуметтік салаларға қарастырылған жеңілдіктералынып тасталды. Оның ішінде тегін дәрігерлік қызмет көрсету, қалаларда тегін жол жүру жеңілдіктері алынып тасталды. Үкіметтің бұл шешіміне еңбекшілер қарсы күреске шықты. Бұқаралық қарсылық шерулері Францияның ірі қалаларында кең етек алды. Ереуілдерге көлік, қала қызметкерлері, мұғалімдер, мемлекет қызметкерлері белсенді күресті. 2003 жылдың жазында оңтүстік Францияда ыстық болып, адамдарға көмек көрсетілмеді. Ыстықтан 2 мың қарттар мен балалар зардап шекті. Ұлттық жиналыстағы солшыл депутаттары үкіметтің биліктен кетуін, оның ішінде Денсаулық министрі Ж-Ф. Матейді орнына алуды талап етті. Бірақ, премьер- министр Ж. П. Раффарен үкіметті сақтап қалды. Елдегі келеңсіздікті жою үшін Ұлттық қауіпсіздік мекемесін құрып, оны Францияның ішкі істер министрі н. Саркозибасқаруға тапсырды.

Экономикалық дағдарыстан шығу үшін мемлекеттік бюджет тапшылығын азайту, қатал үнемдеу саясатын жүргізді. Оңшыл үкіметтің ішкі саясатына парламенттегі солшыл оппозициялық депутаттарының қарсылығы күшейді. 1997 жылы Францияның премьер-министрі болып социалисть Жоспен тағайындалды. Үкіметтің құрамына социалистер, солшыл радикалдар және коммунистер кірді. «Қызғылт-қызыл-көкшілдер» үкіметі «Жаңа реализм» бағдарламасын қабылдады. Үкімет иммиграция туралы мемлекеттік бюджетті, әлеуметтік салаларға қосымша көмек көрсету туралы заңды парламент арқылы бекітті. Жұмыссыздықты азайту үшін жаңа жұмыс орындарын ашты. Сонымен қатар ірі кәсіпорындардың таза табыстарына салынатын салық мөлшері 15% -ға өсірді. Бұл шаралар бюджет тапшылығын азайтуға, ұлттық ішкі өнім 3 — 4%-ға, өнеркәсіп өнімдерін шығару 55%-ға өсті. Францияда 100 мың адамға жаңа жұмыс орындары ашылды. Жұмыссыздық 10%-ға азайды.

2007 жылы сәуір-мамыр айында Президенттік сайлау өтті. Францияның Президенті болып Н. Саркози (2007-2012жж) сайланды.

2008 жылы елде конституциялық реформа жүргізілді. Зейнеткерлікке шығу жасы 60 жастан 63 жасқа ұзарды. Парламент арқылы Франциядағы заңсыз жүрген эмигранттарды елден шығару туралы шешім қабылдады. 2012 жылы 6 мамырда өткен президенттік сайлауда оңшыл партия жеңіліске ұшырап, Н. Саркози биліктен кетуге мәжбүр болды. Францияның Бесінші Республика Президенті болып социалистік партияның жетекшісі Ф. Оланд сайланды.

Франция — ХХІ ғасырда өндірістік-инновациялық дамыған жеті елдің бірі. Әлемдік экономикалық даму қарқыны жағынан 4- ші орын алады. Францияның сыртқы саудасында Еуропалық Одақ елдерінің үлесі 60% құрайды. Экономикасының басты салалары : автомобиль, үшақ жасау, химия, электротехника, металлургия, темір жол (жылдам жүретін электролокоматив) алдыңғы қатарда келеді. Франция сонымен қатар косметика-аорфюмерия саласында әлемде бірінші орында. Ғарыш саласын игеруде әлемдік деңгейде келеді.

2005 жылы Францияның ішкі ұлттық өнімі — 2 триллион 068 млрд. доллар, жан басына шаққанда — 25,4 мың доллар. Инфляция — 1,9%.

Франция ауылшаруашылық өнімдерін өндіруден Еуропада бірінші орында. Малшаруашылық тауарларының 50% өндіреді. Жылына 7 млн. тонна бидай, қант қызылшасын өндіруден дүниежүзінде 2-ші орын, Еуропада 1-ші орында. Шарап шығарудан Еуропада 2-ші орында, сүт өнімдерінен дүние жүзінде 5-орын, Еуропада -2-ші орында. Сиыр етін өндіруде Еуропада 1-ші орын, дүние жүзінде 6-шы орында.

Сыртқы саясаты. ХХ ғасырдың соңында «Қырғи қабақ » соғыс саясаты аяқталды. Екі полюстық саясат және көп полюстық саясат қалыптасты. КСРО мемлекеті күйреді, АҚШ дүние жүзіндегі ең ірі державаға айналды. Франция АҚШ-тың әлемдік ықпал саясатын қолдаған жоқ. Ұлттық сыртқы саясатта голлизмді жалғастырып «атлантизм» саясатынан бас тартты. 1991 жылы АҚШ-тың Иракқа қарсы «Құмдағы ауыл» операциясын қолдамады. НАТО ұйымының «Бейбітшілік жолындағы серіктестік дикторинасын» қолдап, бұрынғы социалистік елдер арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыруға күш салды.

Франция үкіметінің сыртқы саясатындағы басты мәселе ЕО ұйымының қызметіне белсене араласу басты қызметтерінің бірі. 1990 жылы 19 қаңтарда Люксембургтың Шенген қаласында Франция мен Германия Еуропалық Одақ елдер арасында 1995 жылдан бастап азматтардың визасыз (рұқсат қағазсыз) және кедендік бақылаусыз бір-біріне барып тұруға келісті.

Франция Президенті Ж. Ширак «атлантикалық» саясаттан бас тартты. Француз-Герман-Ресей келіссөздері жүргізіліп, АҚШ-тың әлемдік ықпалына қарсы тұрды. 1998 жылғы АҚШ-тың Сербияны бомбалау саясатына қарсы тұрды. Франция өзінің БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінде вето құқығын пайдаланып отырды.

Француз-Герман елдері арасындағы қарым-қатынастар Еуропадағы бейбітшіліктің сенімді ұстанымы болып қала береді. 2000 жылы он үш жылдан кейін Франция Президенті Ж. Ширак Берлинге барды. 2002 жылы Ганноведе қаласында Германия канцлері Г. Шредермен Ж. Ширакпен кездесті. 2003 жылы екі елдің басшылары кездесіп, 1963 жылғы Шарль де Голль мен ГФР канцлері Аденауэр арасындағы келісімінің 40 жылдығына сенімді келісіміне қол қойылды. 2007-2012 жылдарда Франция Президенті Саркози, бесінші Республика президенттерінің саясатын ұлттық мүддеге сәйкес жүргізіп отырды.

Екі елдің арасында елшілік байланыстар 1992 жылы 25 қаңтарда орнады. Қазақстанда 1992 жылы наурызда Франция Республикасының елшілігі, 1992 жылы шілдеде Қазақстан Республикасының елшілігі Францияда ашылды. Ұзақ мерзімге ынтымақтастық туралы келісімдердің бастауында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1992 жылы қыркүйек айында Францияға ресми сапары, 1993 жылы қыркүйекте Франция Республикасының Президенті Ф. Миттеран Қазақстан Республикасына ресми сапарында екі жақты келіссөздер жүргізіліп, екі елдің арасындағы достық және серіктестік туралы Декларацияға қол қойылды.

2004 жылы 28 маусымда Солтүстік Атлантикалық альянс (НАТО) ұйымының Стамбул саммитінде Франция Республикасының Президенті Ж. Ширак және Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев арасында кездесулер болып, халықаралық лаңкестіқ, Ауғанстан және Ирак мәселелерін шешу жолдарын қарастырды. 2010 жылы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Францияға барып, Франция Республикасының Президенті Н. Саркозимен кездесті. 2010 жылғы желтоқсанда өтетін ЕҚЫҰ-ның Астана саммитінің жұмысына қатысуға шақырып келді. Екі елдер тарихында жоғары деңгейдегі кездесулері 6 рет болды.

Сауда-экономикалық байланыстар. Франция мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 2005 жылы 2,950 млн. доллар (Қазақстан экспорты — 2665,1 млн. доллар, импорт — 290 млн. доллар ). Қазақстаннан Францияға мұнай, темір рудасы, уран, химия өнімдері. Импорт : дәрі-дәрмек, автомашина құралдары, тұрмыс техникалары, тамақ өнімдері (балық), парфюмерия, косметика, киімдер, аксессуарлар, кутюр (жоғары сәнді киімдер).

2003 жылы 19-22 мамырда Астана қаласында Франция және Қазақстан арасындағы экономикалық Форум конференциясына екі елдің 25 компанияларының бизнес өкілдері қатысты. Болашақтағы екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың мәселелері талқыланды. 2004 жылы 10-шы наурызда Қазақстан-Француз үкіметаралық комиссиясының экономикалық байланыстар туралы отырысы өтті.

2005 жылы 3-9 қазанда Францияға Қазақ Ұлттық «Казкосмос» және Францияның «Alcatel Alenia Space» компаниялары арасында космос технологияларын алмасуға келісті. 2010 жылы Франция- Қазақстан арасындағы келіссөздер барысында Қазақстанда жер серігін ұшыруға байланысты жобасын жасауға уәделесті.

Халықаралық «Қазақстан каспии шельф» консорциуммен бірге Францияның мұнай компаниясы «Тоталь» қатысуымен қарашағанда жұмыс атқарады. 1999 жылдан бастап, Алматы қаласында ауыз суды тазалау саласында Францияның «Женерал 6уеs O» компаниясы жұмыс атқарып келеді. Оңтүстік Қазақстандағы Созақ уран өндіру саласында «Кожема» мемлекеттік кәсіпорын жылына 100 тонна уран өндіруге келісті. Қазақстанда Францияның «Бунг» және «Винси» құрылыс компаниялары жұмыс атқарады. Қазіргі кезде Францияның 4 банкі «Сосьте Женераль», «Банк Попюлэд», «БНП Бариба» және «Камеон» мұнай шығару саласында кредиттер бөліп келеді.

2005 жылы Францияның Қазақстан экономикасына салған инвестиция көлемі 2 млрд. 268 млн. долларды құрайды. Франция Қазақстан экологиясын сауықтыруда кредит бөліп келеді. Арал теңізі маңындағы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, су тазалайтын қондырғылар салып берді. Франция 5 млн. евро бөлді.

Мәдени байланыстар. 1992 жылы екі елдің арасындағы мәдени қарым-қатынастарды дамыту туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойылды. Париж қаласында орналасқан ЮНЕСКО ұйымының қолдауымен «Абай», «Жамбыл», «Қыз Жібек» эпосының 500 жылдығы, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін тізімге алып, атамұра бағдарламасы арқылы қорғалуда.

Авторлық сілтеме:
Мәшімбаев С. М. Еуропа және солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж), Алматы, 2014 ж.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *