Едіге өз кезінде Алтын Ордадағы ең айлакер, саясатшыл, батыр да батыл билеушілерінің бірі болды. Оның бірге туған қарындасын Темір-Құтлық хан алған болатын. Алғашында Едігені Тоқтамыс хан өзіне нөкер етіп ерітті. Кейін бір себептермен Тоқтамыс ханның қаһарына ұшырады. Өлтірілетінін сезіп Самарқан қаласына — Темірдің қол астына қашты Онда барған соң Темірді желіктіріп, 1391 жылы Тоқтамыс ханға қарсы шабуылға шығарады.
Тоқтамыс ханның көп санды әскері Едігенің руластары еді. Едіге жансыздарын жіберіп, соғыс басталысымен-ақ Тоқтамыс ханды жалғыз қалдырып кашуға үгіттеді. Темір мен Тоқтамыстың әскерлері Құндызша деген жерде кездесіп, кескшескен соғыс қызған кезде Едігенің руластарынан құралған Тоқтамыс ханның әскерлері майданнан тайқып шықты. Сол себепті Тоқтамыс хан жеңіліп, қашуға мәжбүр болды. Темір Еділдің шығыс жағына еркін келіп, қарсыласын талауға кірісті.
Едіге мырза: «Тоқтамыс ханның жеңілуіне менің руластарым себепші болды. Егер олар осы күйі сонда қалса, олардан Тоқтамыс хан кек қайтаруы әбден мүмкін. Сол үшін мен оларды осында әкелейін. Сіздің саяңызда ғұмыр кешірейік!» -деп, Темірден рұқсат алады. Содан соң әмірлердің біреуін қасына ертіп, руластарға жүріп кетеді. Темір іле-шала Едігені жіберіп алғанына өкініп, қайта шақыртады. Бірақ Едіге қайтпайды.
Сөйтіп Едіге Темірдің күшімен Тоқтамыс ханнан кек қайтарды.
Тоқтамыс хан Едігенің өлі немесе тірі екенін үнемі бақылап, тексеріп отырады. 1395 жылы Кавказ жақтан Темір тағы да шабуылға шығады. Осы соғыста Тоқтамыс хан Терек өзені бойында жеңіліске ұшырайды.
Темір Жайық пен Еділді тастап қайтып кеткен соң, Тоқтамыс хан Сарай қаласында өзін ұлы хан деп жариялап, орыстар мен Литва князьдарына хабар жіберген тұста бір бүйірден Едіге мырза Темір-Құтлықты хан көтеріп, Сарайға шабуылға шығарды. Тоқтамыс хан Литваға, одан Киев қаласына қашып кетеді.
Едіге Темір-Құтлық ханның атынан Литва князы Витовтқа: «Тоқтамыс — біздің дүшпанымыз. Оның сіздерде аман-есен алшандап жүргені бізге белгілі. Қолында едәуір мол қазынасы бар. Соның бәрін алып қалыңыз да, бізге тек өзін беріңіз!» — деп елші жібереді. Витовт: «Мен Тоқтамыс ханды ешкімге бермеймін. Ханмен бүлай көріскеніме қуаньшиымьш», — деп жауап қайтарады және өзінің бұрыннан жинап, жасақтап жүрген әскерін алып, Темір-Құтлық ханға қарсы аттанады. Хан тағы да елші жіберіп: «Мен сенің қалаңды алмадым, жеріңе бармадым, маған не үшін шабуыл жасамақсың?.?» — дейді. Витовт: «Бүкіл жер жүзін Құдай маған бүйырса керек. Сен маған бала секілді, мен саған ата секілді боламын. Әр жьшы маған салық төлеп түрасың. Егер маған бала болуға риза болмасаң, онда қүл болуға риза боласың! Бүкіл Ордаң маған бағынады. Бүдан кейін Алтын Орда тарапынан Литва княздығы сөйлейтін болады», — дейді.
Бұған жауап беру үшін Темір-Құтлық хан үш күн мүрсат сүрайды. Осы уақыт ішінде Темір-Қүтлық ханның артынан Едіге келіп жетеді. Ол Витовт тарапынан қойылған шартгарды көріп: «Бүған риза болғаннан өлгеніміз жақсы. Мүның шешуін халық айтуы тиіс дейміз» — деп, бетпе-бет сөйлесу үшін Витовтгьщ өзін шақырады. Өзеннің біржағында Витовт, екіншіжағында Едіге түрады. Сөйтіп, Едіге: «Өз жасың үлкен болғандықтан, біздің жас ханымызды бала орнында үстамақ болыпсың. Ақшамызға қолыңды қою ниетіңді білдіріпсің. Ал мен сенен үлкен болғандығым үшін сені балам ретінде үстауға менің де хақым болса керек. Ақшаға да қол қоюға тиіспін», — деп дауыстайды. Витовт бұған ашуланып, әскеріне соғысуға әмір береді. Ондағы батылсынуы, біріншіден, сол соғысқа көптен бері дайьшдальш жүрген еді. Екіншіден, Едіге әскерінің құрамында Тоқтамыс хан әскері де бар болатын.
Едіге алғашқы соғыста Витовт әскерінің дүние-мүлкін олжалады. Осы соғыста жиырма шақты князь өлтіріледі. Бүл жеңіс Қыпшақ әскерлерінің даңқын қайта шығарды. Едіге де өзінің дұшпаны — Тоқтамыс ханның зиянкестік әрекетінен, орыстар мен литвалықтар тарапынан төніп тұрған хауіптен қүтылады. Бүл оқиға 1399 жылы болған еді.
Темір-Құтлық 1400 жылы қайтыс болды. Бұдан соң Едіге мырза оның орнына інісі Шәдібекті, бұдан кейін оның ұлы Поладбекті, одан соң туысқаны Темірді хан сайлады.