Қазақстан-Латвия арасындағы ынтымақтастық

1992 жылы 10 желтоқсанда екі елдер арасында елшілік қатынастар орнады. 1995 жылы Вильюс қаласында Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды. Елшілік қызметін үш елмен бірігіп атқарады: Литва, Эстония және Латвия елдерінде. 2004 жылы тамызда Ригада — Қазақстан Республикасының консульдік бөлімі ашылды. 1994 жылы желтоқсан айында Латвия Президенті Г. Улманис Қазақстанға тұңғыш рет ресми сапармен келді.

2000 жылы 24-26 мамырда Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Е. Ідірісов Латвия Республикасына ресми сапармен барды. 2001 жылы 5-7 қыркүйекте Латвия Республикасының премьер-министрі А. Берзиньши Қазақстанға ресми сапармен келді. 2004 жылы наурызда Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрі А. Есімов Латвия Республикасына жұмыс сапарымен барып, екі ел арасындағы келісімдер барысында, Латвияның Вентспис теңіз портында 2,5 мың тонна астық сақтайтын терминал салуға қол қойылды.

2006 жылы 17-18 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ресми сапармен Латвия Республикасына барды. Сапар барысында Латвия Республикасының Президенті В. Вике Фрейбергпен әңгімелесті. Екі елдер арасындағы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастық туралы Декларацияға қол қойылды. 2001 жылы ақпан айында Латвия Республикасына Қазақстан Республикасының парламент делегациясы барып, екі ел парламенттер арасындағы байланыстарды дамытуға келісті.

Сауда-экономикалық байланыстар. Екі ел арасындағы сауда айналымы 2005 жылы 148,2 млн. доллар. Қазақстан экспорт — 126,6 млн. доллар, импорт — 21,6 млн. доллар. Қазақстаннан Латвияға — тоқыма материалдары, металлдар, өсімдік майлары, Латвиядан Қазақстанға — машина, өндіріске керекті құрал- саймандар, тамақ өндіріс, балық консерв тағамдары, жеңіл өнеркәсіп тауарлары әкелінеді. 2000 жылы маусым айында Қазақстан — Латвия өндірістік палаталар арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Қазақстанда 44 бірлескен кәсіпорындары жұмыс істейді. Латвияда 33 бірлескен Қазақ-Латвия фирмалары мен компаниялары жұмыс жасайды. Қазақстанда «Латвия сауда орталығы»- қойма құрылыстарын салуға, латыш кәсіпкерлерінің тауарларын әкеледі. Басты офисі Алматы қаласында орналасқан. 2001 жылы 5 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан — Латвия сауда-экономикалық ынтымақтастық үкіметтік комиссия отырысы өтті. Латвия Қазақстан үшін Солтүстік Еуропа елдеріне баратын бірден-бір көпір болмақ. Сондықтан болашақта салынып жатқан Батыс Қытай — Батыс Еуропа автомобиль жолының маңызы болмақ. Бұл халықаралық «Жібек жолы» Еуропаға шығатын басты қақпасы болады. Латвияның жол құрылысы компаниялары жол құрылысые салуға қатысуға ниет білдіруде.

Мәдени байланыстар. Екі арасындағы мәдени қарым- қатынастар әр салада дамып келеді. Қазақстан киноматографиялары 1998 жылы Рига қаласында өткен халықаралық фистивальдарға қатысты. 1998жылы қазан айында Алматы қаласында өткен «Евразия — 98» кинофистивальіне Латыш кино мамандары қатысты. 2000 жылы Рига қаласында Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы Академиясымен Латвияның «ANS Training center» арасында тәжірибе алмасу туралы келісімдерге қол қойылды. «Янтарная звезда 2004 » V халықаралық конкурста А. Жорабаева Гран-при жүлдесін алды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *