Қанның құрамы мен қасиеттері слайд

Біздің слайд тақырыбы: «Қанның құрамы мен қасиеттері». Қанды жай көзбен қарағанда бір түсті сұйық зат сияқты, шынында бұл олай емес. Қанның құрамы шын мәнісінде өте күрделі. Тамырдағы қанды микроскоппен қарағаныңызда ағып жатқан «өзен» сияқты, бірақ ол «өзеннің» суындай бір ыңғай емес, одан біз әр түрлі клеткаларды көреміз. Кан негізінен қою және сұйық болып екіге бөлінеді: бұған мысал ретінде малдың қанын алайық. Жаңа бауыздаған малдың қаны шамалы тұрғаннан кейін ұйиды. Ұйыған қанның үстіне кілкілдеген сарғыш сұйық зат пайда болады. Ол сұйық зат та қан болып табылады. Ал енді оның астыңғы жағынан қарақоңыр қою қан көрінеді. Слайдтың келесі бөлімдерінде қарастыратынымыздай қою қанның құрамы клеткалы бірнеше элементтерден тұрады: бұлар — қызыл (эритроцит), ақ (лейкоцит) түйіршіктер және қан пластинкасы (тромбоцит). Бұлар қанмен араласып қозғалысқа түскенде әр қайсысы жеке міндеттер атқарады.

Скачать / Жүктеу

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *