Қазіргі адам эволюциясы

Уақыт өте Н. Sapiens түрі қалыптасуын, шамамен, жоғарғы палеолиттің ортасына жуық тамамдай бастады. Бірақ адамның «эволюциялық тамамдалуы» салыстырмалы түрде оның биологиялық ұйымының қандай да болмасын өзгерісінің толық тоқтап қалуы деген емес. Голоценде жəне тіпті, одан да ерте дəуірде адамның морфологиялық құрылымының мəртебесінде алуан түрлі дамулар болғанын атап айтуға болады («эволюциялық жойылу»), («дəуірлік тербелістер» жəне т.б.).

Қазіргі адамның қаңқасында эволюцияның өзгерткіштік құбылысының көріністерін, антопогенез кезеңінде өмір сүргендердегі эволюция тенденцияларымен сəйкестігін көруге болады. Оларға сүйектің жалпы салмақсыздануын, дененің жалпы салмағының ұзындығының бірлігіне қарай азайғанын, жақ-сүйек аппаратының, тіс өлшемінің өзгерісін, ақыл тістің редукциясын, дененің қысқаруын, аяқтағы саусақтардың қысқаруын, т.с.с. жатқызуға болады.

Осы деректерге сүйене отырып, салыстырмалы анатомиялық концепциясының таралуына «келешектің адамы» – Н. Futurus – сияқты үлкен баспен, беттері мен тістері редукцияланған, аяқтарында төрт саусағы бар жəне басқа да белгілері кіреді. Қазіргі адамның көптеген белгілері кездейсоқ мутацияның əсерінен болуы мүмкін деген болжамдар айтылады. Мысалдарды келтіреміз.

Дж. Симпсонның эмпирикалық жинағының ұсынысы бойынша дегенерация құрылымы үлкен өзгеріспен сипатталады. Дəл осындай үлкен өзгергіштікті адамның XII жұп қабырғасы: ұзындығының вариациялық еселігі 27%-ын құрап жəне қасында орналасқан XI жұп қабырғадан үш есе артықтығын көруге болады. Бірақ «əдеттегі» қазіргі еуропалықтарға тəн XII (қабырғасының орташа ұзындығы 100 мм) қабырға бірнеше он мың жылдар бұрын өмір сүрген палеонтроп Схул IV қаңқасында да анықталған.

Ақыл тістің редукциясы – бұл да өте ертеректегі белгі, ол жасы шамамен 1 млн. жылға жуықтайтын лантьяндық синантроптың жақ сүйегінде болған жəне бұл жағдайда сапиенстің жақ сүйегінде ақыл тістің жоғалуы болмаған. «Болашақтың адамының» анатомиялық белгілері бір-бірімен байланыссыз біртұтас кешенге бірікпеген. Жеке популяциялардың қаңқаларындағы өзгерістер басқа түрлермен салыстырған кезде, біршама өзгерістерге ұшырағанын көруге болады. Бұған алынған кейбір сүйек қаңқасындағы жүйелердің үйлесімділігі дəлел.

Ортаңғы бақайдың ерекше қысқаруы (брахимезофалангия) қазір гі адамдардағы дене өлшемдерінің қысқаруымен байланысы болуы мүмкін жəне Н. sapiens үшін жалпы редукциялық процес деп қарастыруға болмайды.

Қазіргі адамның биологиялық ұйымының өзгерісінің тағы бір мысалы – күрделі дəуірлі өзгеру деп аталған, яғни биологиялық параметрлердің əр түрлі бағыттағы тербелістері, соның ішінде барлық құрылымды белгілер, негізінен палеоантропологиялық материалдарға тиесілі. Сонымен, айталық, сапиенс миының салмағының ауытқуында əр түрлі хронологиялық кезеңдерде біркелкілік байқалмайды. Кроманьондықтардың ми бассүйегінің сиымдылығы өте үлкен болған (шамамен, орташа 1800 см3 ), ерте неолитте кішірейіп, кейіннен Еуропада қайтадан оның көлемі үлкейген. Соңғы жүз жылдықта (лондондық мұрағаттардың бірінің деректерінде) ерлер мен əйелдердің миының салмағы сəйкесінше, 66 жəне 28 г. артқан.

Алынған белгілердің қатарының өзгергіштігі сұрыптың ауқымдарымен шектеулі екені белгілі. И. И. Шмальгаузен айтып кеткендей, сұрыпталудың тұрақтылығы пайда болғанда, жаңа туған адамның үйлесімді мəртебесі шеткі салмағының мəнімен емес, орташа дене салмағының мəнімен анықталады. Қазірде сəйкес қадағалаулар адамзаттың көптеген тобында қарастырылады, əлбетте, медицинаның озықтығы маңызды дəрежеде сұрыпталудың осы нəтижесін алып тастайды. Бірқатар елдер (Чехия, Словакия, Норвегия жəне т.б.) соңғы онжылдықта салмағы төмен жаңа туылғанғандардың өлімін азайтқан: белгілітұрақтандыру нəтижесі бұл ретте азырақ пəрменді болады.

Қалыпты жағдайдан сұрыпталудың ықпалының шамадан жоғары ауытқуы орын алса ғана, əсері болады. Сонымен, əлемнің əр түрлі елінің зертханасының деректерінің нəтижелерінде шамамен, барлық аборт жасатқан эмбриондарының 1/5 бөлігі хромосомдарында ауытқушылықтар анықталған. Антропометрикалық белгілерді зерттеу барысында некедегі екі адамның үлкен тұқымқуалаушылық бөлігі айтарлықтай «адаптивті шамасынан» ауытқиды, жүктіліктің патологиясы, айталық ойламаған жерден белгілі бір себептермен жасалатын аборттарға қарағанда, жиі кездеседі. АҚШ деректерін қарасақ, орташа бойлы ерлері жиі некелеседі жəне салыстырмалы түрде ұзын немесе аласа бойлы ерлерге қарағанда, көп балалы болады (Mitton, 1975).

Қазіргі адамның сұрыпталуының тағы бір таралған формасы– дизруптивті («ажыраушы») сұрыпталу. Түрішілік полиморфизм факторы оның сақталуы мен күшеюіне алып келеді. Бұл процестер Н. sapiens түрінің өмір сүруінің əр түрлі тіршілік орталарында бейімделуін арттырады. Нəсілдің кейбір белгісі, өз уақытында дизруптивті сұрыптың нəтижесінде қазіргі адамдардың «бейімделгіш типінің» пайда болуына əкелуі мүмкін.

Жеке адамдардың популяцияларының физиологиялық жəне биохимиялық ерекшелiктерінің таңдаулы мəнi болуы мүмкiн. Басқа жағынан, қоршаған ортаның құрылымына адамның кiрiсуі популяциялардағы гендерiнiң бейімделгіштік мəнiн өзгертуге жəне кейбiр генотиптердің өзгерiстерiнің сұрыпталуына себепшi бола алады.

Жоғарыда қарастырылған мысалдар көрсеткендей, əзірге Н. sapiens түрінің құрылымының кешенді өзгерістерінің голоценнiң зерттелген кесiндiсiне сүйене дөп басып айту жеткіліксіз. Бақыланған ілгерілеудің негізгі бөлігі – біркелкі жəне құрылымдық ауытқудың сипаты бір бағыты, түрдің кешенді ауқымына сиымды жəне эволюциялық процестің бөлігі емес, ол тек қана тербелісінің фазасы (В. В. Бунак).

Қазіргі адамның осы биологиялық жəне əлеуметтік факторлардың процестеріне деген ықпалы оның күрделі əрекеттестігінде. Табиғи сұрыпталудың əлсіреуі кейде адамзаттың генетикалық дегенерациялануы ретінде (гетерозиготті күйде) қауіпті жинақталған мутацияны айтуға болады. Жер бетіндегі халық санының өсуі мен панимаксияның күшеюі мутациялық процестердің дамуына жол бермейді. Басқа жағынан, мутация, миграция, оқшаулану əсер етпесе, популяцияның өзі геннің жиілігін, генетикалық гомеостазды сақтап қалуға тырысады.

Сонымен, келесі ұрпақтарда геннің жиілігінің өзгеруі, негізінен, эволюциялық өзгерісті құрауы мүмкін, оларды алуан түрлі ықпалдардың əсерінен, соның ішінде бірінші кезекте антропогендік əсерден қорғау қиынға соғады. XX ғасырдың ортасында адам мен қоршаған ортаның арасындағы қарым-қатынас, антропогендік фактордың əсерінен қоршаған ортаның қатты ластануы үлкен актуалды мəселеге айналып отыр, осының барлығы адам экологиясы деп аталатын кешенді ғылымды жасауға алып келді.

Авторлық сілтеме:
Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. Антропология: Оқулық. / Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011.– 288 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *