Архив рубрики: Ауыл шаруашылығы

Унитарлы тип мемлекеттердегі мемлекеттік-әкімшілік басқарудың мемлекеттік қызмет жүйесі

Унитарлық үкімет пен олардың орталық әкімшілігі федеративтіге қарағанда азаматтардың өміріне ықпалы көбірек болады. Унитарлы мемлекеттердің көбінде ұлттық полиция күштері мен жергілікті полицияға деген қатаң бақылау орнатылған. Әдетте, осындай елдерде орталық әкімшілікпен тағайындалатын сот жүйесі болады. Бүгінгі күнде еуропалық унитарлы мемлекеттердің көбінде француздық үлгі бойынша құрастырылған бюрократия бар. Франция. Францияда басқа батысеуропалық елдерге қарағанда, орталықтандыру процесі бұрынырақ… Читать далее »

Француз тілінің фонетикалық құрылысы

Дауысты дыбыстар: француз тілінің фонетикалық жүйесінде 15 дауысты дыбыс бар. Олар тіл, ерін және таңдайдың қатысуы бойынша топтастырылады. Тілдің орналасуына байланысты дауысты дыбыстар: тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп, алдыңғы қатарлы дауысты дыбыстарға және тіл жақтың артқы жағына тартылып, артқы қатардағы дауысты дыбыстарға бөлінеді. Тіл таңдайға көтеріліп, жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауысты дыбыс… Читать далее »

Топырақтың пайда болуы, құрамы жəне негізгі қасиеттері

Топырақтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан бірінші рет терең зерттеген атақты орыс ғалымдары В.В.Докучаев, П.А.Костычев, Н.М.Сибирцев болды. Олардың осы бағыттағы зерттеулерін əрі қарай дамытып, толықтырулар енгізген ғалымдардың ішінен В.Р. Вильямсті, Г.Д.Глинканы, Л.И.Прасловты, И.В.Тюринді жəне басқаларын атауға болады. Топыраққа бірінші рет ғылыми анықтама берген В.В.Докучаев. Оның анықтамасы бойынша топырақ дегеніміз судың, ауаның, əр түрлі тірі жəне өлі… Читать далее »

Топырақ түзілу процесі

Тау жыныстарында жасыл өсімдіктер өсе бастаған мезгілден топырақ түзілу процесі жүреді. Ол өте ұзақ тарихи кезеңді қамтиды жəне жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлар эволюциясына тығыз байланысты. Бұл дегеніміз топырақта жүретін зат жəне энергия алмасуы мен қозғалыстың біріккен құбылысы. Бір мезгілде жəне бірімен бірі тығыз байланыста болатын процестердің нəтижесінде топырақтың түзілуі төмендегідей жүреді: — тау жыныстарының… Читать далее »

Топырақтың негізгі белгілері

Топырақтың сыртқы (морфологиялық) белгілері бойынша ашық тау жыныстарынан айырмашылығы болады. Оларға топырақтың пішіні мен оның қалыңдығы, құрлысы, түс бояуы, гранулометриялық құрамы, құрылымы жəне басқа белгілері жатады. Топырақ пішіні деп оның беткі қабатынан топырақ түзетін аналық жынысқа дейін белгілі бір ретпен, бірінен кейін бірі, алмасып отыратын генетикалық қабаттардың жиынтығын айтады. Əрбір топырақ пішіні белгілі құрылысымен жəне… Читать далее »

Гумустың құрамы мен қасиеті

Гумус заттар құрамы мен қасиеті жағынан гумин қышқылы, фульвоқышқыл, гуминдер жəне басқаларға бөлінеді. Гуминдық қышқылдардың түсі қара, құрамында 52-63 % көміртегі болады. Олар суда нашар ериді, бірақ сілтінің жеңіл (аз) ерітіндісінде ериді, молекулалық массасы жоғары, қышқылдық сипаты аз болады. Фульвоқышқылдар — түсі сабанды-сарыдан қызғылт түске дейін өзгереді. Олардың құрамында 40-48% -ке дейін оттегі, 4-6% сутегі… Читать далее »

Топырақтың коллоидтары жəне сіңіру қабілеті

Топырақ қатты, сұйық жəне газ фазаларынан тұрады. Олардың арасында алмасу жəне сіңіру рекциялары жүріп жатады. Сұйық жəне газ фазалары жылжымалы жəне өзгергіш, ал қатты фазасы инертті болады. Топырақтың қатты фазасының ең белсенді бөлігі, мөлшері 10-5 -10-7 шамасында. Олардың 1 граммының меншікті көлемі 10-50 м 2 –ге дейін жетеді. Сондықтан коллоидтардың сіңіргіштік қасиеті күшті. Коллоидтық қасиеті… Читать далее »

Топырақтың гранулометриялық құрамы

Топырақтың минералдық бөлігі əртүрлі минералдардан тұрады, олардың көлемі 1мм жəне одан үлкен болады. Көлемі əр түрлі бөлшектерді механикалық элементтер дейді. Топырақтың барлық фракциялары мына топтарға бөлінеді: ұсақ тасты бөлік, құм, шаң жəне лай. Ұсақ топырақ физикалық құм жəне физикалық саз болып бөлінеді. Оның 1мм ірі бөлшектерін топырақ қаңқасы немесе оның тасты бөлігі деп, ал 1мм… Читать далее »