Ұлттық банк қызметіне ақша-несие реттеудің құралы болып табылатын есептік мөлшерлемесін өзгерту (немесе дисконттың, немесе қайта қаржыландыру мөлшерлемесін) жатады.
Банк пайызы несиелік капиталдың ұсынысы мен сұранысының арақатынасы нəтижесінде құрылған болатын. Несиелік қатынастардың əлемдік тəжірибесі көрсеткендей, пайыздық мөлшерлемелердің төмен болуы несиеге деген сұранысты өсіріп, іскерлік белсенділіктің артуына не керісінше кемуіне əсер етеді.
Барлық елдерде Орталық банк (Ұлттық банк) несиелік капитал нарығында есептік мөлшерлемесін анықтайды. Орталық банк өзгертіп отыратын пайызды ресми есептік мөлшерлемесі немесе Орталық банктің есептік мөлшерлемесі деп атайды. Бұл мөлшерлеме дисконт түрінде анықталады, яғни Орталық банктің коммерциялық банктерге берген вексельдерін қайта есептеу кезінде алынатын пайызбен, жеке банктерге бағалы қағаздарды кепілдемеге алу үшін берілген несиелерден алынатын пайыздармен анықталады. Несиенің басқа түрлерінен алынатын мөлшерлемелер туынды болып табылады.
Орталық банк – басқа қаржылық институттар үшін бас несие беруші.
Орталық банктен алған несие пайызының негізінде коммерциялық банктердің мөлшерлемелері калькуляцияланады, олар алған қаражаттары мен өз қаражаттарын қосып, сол пайыздық мөлшерлемелер негізінде клиенттеріне несие береді.
Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттарына сəйкес, есеп мөлшерлемесін өзгерте отырып, Орталық банк елдегі ақшаға деген сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынасқа əсер етіп отырады. Ресми есептік мөлшерлеменің өсуі несиенің қымбаттауына, соның салдарынан экономикаға түсетін ақша мөлшерінің азаюына əкеледі. Мөлшерлеменің төмендеуі жағдайдың кері бағытта өрбуіне себеп болады, несиенің арзандауы оған деген сұраныстың көбеюіне əкеледі жəне қосымша ақша айналымға түседі. Соның нəтижесінде инвестициялар қаржыландырылып, өндірістің айналымдағы қаражаттары толығады, ұзақ мерзім пайдаланатын тауарлар, бағалы қағаздар алынады, инфрақұрылым объектері мен үй салынады.
Ресми есептік мөлшерлеменің өзгеруі жоғарғы емес қарқынмен белгіленіп отырады: көбіне 0,25%, сирек 0,5%. Есептік мөлшерлеменің өзгеруі экономика жағдайына, əсіресе іскерлік белсенділікке көп əсер етеді. Есептік мөлшерлеменің тұрақты түрде біржақты төмендеуі мемлекеттің экономиканы ынталандыруға бағытталған саяси ұстанымын белгілейді. Мұндай саясат инвестиция көлемі мен өндіріс көлемінің артуына, жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Есептік мөлшерлеме өзгеруі елдің сыртқы экономикалық қызметіне де əсер етеді, оның төлем балансының жағдайы мен ұлттық валютаға əсер етеді. Есептік мөлшерлеменің көлеміне жəне оның өзгеру беталысына сəйкес, отандық жəне шетел капиталдарының қозғалысы (елге немесе елден) жоспарланады. Мемлекет есептік мөлшерлемені ақша-несие жəне бюджеттік тəсілдермен қоса экономиканы реттеу құралы ретінде пайдалану керек.
Несиені сандық шектеу – бұл Орталық банктың коммерциялық банктерден бағалы қағаздарды кепілдікке алатын жəне вексельдерді қайта есептейтін шекті сомасын белгілеуі. Несиенің шекті сомасы мемлекеттің шаруашылықты реттеуде алдына қойған мақсаттарына байланысты болады: іскерлік белсенділікті арттыру не оны төмендету. Несиені сандық шектеу əкімшілік тəсілдерімен де жүргізіліп отырады.
Несиені сандық шектеу орталық банктің есептік мөлшерлеме өзгерту кезіндегі мақсаттарымен сəйкес болады, бірақ ішінара əкімшілік тəсілдерімен жүргізіледі. Орталық банк ресурстары несиелердің шекті сомасының шекарасы болып табылады. Коммерциялық банктерге сомадан артық несиені беру айналым жолдарыныңасып тасуына əкеледі жəне ол инфляциялық несие деп аталады. Көптегенелдерде артық несиелендіру жағдаятты жандандыру үшін қолданылады. Мемлекет Орталық банк несиелерінің сомасын шектеумен қатар, коммерциялық банктерді несиелендіру шектерін белгілейді.
Міндетті ең аз резервтер (резерв мөлшері) дамыған елдерде 1930жылдардан бері банктер мен кəсіпорындардың бірінен соң бірі тізбек түріндекүйреуінен сақтайтын тəсіл ретінде қолданылады. Бұл мақсатта мемлекетбарлық банк мекемелерін қаражатының белгілі бөлігін Орталық банкта сақтауғаміндеттеді. Нарықтық жағдайға жəне мемлекеттік реттеу мақсаттарына сəйкес, Орталық банк міндетті резерв мөлшерін өзгертіп отырады.
Ақша-несие реттеудің тəсілі ретінде резерв мөлшері келесі міндеттердішешу үшін қолданылады:
- Экономикалық міндет: банктің ең аз тұрақтылығын қамтамасыз ету,банктерді бірінен соң бірі тізбек түрінде күйреуінен сақтау. Банк жүйесініңкепілдік тұрақтылығын қамтамасыз ету жұмысы ең төмен резерв белгіленуі арқылы шешіледі. Бұл ең төмен резерв мөлшері əр банктің бір жəне одан дакөп ай жұмыс істеуін қамтамасыз ететіндей көлемде болуы қажет.
- Əлеуметтік міндет: міндетті резервтер салымшыларды толық күйзелуінен сақтайтын кепілдеме болып табылады. Орталық банктегі резервтербанк салымдарын ішінара өтеуге мүмкіндік береді.
- Орталық банк резервтерін құру жəне қалпында ұстау үшін міндетті резервтер Орталық банк мерзімсіз шоттарында сақталады. Орталық банк басшылығыныңшешімі бойынша олар көбейіп, не азайып отырады, бірақ шотта əрқашан минимум қалып отырады, резерв банк несиесі дамыған сайын өсіп отырадыжəне Орталық банк резерві болып табылады. Оларды банк ұзақ мерзімді мақсаттар үшін пайдалана алады.
- Орталық банкті экономиканы мемлекеттік реттеудің күшті құралымен қамтамасыз ету міндеті: резерв мөлшерін төмендетіп не жоғарылатаотырып, Орталық банк ел экономикасына несие капиталының келуін (қайтуын) реттепотырады Міндетті резерв мөлшерінің төмендетілуі банктің нақты капиталының мөлшерін көбейтеді. Бұл капитал экономикаға құйылып, іскерлік белсенділікке ықпал етеді. Резерв мөлшерінің жоғарылауы коммерциялықбанктердің жедел қызметінің қаржылық негізін қысқартып, экономикағанесие капиталының келуін азайтады.
Дамыған елдерде экономиканы мемлекеттік реттеудің құралы ретіндерезерв мөлшерінің өзгеруі 60 жылдан аса қолданылып келеді жəне олміндетті түрде ақша-несие саясатының құралдарымен қатар қолданылады.
Орталық банк резерв мөлшеріне байланысты талаптарының орындалуы үшін əкімшілік шараларға жүгінеді. Кейбір елдерде Орталық банк орнатқан мөлшерлерді бұзғаны үшін коммерциялық банктер үлкен айыппұлдар (экономикалық құрал) төлейді. Резерв мөлшерін үнемі бұзып отырған жағдайда,коммерциялық банк банк операцияларын жасау құқығы лицензиясынан(əкімшілік тəсіл) айырылуы мүмкін.
Реттеу құралы болып табылатын нарықтағы операциялар Орталықбанктің бағалы қағаздарды сатып не сатып алмау нəтижесінде ел экономикасындағы несие капиталының сұранысының өзгеруі үшін қолданылады. Мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алушылар өз ақшаларын банктерденалып, ұзақ мерзімді тауар алудан бас тартады, соның салдарынан экономиканың қаржылық даму мүмкіндіктері қысқара түседі; ОБ бағалы қағаздарынсатып алған жағдайда, өтімді қаражат жеке жəне заңды тұлғаларға түсіп,экономикада қолданылады.
Бағалы қағаздарды сату жағдаятты реттеу мақсаттарымен ғана емес, бюджетті, мемлекеттік мекемелерді, бағдарламалар мен өндірістерді қосымшақаржыландыру қажеттілігімен де байланысты. Бұл экономиканы мемлекеттікреттеудің мақсаттарына қарсы келуі мүмкін, өйткені бос капитал нарығындағы құралдар өндіруші емес мақсаттарға жұмсалады. Соның нəтижесінденесиеге деген сұраныс ұсыныстан асып кетеді, пайыздық мөлшерлеме өседі,іскерлік белсенділік баяулайды.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың орналастырылуы əкімшілік тəсілменжүзеге асуы мүмкін. Бұл ұзақ уақыт бойы социалистік елдерде қолданылыпотырған, ал кейбір дамыған елдерде соғыс кезінде жəне соғыстан кейінгіжылдары экономиканы қалпына келтіру үшін қолданылған. Бірақ мемлекеттік бағалы қағаздардың осы түрде орналастырылуы нарықтық экономикақағидаларына сəйкес келмейді, сондықтан қазіргі уақытта ерекше жағдайларда жəне аз уақытқа қолданылады.
Бағалы қағаздарды сату жəне сатып алу сатушылар мен сатып алушылардың еркі бойынша жүзеге асырылады. Мұндай операцияларды жоспарлаубарысында Орталық банк оларды қажетті уəжбен қамтамасыз етуі керек.
Орталық банк, біріншіден, экономикадағы өтімді қаражаттардың жылыстауын қамтамасыз ету үшін жаңа жоғары табысты бағалы қағаздар шығарады. Екіншіден, ол айналымдағы қағаздардың биржалық бағасының артуын неазаюын қарастырады, яғни бағалы қағаздарды жоғары атаулы пайызыменнемесе атаулы пайызын сақтай отырып, арзанға сатуға болады. Бағалықағаздарды сатып алу үшін іс-əрекет керісінше жүргізіледі.
Реттеудің ақша-несие тісілі əр елде əр түрлі тиімділіктұрғысынан бюджеттік құралдармен қатар қолданылып отырады. Мемлекеттің экономикалық саясаты мақсаты мен жалпышаруашылық жағдайға, елдегіинфляция қарқынына жəне мемлекеттің ішкі жəне сыртқы қарыздарыныңкөлеміне сəйкес, мемлекет реттеу тəсілдерінің біреуіне аса назар аударыпотырады.