Батырлар жыры туралы слайд

Слайд негізі халық ауыз әдебиетінің ерекше бөлімі, ежелгі заманнан бері ескірмей жеткен батырлар жыры туралы болмақ. Осы бөлімде қазақ халқының басынан кешкен оқиғалары мен тарихы баяндалады. Слайд жыраулардың даналығы мен көсемділігімен суреттелген жырларын суреттермен бейнелейді.

Батырлар жырының негізгі кейіпкері — елін сыртқы жаудан азат етіп, халқына бейбіт күнді сыйлауды өмірінің ең басты мақсаты етіп қойған батыр. Эпостағы батырлар — қиялдан емес, тарихи шындықтан туған кейіпкерлер. Ел мен жердің тағдырын батырлар шешкен заманда сол батырдың шайқасын көзімен көріп, тарихи оқиғаға куә болған, өздері де батыр болған жыраулар соғыс аяқталысымен, батырдың ерлігі туралы жырлар шығарып, тарихи эпостарды өмірге әкелген. Жыршы-жыраулар батырлар жырын қобызға немесе домбыраға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауызша таратып келген. Эпостық жырды шығаруға бір жыраудың өмірі жетпеген, сондықтан ұрпақтары жалғастырып жырлаған. Өкінішке орай, бізге осы эпостық жырлардың кейбір үзінділері ғана жеткен.

   Скачать / Жүктеу

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *