Архив рубрики: Химия

Микроэлементтер туралы слайд

Адам өміріндегі аса маңызды қызметті атқаратын элементтер «микроэлементтер» туралы слайд. Микроэлементтер организмде өте аз мөлшерде кездеседі. Олардың мөлшері дене массасымен салыстырғанда 0,005%-дан аспайды, ал ұлпалардағы концентрациясы 0,000001%-дан артық емес.Әрбір ересек адамның денесінде кем дегенде 5 г микроэлементтер болады. Осындай аз мөлшеріне қарамастан, микроэлементтердің маңызы өте жоғары. Кобальт (Со), никелъ (М), мышъяк (Аs) және кадмий (Сd) өмірлік… Читать далее »

Көмірсулар туралы слайд, презентация

Слайд адам организміндегі маңызды элементтердің бірі — көмірсулар туралы. Слайд бөлімдері көмірсулар жайлы негізгі ақпарат беріп, оның атқаратын қызметі, адам денсаулығына пайдасын жіктеп көрсетеді. Презентация бойынша көмірсулардың құрамына тоқтала кетеміз.Көмірсулар — құрамына көміртек С, сутек Н, оттек О кіретін күрделі органикалық қосылыстар, олар адам массасының 0,6%-ын құрайды. Көмірсулар өсімдіктерде күн сәулесінің әсерінен көмірқышқыл газы мен… Читать далее »

Зат массасының сақталу заңы слайд

Заттар химиялық ракцияларға түсіп, нәтижесінде жаңа заттар түзіледі. Химиялық реакциялар натижесінде зат массалары өзгере ме? Ғалымдар бұл сұраққа әртүрлі болжамдар жасады. Атақты ағылшын ғалымы Р.Бойль ашық ретортада (мойнақта) әртүрлі металдарды қыздырып, олардың реакцияға дейінгі және кейінгі массаларын өлшеді. Реакция нәтижесінде металдардың массалары ауырлайтынын байқады. Осы тәжірибелерге сүйенген ғалым қандай да бір «отты материн» металдармен қосылып, олардың массасын арттырады деп болжады. Ол ауаның әсерін ескермегендіктен дұрыс қорытынды жасай алмады.М.В. Ломоносов металл ұнтағын мойнаққа салып аузын бекітіп, салмағын өлшеген соң қыздырды. Ол металл ұнтағының түсінің өзгергенін байқайды. Мойнақтың массасын қыздыруға дейін және кейін өлшеген ғалым, оның массасының өзгермейтініне көз жеткізді. Жабық мойнақты қыздырғанда, ауа құрамындағы оттектің металға қосылғанын дәлелдеді. Мойнақтағы ауа мөлшері азаяды. Себебі, оны ашқанда, ішіне қарай ысылдап ауа сорылады. Бұл тәжірибелердің қорытындысын 1718 жылы М.В. Ломоносов заң түрінде тұжырымдады.«Табиғатта жүретін күллі өзгерістердің мәні мынада: бір денеден қанша кемісе, басқасына сонша қосылады«. Өкінішке орай, Ломоносовтың ашқан бұл жаңалығы басқа да ғалымдардың ашқан жаңалықтары сияқты ұзақ уақыт белгісіз болып қалды. 1789 жылы француз ғалымы А. Лавуазье бұл заңды қайта ашты. Масса сақталу заңының қазіргі тұжырымдамасы: Химиялық реакцияға түскен заттардың массасы, реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең болады.М.В. Ломоносовтың дұрыс тұжырым жасауына өзі іргесін қалаған атом-молекулалық ілімнің көмегі тиді. Атом-молекулалық ілім тұрғысынан массаның сақталу заңын былай түсіндіруге болады: Химиялық реакциялар нәтижесінде атомдар жойылмайды және жаңадан пайда… Читать далее »

Химиялық элементтердің периодтық жүйесі слайд

Бұл слайд тақырыбында химиялық элементтерді жіктеу туралы білеміз. Сонымен қатар химиялық элементтердің периодтық жүйесінің рөлі, атқаратын қызметі, элементтердің қасиеттерін талқылаймыз. Көптеген элементтердің бұрыннан химиктер ашуға тырысқанымен элементтер жүйесін ойлап тапқан Д.И. Менделеев болып табылады.Химиялық құраушылардың қайталанатын жүйесі химиялық құрамдастар құрылымының ерекшеліктеріне негізделген химиялық құрамдастардың жіктелуі болып табылады. Слайдтан көретініміздей 1869 жылы Д.И Менделеевтің ашқан қайталанатын… Читать далее »

Қышқылдардың химиялық қасиеттері слайд

Бұл слайд тақырыбынан білетініміз: қышқылдарды бейтараптау реакциясы, соынмен қатар қышқылдардың химиялық қасиеттері және сұйытылған қышқылдардың әртүрлі металдар және карбонаттармен әрекеттесуін зерттейміз.Слайд мазмұны: Қышқылдарға сілтілермен, металдармен, карбонаттармен әрекеттесу тән. Қышқылдардың сілтілермен әрекеттесуі (бейтараптану реакциясы). Индикатор түсінің өзгеруі бойынша қышқыл мен сілті арасында реакцияның жүргенін байқауға болады. Химиялық стақанға сілті ерітіндісі -натрий гидроксидін құйып, оған бірнеше тамшы фенолфталеин… Читать далее »

Табиғи қышқылдар мен сілтілер

Қышқыл ерітінділерінің қышқыл дәмі болады. Мысалы, көптеген жемістердің дәмінің қышқыл болуы құрамында қышқылдардың кездесуіне байланысты. Цитрус жемістері — грейпфрут, апельсин, лимонда және аскорбин қыш-қылдары бар. Сүтте сүт қышқылы, қызанақта салицил қышқылы кездеседі. Қышқылдың атаулары да осыған байланысты: лимон, алма қышқылы және т.с.с. Алайда кез келген қышқылдың дәмін татып көруге болмайды. Олардың арасында улы қышқылдар болуы… Читать далее »

Ауа және оның құрамы

1774 жылы француз ғалымы А.Лавуазье ауаның 4/5 бөлігі азоттан, 1/5 бөлігі (көлемі бойынша) оттектен тұратын газдар қоспасы екенін дәлелдеді. Ауаның сапалық құрамын мынадай тәжірибемен анықтауға болады: ауамен толтырылған шыны қалпақ суға төңкеріледі. Темір қасыққа салынған қызыл фосфорды тұтатып, суға төңкерілген қалпақ астында жақса, су қақпақтың 1/5 бөлігіне дейін көтеріледі. Өйткені фосфордың жануына ауа құрамындағы оттек қана… Читать далее »

Атом құрамы мен құрылысы слайд

Слайд тақырыбы: атом құрамы мен құрылысын оқып-таныстырады; изотоп ұғымын білетін боласыңдар. 1911 жылы ағылшын ғалымы Э.Резерфорд атомның ортасында оң зарядталған ядросы бар екенін тәжірибе жүзінде анықтады. Сөйтіп, атомның планетарлық моделін ұсынды (20-сурет). Бұл модель бойынша атом оң зарядталған ядродан және оны айнала қозғалатын теріс зарядталған электрондардан (е) тұрады. Электронның массасы, протон мен нейтрон массаларымен салыстырғанда, өте… Читать далее »

Химиялық элементтер және олардың таңбалары

Осы тақырыпта: әр химиялық элементтің өзінің жеке таңбасы болатынын білетін боламыз; химиялық элемент атомның белгілі бір түрі екенін түсінеміз; элементтерді металдар және бейметалдар, заттарды жай және күрделі заттар деп жіктеуді үйренеміз.Химия ғылымына ұлы орыс ғалымы Д.И.Менделеев: «Химия — элементтер және химиялық қосылыстар туралы ғылым», -деп дұрыс әрі дәл анықтама берді. Химиялық элементтер — химияның түпнегізі.… Читать далее »