Homo sapiens-тің географиялық жəне популяциялық политипиясы

Жер бетіндегі 200-ден астам мемлекеттерді біріктіре cанағанда 6,5 млрд. адам бар деп есептеледі. Олардың арасында екі бірдей толығымен ұқсас адам болмайды, барлық адамдар қандай да бір белгілері бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Сонымен қатар, тіпті, антрополог-маманның өзі де сыртқы морфологиялық белгілеріне қарап, неміс пен украиндықтарды ажырату кезінде қиналады. Алайда, əртүрлі нəсілдердің өкілдері өзара қатты өзгешеленеді. Сондықтан тіпті, кішкентай баланың өзі де, əр түрлі нəсілдерге жататындықтан (Еуропеоидтық жəне моңғолоидтық), орыс пен кəрісті ажырата біледі. Яғни, нəсілдердің морфологиялық айырмашылықтары айтарлықтай көп. Дегенмен, бұл жерде де қате стереотиптер болады. Орталық Азия бойынша біздің көршілеріміз: өзбектердің, тəжіктердің, ұйғырлардың, түрікмендердің нəсілдік қатыстылығын көз алдыларына қате елестетеді, оларды шын көңілдерімен моңғолоидтықтарға жатқызады (негізінде, бұл халық тар Еуропеоидтерге жатады).

«Нəсіл» терминінің астарынан, белгілі бір тұқым қуалаушылық биологиялық белгілер кешені (нəсілдік белгілер, бəрінен бұрын морфологиялық жəне физиологиялық белгілері) бойынша ұқсастылығымен сипатталатын, адамдар популяциясының жүйесі түсіндіріледі. Осы популяциялар өздерінің пайда болуы барысында белгілі бір географиялық ареалмен жəне табиғи ортамен байланысты болғандығын айта кеткен жөн. Қазіргі топтастыру негіздерінің көзқарасы бойынша, нəсілдер, жалғыз-ақ биологиялық түр Homo Sapiensке жататын түр тармағы деңгейіне сəйкес келеді. Нəсілдер түр тармағының жануарлар түр тармағынан айырмашылығы, адамдардың қоғамдық табиғатына байланысты. Яғни, нəсіл дегеніміз, нəсілдік жіктелу жүргізілген белгілердің өздері секілді, аса нақты биологиялық түсінік болып табылады.

Климатогеографиялық жəне тарихи қозғаушы күштердің əсерімен дами келе жəне бір түрге (H. Sapiens) жатқызылатын нəсіл белгілі бір қоныстану аймағы мен бірнеше нəсілдік кешені бар (индустар мен бразилиялықтардың ішінен ең көп нəсілдік топтарды көруге болады), халықтан немесе этностан ерекшеленеді. Сонымен бірге, бір нəсілдің құрамына бірқатар халықтар мен көптеген тілдердің тасымалдаушылары кіруі мүмкін. Көптеген ғалымдардың пікірлері бойынша нəсілді үш ірі топқа жіктейді (кейбір жіктелу бойынша 4), олар өз кезегінде одан да ұсақ топтарға жіктеледі. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша қазіргі таңда нəсілдер 23-40 кіші нəсілдерге бөлінген. Нəсілдер бір-бірінен 30-40 морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық, молекулалыгенетикалық элементтерімен жəне т. б. белгілерімен өзгешеленеді. Нəсілдік өзгешеліктер тұқым қуалайды жəне тіршілік ету жағдайына бейімделгіш болып келеді.

Этнос. Этнос – тарихи жолмен пайда болған адамдардың тұрақты əлеуметтік топтасуы. Əр түрлі үш түсініктерді: нəсіл, ұлт жəне тайпамен, ұлыспен, ұлтпен бейнеленгендерін нақты ажырата білу қажет. Этностың пайда болуының негізгі шарты ортақтылық– өзінің біртұтастылығын жəне басқа барлық ұқсас құрылымдардан, аймақтардан, тілден, мəдениеттен өзінің өзгешелілігін сезінуі болып табылады. Дін ортақтылығы мен нəсілдік жағынан жақындылығы қосымша шарттары ретінде болуы мүмкін.

Тілдің, аймақтың, экономикалық өмір мен психологиялық ақылой жүйесінің ортақтылығы адамдарды ұлтқа біріктіреді. Ұлттан айырмашылығы нəсіл шығу тегі белгілі бір ареалмен байланысты физикалық типтің ортақтылығына ие болған адамдардың жиынтығы саналады. Тіл мен нəсіл арасындағы ішкі қажетті байланыстың жоқтығы көптеген деректерден айқын көрінеді.

Өмірінің алғашқы жылдарынан бастап, белгілі бір мемлекетте тəрбиеленген кез келген нəсіл адамы үшін туған тілі, осы мемлекет халқының тілі болып табылады. Бір жағынан тілдің жəне екінші жағынан, нəсілдік типтің таралу шекараларының толығымен сəйкес келмеуінің көптеген мысалдарын келтіруге болады. Бұрынғы Кеңес Одағының түркітілдес халықтарының арасынан біз, мысалы, еуропеоидтық нəсілдің оңтүстіктік нұсқаларының біріне жататын əзербайжандықтарды, моңғолоидтық нəсілдің айқын өкілі, якуттарды, аралық оралдық нəсілдің белгілері бар чуваштарды кездестіреміз. Меланезиялықтар, малайлықтар мен полинезиялықтар өздерінің антропологиялық типтері бойынша шұғыл ерекшеленгенімен, барлығы да малай-полинезиялық топ тілінде сөйлейді. Үнді еуропалық тілдер жанұясына, бір жағынан, аса ақшыл шашты жəне мөлдір көзді болып келетін Еуропаның солтүстік-батыс халықтарының тілдері, екінші жағынан, өте қара торы, қара шашты үнділіктердің тілдері жатады.

Бұл деректердің барлығы тілдің нəсілден қандай да бір себепті тəуелділігінің жоқтығын дəлелдейді жəне қандай да бір топтың нəсілдік жəне тілдік қатыстылығының арасында орнатылған тарихи байланыстың, өте жиі ұшырасатын жағдайлары бұған еш қарсы келмейді. Егерде, мысалы, буряттар мəдениет түрі, тілі жəне антропологиялық типі бойынша орыстардан ерекшеленсе де, бірақ бұл бурят тілінің моңғолдық нəсілден таралғандығын білдірмейді. Бұндай тарихи байланыстың əр түрлі түрлерін зерттеу бізге бірқатар қорытындыларды жасауға мүмкіндік берді:

Тіл мен мəдениет антропологиялық типтердің орнын ауыстырмайақ та тарала алады, бірақ антропологиялық тип белгілі бір мəдениет пен тілді өзімен бірге алып келмей, тарала алмайды. Антропологиялық мəліметтер берілген халық қалыптасқан этникалық «қабаттарды» анықтау кезінде маңызды рөл атқаруы мүмкін. Тұрғындардың бұқарасы антропологиялық құрамы бойынша біркелкі дерлік болған кезде де, əр түрлі тілдерде сөйлейтін топтарға бөлінсе, осы топтардың тарихи ортақтылығын өткенінен іздеу керек. Антропологиялық типтердің шекарасы, шаруашылықтық-мəдени типтердің немесе тілдік жіктелген топтардың таралу шекарасынан гөрі, тарихи-этнографиялық аумақтың шекарасымен көбірек сəйкес келеді.

Адамдық нəсілдер ұлт пен лингвистикалық топтардан түпкі — лікті түрде ерекшеленеді жəне адам мен жануарлардың нəсілдерін бөлудің ұстанымдары белгілі бір деңгейде бір-біріне сəйкес ұқсастықты бейнелейді (ареалдың бар болуында, таксономиялық белгілердің жиынтығында, осы белгілердің тұқым қуалауында), алайда, жануарлардан гөрі, адам нəсілдерінің мəн-мағынасы түбегейлі түрде өзгеше.

Адам нəсілдері мен жануарлар нəсілдерінің арасындағы айырмашылықтар адамның қоғамдық табиғатына, адамның қоршаған ортаға деген сапалық қатынасына, ақыр соңында, адамзаттың жануарлар əлемінен бөлінуіне алып келген іс-əрекеттер арқылы көрінетін материалдық өндірісіне негізделген. Адамдардың нəсілдік белгілері өзінің бейімделушілік мағынасының айтарлықтай бөлігінен айырылып қалған. Егерде олардың кейбіреулерінің нəсілдердің қалыптасуы кезеңіндегі кейбір жағдайларында өз иегеріне шынайы пайдасы тиген болса, бірақ қазіргі кезде олардың адам үшін мəдиниетінен гөрі маңыздылығы азайған. Мысалы, от, тұрғын үй, киім жəне аяқ киіммен салыстырғанда, суық ауа-райындағы жылуалмасуға байланысты кез келген нəсілдік ерекшеліктер қазіргі таңда мүлдем маңызды емес.

Адамдар тарихи қалыптасқан ұжымдарға бірігіп, соның ішінде өзара жақындасады жəне өте əртүрлі нəсілдермен араласады. Бұндай араласулар тек нəсілдердің жақындасу аймақтарында ғана емес (жануарлардағы секілді), сондай-ақ аталған əлеуметтік топтың бүкіл аумағында да жүзеге асады. Палеолит дəуірінің аяғында, адамдық нəсілдердің ареалдары, жануарлар түрлерінің ареалдарымен өздерінің ұқсастықтарын жоғалтты жəне əсіресе, өндірістік күштер арқылы дамуының белгілі деңгейінде игеруге жəне қоныстануға мүмкін болатын аймақтарында ғана таралған. Осылайша, мысалы, қазіргі ойкуменнің өте үлкен кеңістігі мезолит дəуіріне дейін қоныстанбаған.

Отарлық өктемдік жүргізуден бастап, Еуропалық нəсілдің көп бөлігі Америка, Австралия, Оңтүстік Африка континенттеріне қоныс аударды. Құл саудасы негрлердің Америка аймағына күшпен қоныстандырылуына алып келді. Қытай тұрғындарының үлкен топтары Индонезияға жəне жер шарының басқа да аймақтарына таралса, үндістер Оңтүстік Африкаға еніп кеткен жəне т.б. Осы қоныс аударулардың нəтижесінде, бір кездері бір-бірінен алыстаған нəсілдік типтер арасында əр түрлі метистер пайда болып қана қоймай, сондай-ақ нəсілдік ареалдар да шұғыл түрде бұзылған болатын. Белгілі бір нəсілдің «ареал қанығуының» сандық мəні осы нəсілдерде пайда болып отырған, қоршаған ортамен биологиялық қарым-қатынасымен емес (жануарлардағы секілді), əлеуметтіктарихи тəртіптік жағдайларымен анықталады. Географиялық орта адамға, оның популяциясының санына əсер еткен, бірақ онда да ол өздігімен емес, адамдық қоғамдардың іс-əрекетінің нəтижесі арқылы ғана.

Нəсілдік белгілердің бейімделушілік мағынасының жоғалуы, ареалдар ішінде де, шекарасында да метистену үдерісінің өсіп келе жатуы, ареалдардың үзілуі мен ауысуы, осы типтердің нəсілдік қасиеттерінің ешқандай да себепке байланыссыз жəне тарихи жағдайларының нəтижесінде, бір типтердің басқаларымен салыстырғанда, санының əртүрлі қарқында өсуі – адамдық болмыстың əлеуметтік маңыздылығының осындай барлық көріністері, жалпы алғанда, нəсілдік айырмашылықтардың ақырындап өшірілуіне жəне ақыр соңында, толығымен жойылуына алып келеді. Алайда əлеуметтік қозғаушы күштер нəсілдік кешендердің «жойылуына» алып келгенімен де, олар қалыптасуы бары сындағы өткен тарихында еш сызат қалдырмады деп ойлау қателік болар еді. Адамдардағы нəсілдердің пайда болуы, оның өндірістік іс-əрекеті тарапынан тигізген əсерінен ешқашанда еркін үдеріс болмаған.

Авторлық сілтеме:
Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. Антропология: Оқулық. / Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011.– 288 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *