Қаңқа дамуының жалпы сипаттамасы

Біз қарастырған барлық жағдайлар тірек-қимыл жүйесінің дамуына, оның ішінде қаңқаның құрамына, қан құрамы мен лимфа құрамына енетін шеміршекті, сүйекті, бұлшықет ұлпалар мен клеткалардың дифференцировкасы май ұлпасы мен дентиннің дамуы кезіндегі жүрген процестерді еске түсіреді. Бұл клеткалардың барлығы ұлпа-байланыстырушы типке жатады яғни шығу тегі бойынша олар ұқсас. Клеткалардың өзгеруіне əсер етіп, клеткалық адгезияға қолайлы жағдай тудыратын клетканың байланыстырушы қасиетін пайдаланып, матрикс физикалық жəне химиялық жолдармен ары қарай түзілетін клеткалық дифференцировканы бастауына қатысады. Фибриобластардың, шеміршекті, сүйекті клеткалардың ортақ қасиетіне құрамында коллогендер бар тығыз клеткаішілік матрикстің секрециясы жатады. Адиноциттармен жəне тегіс бұлшықет клеткаларымен бірге олар дененің «архитектуралы картасын» түзейді, оның формасын анықтайды, тірек элементінің қызметін атқарады жəне əр ұлпа мен əр мүшедегі қалпына келу процестеріне қатысады.

Шеміршек тығыз, деформацияға қабілетті, түрлі клеткалардан құралған оның ішіне шеміршекті-хондробласт жəне хондроциттерден тұратын байланыстырушы ұлпа. Бұл клеткалардың барлығы көптеген жұқа коллагенді қапшықтары бар, хондробластардан түзелетін икемді клеткалардағы матриксте (хондрин) орналасады. Шеміршек сыртынан перикардиямен сыртынан қапталған, ол жерде жаңа хондробластар мен негізгі шеміршек заты түзіледі. Осының нəтижесінде шеміршек интерстициальді өседі.

Сүйек — күрделі ұлпа

Сүйек матриксі алдын ала қалыптасқан матрикстың бетінде орналасқан остеобластармен синтезделінеді. Кологеннен тұратын жаңа синтезделген матрикс калций фосфаты мен басқа да бейорганикалық байланыстардың нəтижесінде тез минералданады. Сүйектер органикалық жəне бейорганикалық заттардың жиынтығынан тұрады. Бұл өз кезегінде сүйек материалының мықтылығын, тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Бірақ өзінің қаттылығына қарамастан, сүйек иілгіш жəне өзгерістер мен қайта құрылуға икемді келеді. Оның клеткаішілік тығыз матриксы остеокластар арқылы пайда болатын каналдармен қуыстарға бөлінген. Сүйек салмағының 15%-ын клеткаларының фибриобластары құрайды. Олар сүйектің қайта құрылуы мен матрикстің жаңаруындағы үздіксіз процеске қатысады. Қалыпты жағдайда жылына сүйек затының 5-10%-ы өзгереді.

Эмбрионда шалинді шеміршегінен бірінші бала сүйектердің кішкентай үлгілері түзеледі. Əрбір осындай үлгі өседі, жаңа шеміршектің түзілуіне байланысты олар сүйектермен алмасады. Осылайша, сүйек тек аппозиция жасымен өсе алады, яғни қатты тканнің бетінде матрикстің жинақталған бөлігі клеткалармен бірге өседі. Көптеген сүйек типтерінде бұл процесс «қартайған» уақытында немесе ересек кезінде басталады. Мысалы, ұзын сүйектердің сүйектенуі диафиздің орта кезімен байланысты. Мұнда, перихондрияда дөрекі қапшықты сүйекті манжетка түзеледі жəне диафиз тығыз ұлпаның сақинасында орналасады. Ұзын сүйектерде сүйектену эпифиз бағытында жүреді, олар диафизден кейін немесе оған тəуелсіз сүйектенеді. Бірақ сүйектің өсуі осыдан кейін жүреді. Бұл түп соңында сүйектенетін эпифиз бен диафиздің шекарасында өсу зонасында іске асады. Бас қанқаның сүйектерінің өсуі де сүйектену орталықтарынан басталады.

Оссификация басқаңқа шеміршегінің өсуімен жалғасады. Олардың толымсыз өсуінен тұрақты таңбалар сақталуы мүмкін. Олар басқаңқа сүйектерінің арасында сүйектенбеген дəнекер аралықта орналасады. Ең соңында өсіп келе жатқан сүйектердің «соғысуы» мен басқанқаның тігістерінің өсу процесі басталады. Осы сəттен бастап, ұзын сүйектерде (өсу зонасына арналған басқаңқа тігістерінің облитерациясының бастауы) біз өзіміздің дефинитивті мөлшерлерінің сүйектенуі туралы айтамыз. Ары қарайғы өзгерістер сүйек рельефі мен сүйек микроқұрлысының дамуына байланысты. Тіршілік барысында көрсетілген құбылыстардың реттелуі белгілі деңгейде механикалық жүктелмеген, бұлшықеттің арнай дамуымен, эндокриндік жүйенің жас аралық өзгерістерімен, метоболитті процестер жолымен анықталады.

Жыныстық жағынан жетілу кезеңі немесе перипубертатты кезең (лат. Pubertas сөзінен) – биологиялық қайта құрылулар маштабтылығының көзқарасы бойынша, онтогенездің маңызды сатысы болып табылады. Ол өзіне екі кезеңді біріктіреді: ерте (пубертат алды) жəне ересек (пубертатты).

Пубертат алды кезеңі (adrenarche) қыздарда 6-7 жаста, ұлдарда 7-8 жаста басталып, 3-4 жылға созылады. Пубертантты кезеңнің маңызды құбылысына аталық жыныс гормонын (андрогендер) түзуге қатысатын бүйрекасты безінің дамуы жатады. Андрогендер гипоталамусқа тікелей əсер етіп, экстрогендерге айналып жыныстық жетілуді жылдамдатады. Бұл эндокриндің əсеріне жауап ретінде дене мен мүшелердің, қаңқаның жəне жыныстық пісіп-жетілудің стимуляциясы жүреді.

Дененің соңғы бөліктерінің ұзаруы, басқаңқа морфологиясының өзгеруі, бұлшықеттердің нақты рельефінің қалыптасуы, май май қабатының азаюуы жүзеге асады. Бұл морфологиялық өзгерістер қарқынды түрде қыздарда байқалады. 9-10 жастан бастап қыз балаларда екінші реттік жыныстық белгілердің қалыптасуы басталады. Олар сүт бездерінің дамуы, жатыр мен жатынның дамуы, жыныс мүшесінің сыртқы бөлігінде жəне қолтық бөлімінде түктердің пайда болуы жүреді, жыныстық жетілу ұлдарда екі жылға кеш жетіледі, бірақ процестің өзі əлсіз көрініс береді: тек кезеңнің сонында ұлдарда сыртқы жыныс жүйесінің өсуі жүреді. Репродуктивті жүйеде ары қарай өтетін цикл толығымен гипо таламус-гипофиз-гонада жүйесінің қызметіне байланысты. Организмнің көптеген қызметі, оның биологиялық тербелістері осы процесс бақылауында болады. Бақылау оң жəне теріс байланыстардың принцпі бойынша өзінөзі реттеуші процес арқылы жүреді. Процестің даму сипаты іштей даму кезеңінен бастап, жынысына байланысты баланың барлық даму кезінде өзгеріп отырады. Дамудың өзін жəне гипоталамустың орталықтар жағдайын, сонымен қатар, олармен реттелетін жыныстық гормондар деңгейін гондостат деп атайды. Осы жүйенің дамуы пубертатты кезеңнің негізгі құбылысы болып табылады (gonadorche). Əдетте, ол қыздарда 9-11 жаста, ұлдарда 10-22 жаста басталып, 17-18 жаста тамамдалады. Бұл өзгерістер жиынтығы, гонадалар мен гиперталамус орталығының сезімталдығының өзгеруі – «гипоталамустық сағаттардың» əсер етуі нəтижесінде жүзеге асады.

Пубертас екі құбылыспен тікелей байланысты деген болжам бар. Жасқа байланысты гипоталамустық сезімталдылығының төмендеуі қандағы жыныс гормондарының реттелуіне əсер етеді; Гонадалардың гипофиздік гонодотрапинге сезімталдылығының артуы, пубертатты кезеңнің басында гонадотропин (ФСП, ЛГ, ГСИК) бөлінуіне стимул жасайтын гипофиздің алдыңғы бөліміне түсетін релизинг-факторлардың (РФ) ұлғаюына байланысты. Осы ұлғаюдың кері əсері бар: гонодотропты гормондар гонаданың негізгі жыныс гормондарының секрециясын стимулдайды, оларға тестостерон (андроген) мен экстрадиама (экстроген)жатады.

Ер адамдарда тестостерон ингибинмен бірге гонадотропты гормон синтезін тежейді. Нəтижесінде жаңа деңгейдегі тепе-теңдік жағдай қалыптасады. Бұл реттелудің тоникалық типі болып табылады. Процесс бірнеше рет қайталануы мүмкін жəне жыл бойында созыла береді. Мысалы, 50 жастан асқан ер адамдарда тестостеронның азаюы жəне ЛГ секрециясының комплексаторлы өсуін сипаттайтын андропауза байқалады. Екі жынысқа да ортақ гипоталамустың акаудты орталығымен анықталатын ганадотропиннің тоникалық секрециясы–əйелдерде циклді секреция: ЛГ мен ФСГ тез кезеңдік бөлінуі, сонымен қатар экстрогендер мен прогестеронның деңгейінің ауытқуы жүреді. Осылай менстуальді цикл анықталады. Бұл қайталанып отыратын реттелу гипоталамумтың циклдік орталықтарына жатады. Ер адам организмінде бұл бөлек-эмбриональді кезеңде, қысқа мерзімді андрогендердің көп мөлшерінің бөлінуі нəтижесінде «қосылады». 9-14 жас аралығында ұлдарда да, қыздарда да соматотропиннің (СТГ) секрециясының секірісі болады. Ұлдарда 12-14 жаста тестостерон секрециясының секірісі анықталған.

Пубертас соңында осы факторлардың секрециясы тұрақталады да төмендейді. Қыздарда эстрогендер секрециясының жоғарылауы 9-10 жаста байқалады, ал 12-14 жасында айқындала түседі. Ұлғаю бүкіл репродуктивті кезең бойында созылады. Осы эндокриндік өзгерістермен – дене мөлшерінің ұлғаюымен жəне дене бөліктерінің өзгерістерімен сипатталатын өсудің пубертатты секірісі тікелей байланысты. Ал секрецияның өзінің көрсеткіштері дамудың сенімді баға беруші бөлігі болып табылады. Ерлер мен əйелдерде жыныс гормондары басқа факторлармен қатар (СТГ, ИФР т. б.) бірінші реттік, екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын, алмасу процестерін, морфогенез бен жыныстық мінез-құлықты реттейді. Мысалы, андрогендер сүйек ткані мен белок синтезін стимулдайды, антимиозды комплекс қалқанша безінің жас аралық кішіреюін көрсетеді, бұлшықеттің белсенділігіне тікелей əсер етеді. Эстрогендер дене бөліктеріндегі «əйелге тəн» белгілерді айқындайды, майдың орналасуын реттейді, ми қызметін реттеуге де қатысады.

Эстрогендер — əйел организмінің қалыптасуын қамтамассыз ететін негізгі реттеуші болып табылады. 17-В эстрадиол əйелдің жыныс мүшелерінің дамуына стимул жасайды, екінші реттік жыныстық белгілерді анықтайды, менструалді циклді реттеуге қатысады. Оның əсерінен қанайналым жақсарады, сүт безінің өсуі стимулданады, фолинциалардың қалыптасуы жүреді. Прогестерон жатырдың дамуын стимулдайды, овуляцияның тоқтатылуына (жүктілік кезіндегі менстуалді циклдің тоқтауы) қатысады. Андрогендер əсерінен ұлдарда жыныстық мүшесі стимулданады, екінші реттік жыныстық белгілері, мысалы, дауыс өзгеруі қалыптасады. Тестостерон сперматогенезді стимулдайды. Пубертатты кезең соңында СТГ тестостерон эстрогендер ұзыннан өсуге ингибирлік əсер етеді де, оның қарқындылығы төмендейді. Репродуктивті функцияның соңғы пісіп-жетілуі 18-20 жаста аяқталады.

Пубертатты кезеңде организмнің тіршіліктік функцияларының негізгі реттелу қызметінің қарқынды дамуы жүреді, оның ішінде ең негізгі нейроэндоприндік жүйе болып табы — лады. Процестің даму жолы өзін-өзі реттеуші жүйе əсеріне негізделген, оның нəтижесінде индивидуальді жеке материал түзе — леді. Өсіп келе жатқан организмнің айқын морфофункционалдық қозғалыстары жыныстық гормондар бақылауы мен əсерінен саматотропин, инсулин мен инсулин тəрізді өсу факторларына (ИФР1) картиоз, тиреоидты гормондар жəне басқа да өсуді, зат алмасуды, жыныстық белгілердің дамуын, қызметтік көрсеткіштігін, ми дамуын анықтайтын əсерлерге байланысты.

Авторлық сілтеме:
Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. Антропология: Оқулық. / Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011.– 288 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *