Кейбір астрономиялық терминдердің орысша-қазақша сөздігі

Кейбір астрономиялық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. «Сфералық астрономия»  деп — аспан сферасындағы шырақтардың, жұлдыздардың, Күннің, Айдың, ғаламшарлардың, жасанды аспан денелерінің және т.б. – көрінерлік орындары мен қозғалыстарын анықтауға арналған есептердің математикалық әдістерін құратын астрометрияның бөлімін атайды. Ол әдістер астрономияның басқа әртүрлі бөлімдерінде кеңінен қолданылады. Сфералық астрономия астрономиялық зерттеулердің бастамасы болып ерте заманнан қалыптасқан.

Сфералық астрономияның негізгі түсініктерінің бірі –  аспан сферасы. Кеңістіктегі әрбір шырақтың бағыты аспан сферасында нүкте арқылы, ал жазықтық – үлкен шеңбер арқылы белгіленеді. Аспан сферасын қолдану аспан шырақтарына бағыттардың араларындағы қатынастарды анықтауды көп жеңілдетеді, кеңістіктегі күрделі қатынастарды сфера бетіндегі қарапайым фигураларға алып келеді. Оның «сфералық астрономия» – деп аталуының өзі де осыдан.

Аспан сферасындағы нүктелердің орындары мен қозғалысын зерттеу үшін онда арнайы координат жүйелерін енгізеді. Сфералық астрономияда горизонталды, екі экваторлық, эклиптикалық және галактикалық координат жүйелері қолданылады. Олардың арасындағы байланыстар сфералық тригонометрияның формулалары арқылы жүзеге асады. Сфералық астрономия аспанның тәуліктік айналысымен байланысты құбылыстарды, яғни Жердің өз осінен айналуына байланысты шырақтардың көрінерлік қозғалысын зерттегендіктен, аспан сферасы шығыстан батысқа қарай дүние осінен айналады және оның айналуының бұрыштық жылдамдығы шамасы жағынан Жердің айналу жылдамдығына тең. Жердегі бақылаушы аспан сферасынан осы айналуды көреді. Горизонталды және экваторлық координат жүйелерінің арасындағы байланыстар арқылы аспан шырақтарының шығу және бату уақыттарын, кульминациялау, элонгациялау моменттерін, уақыттың берілген моментіндегі орындарын және т.б. анықтауға болады. Сфералық астрономияның есептерінің біріне таңдалып алынған екі шырақтың биіктіктерінің бірдей болу шартын пайдаланып бақылаушының тұрған жерінің географиялық координаттарын анықтау жатады.

Уақытты өлшеу мен есептеудің астрономиялық жүйесінің теориялық негізін қалау сфералық астрономияның маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Сфералық астрономияда уақыт бірліктері мен олардың арасындағы байланыстар анықталады. Уақытты өлшеудің негізіне Жердің өз осінен айналуы, Жердің Күнді айнала қозғалысы сияқты табиғаттағы периодты құбылыстар алынады.

Тікелей бақылаулар арқылы анықталған аспан денелерінің координаттары әртүрлі факторлар әсерінен қате өлшенеді. Ең алдымен Жердің айналу осімен байланысқан координат осьтері прецессия мен нутацияның әсерінен айналады да, өздерінің тұрақты бағытарын сақтамайды. Аберрацияға байланысты аспан шырақтары өздерінің Жер айналмаған кездегі нақты орындарынан біраз ығысып көрінеді. Бақылау нәтижелері рефракцияның әсерінен де бұзылады. Бақылауларды өңдегенде параллакстардың да әсерін ескеру керек. Айтылған қателіктерден құтылу үшін шырақтардың координаттарына түзетулер енгізу қажет. Ол үшін уақыттың белгілі бір моментіндегі, мысалы 1950.0 немесе 2000.0 жылғы, Жердің айналу осі мен көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесімен байланысқан координат жүйесін енгізеді. Барлық шырақтардың прецессия, нутация, аберрация, параллакс және рефракция бойынша түзетілген координаттары уақыттың дәл осы моментінде айтылған координат жүйесінде беріледі.

Осы айтылған бақылау қателіктерін түзеткеннен кейін ғана аспан шырақтарын бақылау нәтижелерін географиялық координаттарды, азимут пен уақытты анықтау, теориялық зерттеулер және т.б. практикалық мақсаттар үшін қолдануға болады.

Оқу құралының құрамына астрономияда және физиканың механика бөлімінде қарастырылатын «Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы», «Планеталардың конфигурациялары», «Тасу және қайту», «Кеплер заңдары», «Космостық жылдамдықтар» сияқты кейбір тақырыптар енгізілмеді.

Орысша атауыҚазақша аудармасы
аномальный годаномалдық жыл
астрономический календарь-ежегодникжылдық астрономиялық күнтізбе
атомное времяатомдық уақыт
барицентрическое координатное времябарицентрлік координаттық уақыт
бесселевый годбессельдік жыл
Большая МедведицаҮлкен Жетiқарақшы
большой кругүлкен шеңбер
високосный годкібісе жыл
восходшығу
ВселеннаяӘлем
Всесоюзное астрономо-геодезическое общество (ВАГО)Бүкілодақтық астрономо-геодезиялық ұйым (БАГҰ)
всемирное времябүкiләлемдiк уақыт
всемирное координированное времядүниежүзілік үйлестірілген уақыт
геоцентрическое координатное времягеоцентрлік координаттық уақыт
горизонткөкжиек
двойная звездақос жұлдыз
долготабойлық
ДраконАйдаһар (Дракон)
драконический месяц (год)дракондық ай (жыл)
заходбату
звездная величинажұлдыздық шама
звездное времяжұлдыздық уақыт
земное времяжерлік уақыт
земное динамическое времяжерлік динамикалық уақыт
истинно-солнечные суткинақты күндiк тәулiк
календарькүнтізбе
кратные звездытоп жұлдыздар
лунное затмениеАй тұтылуы
Малая МедведицаКiшi Жетiқарақшы
малый звездный атлас А.А. МихайловаА.А. Михайловтың кіші жұлдыздық атласы
Малый ПесКiшi Төбет
Международный астрономический союзХалықаралық астрономиялық одақ
местное времяжергiлiктi уақыт
мирдүние
Млечный ПутьҚұс Жолы
морской ежегодный календарьтеңіздік жылдық күнтізбе
наблюдательбақылаушы
небесная сферааспан сферасы
новолуниеЖаңа Ай
нульпунктнөлпункт
ОрелБүркiт
Первая четвертьБірінші ширек
планетапланета (ғаламшар)
подвижная картажылжымалы карта
полнолуниетолған  Ай
ПолярнаяТемiрқазық
последняя четвертьСоңғы ширек
поясное времябелдеулiк уақыт
противостояниеқарама-қарсы тұру
процессүрдіс
прямое восхождениетiк шарықтау
светилошырақ
сезонное времямаусымдық уақыт
сидерическое (звездное) времясидерлік (жұлдыздық) уақыт
сидерический (звездный) месяц (год)сидерлік (жұлдыздық) ай (жыл)
синодический месяц (год)синодтық ай (жыл)
система летоисчисленияжылнама
склонениежіктелу (ауысу)
соединение (нижнее, верхнее)қосылу (төменгi, жоғарғы)
созвездиешоқжұлдыз
солнечное затмениеКүннің тұтылуы
солнцестояние летнее (зимнее)күн тоқырауы жазғы (қысқы)
справочник любителя астрономииастрономия оқырманының анықтамасы
спутниксерік
суткитәулік
точка весеннего (осеннего) равноденствиякөктемгi (күзгi) күн мен түннiң теңелу нүктесi
тропический месяц (год)тропиктік ай (жыл)
универсальный преобразователь датдаталардың әмбебап түрлендіргіші
исторический или хронологический счет леттарихи немесе хронологиялық жыл санау
частное затмениешала тұтылу
широтаендiк
школьный астрономический календарьмектеп астрономиялық күнтізбесі
эфемеридное времяэфемеридтік уақыт
юлианский периодюлиандық кезең

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *