Қазақстандағы жұмыссыздық пен инфляция арақатынасы

Әлемде XX ғасырдың екінші жартысында инфляция мен жұмыссыздық мәселесі болмаған елдер жоқ. Қазіргі уақытта инфляция-қаржыға, тұтастай алғанда ақша және экономикалық жүйеге теріс әсер ететін ең қауіпті процестердің бірі; инфляция ақша сатып алу қабілетінің төмендеуін ғана емес, шаруашылық реттеу мүмкіндіктерін бұзуды білдіреді, құрылымдық қайта құруларды жүргізу, бұзылған пропорцияларды қалпына келтіру бойынша күшжігерді жоққа шығарады; өндірістің қаржылық нәтижелерінің нақты көрінісін, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді тұтыну деңгейі мен серпінін бұрмалайды; салықты дұрыс анықтауға және алуға, мүлікті бағалауға, халық пен кәсіпорындардың табыстары мен шығындарын нақты анықтауға мүмкіндік бермейді.

Бұл күрделі құбылыстардың мазмұны ұлттық табыс пен қоғамдық байлықты жаппай және бақылаусыз қайта бөлу; жұмысшылар санының төмендеуі салдарынан ел экономикасының бұзылуы; инфляция үй шаруашылықтары мен фирмаларының нақты кірістеріне тікелей әсер етеді, шаруашылық субъектілері арасында байлықты қайта бөлуге әкеп соғады. Сонымен, нарықтық экономиканың ажырамас бөлшегі жұмыссыздық — экономикалық белсенді халықтың уақытша жұмыспен қамтылмауы болып табылады.

Алайда, ең алдымен, Қазақстан жағдайында жұмыссыздықты тудыратын дағдарыстың сипаты туралы айту керек. Бұл қалыптасқан капитализм экономикасынан белгілі циклдік дағдарыс емес, тек фрикциондық және шектеулі құрылымдық жұмыссыздық ғана айқындалады. Қазақстанда жаппай жұмыссыздық трансформациялық экономикалық дағдарыс тудырады. Ол командалық экономикадан нарықтық экономикаға көшу шарттарының терең қайшылықтарын көрсетеді және циклдік емес, негізінен құрылымдық сипатқа ие.

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт бойы бар. Ол жұмыс істеуімен және ақшаның пайда болуымен тығыз байланысты. Инфляция термині (латынша inflatio-кебу) алғаш рет 1861-1865 жж. азаматтық соғыс кезінде Солтүстік Америкада қолданыла бастады. Бұл термин Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Англия мен Францияда қолданылған, ал кеңестік экономикалық әдебиетте XX ғасырдың ортасынан бастап инфляция ұғымы кеңінен таралған. Инфляцияның дәстүрлі анықтамасы — тауар айналымының қажеттілігінен тыс ақша массасымен айналым арналарын асыра толтыру, бұл ақша бірлігінің құнсыздануын және тиісінше тауар бағаларының өсуін тудырады. Инфляция тауар бағасының өсуінде көрінсе де, таза ақша феноменіне ғана теңестірілуі мүмкін емес. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі салаларында ұдайы өсудің сәйкессіздігінен туындайтын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдерінде экономиканың қазіргі заманғы дамуының аса өткір проблемаларының бірі болып табылады. Ақша өзінің сатып алу күшінің тұрақтылығын сақтайтын тауарлар мен шетел валюталарына қатысты құнсызданады.Инфляция-бұл көптеген нарықтарда сұраныс пайдасына ұзақ теңсіздікке байланысты туындайтын елдегі бағалардың жалпы деңгейінің артуы. Басқаша айтқанда, инфляция-бұл жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс арасындағы теңгерімсіздік.

2018 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша еңбек өнімділігінің өсуі бәсеңдеп, 3,7%-ды құрады. Аталған бәсеңдеу өнімділік үздіксіз үдегеннен кейін 2016 жылғы үшінші тоқсаннан бастап орын алды. Бүкіл экономика бойынша еңбек өнімділігінің оң серпіні тауарларды өндіру салаларында өнімділіктің біршама өсуінің (7%-ға) сақталуымен байланысты болды. Өнеркәсіпте еңбек өнімділігі негізінен тау-кен өндірісіндегі өнімділіктің ұлғаюы (9,9%-ға) есебіне өсті, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 1,2%-ға қысқарды. Ауыл шаруашылығы мен құрылыста еңбек өнімділігі 4,2%-ға және тиісінше 12,2%-ға өсті.

2017 жылғы төртінші тоқсанда қызмет көрсету секторындағы еңбек өнімділігі 2014 жылдың соңынан бастап сақталған біршама құлдыраудан кейін оң аймаққа өтті. 2018 жылғы бірінші тоқсанда оң серпін жалғасын тапты, және өсу 2,3%-ды құрады. Қызмет көрсету секторындағы еңбек өнімділігінің өсуі оның қаржы және сақтандыру қызметінде (21,1%-ға), көлікте (5,8%-ға), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте (5,6%-ға), тұру және тамақтану қызметтерінде (3,2%-ға), байланыс қызметінде (2,8%-ға) ұлғаюы есебінен байқалды. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікпен операцияларда (29,5%-ға), басқару және қосымша қызмет көрсету саласындағы қызметтекәсіптік, ғылыми және техникалық қызметте (11,9%-ға) өнімділік төмендегені байқалды. Жұмыс күшіне шығындардың үлес салмағының серпіні 2015 жылғы төртінші тоқсаннан бастап алғаш рет оң аймаққа өтті.

2018 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыс күшіне шығындардың үлес салмағының өсуі 0,35%-ды құрады. Аталған ұлғаю номиналды жалақының өсу қарқынының жылдамдауы аясында байқалды.

2018 жылғы екінші тоқсанда жалпы алғанда еңбек нарығында қолайлы жағдай байқалды. Жұмыссыздық деңгейі өзгеріп, 4,9% болды. Жұмыссыздықтың өзгеріссіз деңгейі экономиканың көптеген салаларында экономикалық белсенділіктің оң серпінінің сақталу аясында байқалды. Бұдан басқа, Теңіз кен орнын кеңейту жобасымен қоса еңбекпен қамту мен инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру да қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. 2018 жылғы екінші тоқсанда жұмыс күші 1,1%-ға ұлғайды,ол бірінші кезект жұмыспен қамтылған халықтың өсуі есебінен болды. Жұмыспен қамтылған халықтың өсуі жалдамалы жұмысшылардың ұлғаюымен негізделді. Бұл ретте өз бетінше жұмыспен қамтылған халық төртінші рет қатарынан төмендеуде (2,8%-ға төмендеу) ол бірінші кезекте өнімсіз жұмыспен қамтылғандар есебінен болды.

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте (2,7%-ға), білім беруде (2,6%-ға), өңдеу өнеркәсібінде (2,6-ға), саудада (2,5%-ға), көлікте (1,7%ға), байланыста (1,6%-ға) ұлғаю байқалды. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлік операцияларында (9,3%-ға), тау кен өндіру өнеркәсібінде (0,6%-ға), электрмен жабдықтау (0,3%-ға) қысқару орын алды. Ауыл шаруашылығы (0,5%-ға) мен құрылыста (8,9%-ға) аталған салаларда еңбек өнімділігінің өсуі аясында жалдамалы жұмысшылардың төмендеу үрдісі сақталды. Баға және инфляциялық процестер.Тұтынушылық сектордағы бағалар. Жылдық инфляция екінші тоқсанда наурыздағы 6,6%-дан маусымда 5,9%-ға дейін төмендеп,5-7%нысаналы дәліздің ортасына жуық қалыптасты.

Теңгенің айырбастау бағамының әлсіреуі және халықтың нақты кірістерін қалпына келтіру инфляцияның баяулауына тежеуші әсерін тигізді. Тұтынылатын тауарларда импорттың үлесі жоғары болып келетін тауарлық позициялар олардың құнының біршама қымбаттауын көрсетті (киім, аяқ киім, жемістер және т.б.). Бұл ретте, бағамның әлсіреуі шектеулі болып қалды, себебі ұзақ пайдаланылатын азық-түлікке жатпайтын тауарлардың басым бөлігіне бағаның өсу қарқынының баяулауы байқалды. Аталған кезеңде кәсіпорындардың өткен тапсырыстарға сұраныстың деңгейін ескере отырып,ағымдағы бағаларды сақтау үшін қорлары болуы ықтималы.Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тарифтерді өткен жылмен салыстырғанда неғұрлым біркелкі индексациялау да инфляциялық аяның төмендеуіне ықпалын тигізді. Сонымен, біз макроэкономикалық саясаттың ең күрделі мәселелерінің бірін- инфляция мен жұмыссыздықты бір мезгілде реттеуді қарастырдық. Инфляция-қаржыға,тұтастай алғанда ақша және экономикалық жүйеге теріс әсер ететін, сондай-ақ шаруашылық реттеу мүмкіндіктерін бұзатын ең ауыр және қауіпті процестердің бірі. Инфляция өзінің сипаты, қарқындылығы, көріністері бойынша әртүрлі болады. Жұмыссыздық еңбек нарығында жұмыс күші ұсынысының оған деген сұраныстан асып түсуі ретінде әрекет етеді. Орташа алғанда жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 5-7% құрайды. Жұмыс күшін реттеудің негізгі бағыттары арасында мыналарды атап көрсетуге болады: 1) Жұмыспен қамтудың өсуін ынталандыру және мемлекеттік сектордағы жұмыс орындарының санын арттыру жөніндегі бағдарламалар; 2) кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі бағдарламалар; 3) жұмыс күшін жалдауға жәрдемдесу бағдарламалары; 4) жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру бағдарламалары. Еңбек нарығын реттеу жүйесінде жұмыс күші нарығында делдалдық функцияларды жүзеге асыратын арнайы мекемелер болып табылатын еңбек биржалары ерекше орын алады.

Авторлық сілтеме:
ӘБІЛНҮСІПОВА Г., ЖАНУЗАКОВА А.Р., ЖАКИБАЕВА Л.Б. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері, Өскемен қ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *