Дания Корольдігі. Саяси-экономикалық даму тарихы

Дания жоғарғы деңгейдегі өндірісті аграрлық дамыған ел. Минералды ресурстарға бай болып келеді. Мұнай, көмір, газ, түсті металлдар. Солтүстік теңізде мұнай өндіреді. Мұнай өндіруден Еуропада үшінші орында (Норвегия және Ұлыбританиядан кейін). Елде жүргізілген әлеуметтік- экономикалық реформалардың барысында өнеркәсіп өнімдерін шығару 1,5 есе өскен. Данияда жемқорлық деген атымен жоқ. Дания социал-демократ партиясы мемлекетті басқару реформасын жүргізу арқылы жетіп отыр.

Данияның ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде дамып отыр. Ішкі ұлттық өнімнің 15% ауыл шаруашылығынан. Өнімнің 12% экспортқа шығарылады, халықтың 7% ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Жұмысшылардың 4% фермерлік шаруашылықта, мал шаруашылығы мен жеміс-жидек салаларында қызмет атқарады. Экспортқа шошқа еті, гүл және саңырауқұлақ шығарылады. Басты экспорттары Германия 37%  және Швеция 22% болып табылады.

Дания жерінің 11% орманды болып келеді. Жылына 2 млн. куб. м древесин дайындалады. Балық шаруашылығыда жақсы дамып келеді. Балық жемі және майын өндіру өндірістік негізге қойылған. Балықтың әр түрінен тағамдар жасап, экспортқа шығарып отырады. 2005 жылы Данияның ұлттық ішкі өнімі 258,7 млрд. доллар, жан басына шаққанда 47,813 долларден келеді. Инфляция — 2%. Басты сауда серіктестігі — Германия 21%, Швеция -11%, Ұлыбритания — 10%, Норвегия — 6%, Франция — 5% және АҚШ — 5%.

2001 жылы Данияда парламент (фолькетинг) сайлауына 1929 жылдан келе жатқан солшыл центристер блогы жеңіліс тауып, оңшыл центристер блогы жеңіске жетті. 179 депутаттық орынның 100 депутаттық орнын жеңіп алды. Шаруалар партиясы «Венстре» басшысы Андерс Фог Расмуссен премьер-министрі болды. Дания үкіметінің басты мәселелерінің бірі шет елден келген имигранттар болып келеді. Иммигранттар жалпы халықтың 7% құрайды. Дания парламенті иммигранттар мәселесін қайтадан қарау туралы заңдамаларды қарауға ұсыныс жасалды. Иммигранттар құқықтарын тежеу немесе елден кетуге жағдай жасау қарастырылды.

Жаңа үкімет алдында тұрған мәселелердің бірі Феррер аралы халықтарының тәуелсіздік алу жолындағы мәселені шешу тұрды. Феррер аралы Дания корольдігінің жері болып саналады. Феррер аралына 50 мыңға жуық адам тұрады. Арал халқы өздерінің байлығы мұнайдан түскен табысты пайдалануды талап етіп келеді. Олар 2000 жылы БҰҰ-на хат жолдап, тәуелсіздігін алып беруге көмектесулерін сұраған. Феррер аралының жері теңіз және мұхит жолдарында орналасқан. 2001 жылдан Дания үкіметі Феррер аралына кең түрде автономиялық билік құқығын берді. Жергілікті әкімшілік толық дербестікті алып отыр. Бірақта Феррер аралындағы басқарушы билік толық тәуелсіздік алып, Даниядан бөлінуді талап етіп отыр.

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы Дания үкіметінің күні бүгінге дейін шешімін таппай отырған мәселенің бірі — Греландия болып отыр. Гренландия жерінің 98% Дания меншігі болып саналады. Гренландия -Солтүстіктегі ең ірі арал (56 мың адам тұрады). Гренландия әкімшілік басқару жүйесі автономиялық билік болып келеді. Гренландияның парламенті (ландстинг) және өздерінің үкіметі қызмет атқарады. Гренландия халқы Даниядан бөлініп, тәуелсіз болуды талап етіп келеді. 2002 жылы желтоқсанда парламент сайлауында жеңіске жеткен социал- демократия, социалистер мен либералды ұкіметі Гренландияда референдум өткізуге уәде берді. Гренландия Дания үкіметінен жыл сайын 375 млн. доллар дотация алып отыр. Бірақ толық тәуелсіздік алуға Гренландиялықтардың шамалары жетпейді.

Сыртқы саясатындағы басты мәселелердің бірі Еуропалық Одақ ұйымымен тығыз байланыстарды дамыту. 1973 жылдан Еуропалық Одақ ұйымына мүше болып келеді. Евро зонаға кірмейді, бірақ Шенген аймағында 1995 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ақшасы — Дат кроны.

Дат-Ресей қарым-қатынастарында көптеген мәселелер түйінделіп, елдің байланыстарына кедергі болып келеді. 2000 жылы Данияда шешен сепаратистерін қолдап комитет құрылып, шешендер қолдау шерулерін өткізді. Дания премьер-министрі Фог Расмуссен «Ресей шешендерге қарсы геноцид жүргізіп отыр», — деп мәлімдеді.

Ресей үкіметі шешен сепаратисі А. Масхадовты еліне қайтаруын талап етті. Дания А. Масхадовты еліне қайтармай, оны бостандыққа жіберді. Дания үкіметінің ислам сепаратистерін қолдауына оңшыл центрис партиялары қарсы болды. Бірақ Дат- Ресей қарым-қатынастары айтарлықтай жақсара алмады. 28-29 қазанда Копенгагенде Дүние жүзілік шешендер конгресін өткізді. Дания үкіметі шешен сепаратисті А. Закаевты тұтқындады. Ресей жағы Закаевты еліне қайтаруды талап еткенімен, оны түрмеден босатып жіберді. Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путин Данияға баратын ресми сапарынан бас тартты.

2002 жылы Ресей үкіметі 1928 жылы Данияда жерленген Ресейдің соңғы патшасы Николай ІІ, анасы Мария Федоровнаның сүйегін әкеліп, Сант-Петербургтегі Петропавел зиратына қайтадан жерлеуге сұраныс жасады. 2003 жылы қазан айында Ресей үкіметінің сұранысына келісім беріп, Мария Федоровнаның сүйегін әкеліп жерледі. Бұл екі елдер арасындағы қарым- қатынастарды жақсартуға жол ашады деп сенім білдірді.

Дат — Қазақстан қарым-қатыныстары. 1991 жылы 31 желтоқсанда Дания Корольдігі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындап, 1992 жылы 6 мамырда елшілік қатынасын орнатты. Екі елдің арасындағы ынтымақтастықты дамытуға 2000 жылы 25-26 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Данияға ресми сапарынан басталды. Кездесулердің барысында мемлекет басшысы Дания королі Маргарет ІІ, премьер- министрі П. Н. Расмуссен, парламент төрағасы И. Хансен келіссөздер жүргізді. 2005 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 98,9 млн. доллар (Қазақстан Экспорт — 61,5 млн. доллар, Импорт — 37,4 млн. доллар).

Қазақстан Данияға негізінен минералды тауарлар жіберіледі. Даниядан Қазақстанға химия, машина құрал-жабдықтары, аппараттар, тамақ өндірісінің тауарлары әкелінеді. 1993-2003 жылдарда Дания инвестициясының көлемі — 1,7 млн. доллар болды.

Қазақстанда Данияның компаниялары жұмыс істейді. Олар: «Novo Nodinsk» (фармацевтика), «CastrolA/C» (отын өнімдерін шығару және сату), «Voung Refzigeration» (тоңазытқыштар), «Саулет Порса Систем» (жиһаз),»Централ Азия Сафари» (туризм). 1997 жылдан Қазақстанда Жоңғар қақпасы және Шелек аймағында желдің энергетикалық қуатын пайдалану туралы келісімдерге қол қойылды. 1999 жылы «Қазтелеком» және «………» компаниясымен байланыс салаларына жаңа технология құралдарын құруға келісті. Данияның «ALSTOM Power» компаниясы, «Экибастуз ТЭЦ», Астана және Атырау қалаларында орталықтандыру жылу жүйесін жаңарту салаларын дамытуға көмектесуде.

Дания Каспий теңізінің қайраңына мұнай бұрғылау құралдарын пайдалану үшін «Белуга» технологиясын сынақтан өткізу. 2003 жылы Данияның «Маерск Ойл Казахстан» компаниясы Маңғыстау мұнайын бірігіп игеруге келісті. 1995 жылы Арал теңізін құтқару және балық өсіру шараларын жүргізу үшін «Коттегаттан Аралға дейін» жобасын Дания компанияларымен бірігіп игеруге келісті. Бұл үшін Дания жағы аралдықтарға 120 мың доллар бөліп, 3 тоңазытқыш салып берді. 2004 жылы қазан айында «Данияның Қазақстандағы күндері» атты фестивальдар өтіп, даттық өнер қайраткерлерінің концерттері өткізілді.

Авторлық сілтеме:
Мәшімбаев С. М. Еуропа және солтүстік Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (2000-2013 жж), Алматы, 2014 ж.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *