Бас қаңқасының эпигенетикалық белгілері

Бас қаңқасының эпигенетикалық белгілері. Бұл белгі категориясына қосымша қойылатын нүкте, қан тасымалдау жəне нерв талшықтарына арналған қосымша тесіктер жатады. Осылардың тұқым қуалайтындары, əсіресе, «бар-жоқ» типіндегі ауытқитындар тұқым қуалайды деуге негіз бар.

Тіпті, дискретті ауытқитын белгілер деген де термин бар. Бірақ олардың өзгергіштігі олардың таралуында айтарлықтай үздіксіздікке алып келетін ортаның əсерлеріне байланысты (қоректену, физикалық ауырлық, эпидемиологиялық жағдайға жəне т.б).

Белгілердің жас аралық өзгергіштігі. Белгілердің жас аралық өзгеруі уақыт интервалына байланысты əр түрлі сипатта болуы мүмкін. Ұрпаққа байланысты болатын өзгергістер жүйелік жəне бағытталған немесе жүйелік емес жəне кенеттен болатын сипатына байланысты геннің өзгеріс жиілігі болса, онда эволюциялық процес бар.

Көптеген онтогенетикалық өзгерістер өткен бөлімдерде жазылған. Бұл жерде біз: а) классификация мақсатында жиі қолданылатын белгілерде айтарлықтай жас аралық өзгерістер бар ма; ə) осы жəне басқа да популяцияны немесе нəсіл шығу тегін зерттегенде жас аралық өзгергіштік қандай жағдай да көмектесе алады? – деген екі сұрақты қарастырамыз.

Өткен параграфтарда қарастырылған белгілердің өзгеріс спектрі өте үлкен. Қан тобы жəне соған жақын белгілер фенотиптік белгілері алғашқы постнотальді периодта беріледі. Жақын белгілерге сыртқы: терінің түсі, шаштың формасы жəне т.б. Осы белгілер бойынша ауытқулар айтарлықтай болмайды, жиірек патология немесе ортаның кардинальды əсерлерінен (қан құйылу, күшті гормональді препараттарды қолдану) болады. Кейбір жұмсақ тканьдердің ерек шелігі жəне дененің кейбір пропорциялары қалыптасады. Алғашқыларына экваторлықтар мұрнындағы қанаттардың енін жəне моңғолоидтарда жоғарғы қабақ қыртыстарының ісуін жатқызуға болады. Дене пропорциясы бойынша, австралиялық аборигендердің Гавай аралдарындағы (үшеуі де қыз болған) португалдықтардың жəне қытайлықтардың 17-18 апталық эмбриондарды зерттеген Ф. Вуд-Джонс өте қызықты мəліметтерді келтіреді.

Қол мен аяқ ұзындығы австралиялық аборигендер үшін ерте пайда болады. Жер бетіндегі заманауи адамның интермембральді көрсеткішінің кіші ауытқушылығы эмбриондарда анық көрінеді. Онтогенездегі айтарлықтай өзгерістерге ұшырайтын кейбір белгілер категориясы да бар. Бұл жас аралық өзгерістер белгінің фенотипі бойынша айтарлықтай полиморфизмен топта көрінеді. Бұл процес бала кезде қарқынды жүреді. Қою қара түстілерде көздердің ағаруы жəне шаштың қараюы байқалады. Моңғолоидтарда жəне араласқан топтарда жас ұлғая келе эпикантус жиілігі төмен түседі. Бұл ересектерде де аса қарқынды өтеді. Сондай-ақ сенсорлы жүйеде де жас аралық өзгерістер байқалады. Жас ұлғайған сайын, сезім жүйесінің жұмыстары да нашарлайды. Бұл көріністерді реакция қалыптылығының өзгерісі деп бағалауға болады. Жас аралық ерекшеліктер бас қаңқаның дискретті ауытқитын белгілерінде де байқалады. Олардың тең жартысы ересек кездерінде де онтогенездің морфологиясын сақтайды (сол себепті осы категориядағы белгілерді эпигенетикалық деп атайды). Онтогенез процесінде белгілердің өзгеруі популяция жəне нəсілдердің қалыптасу тарихына əсер етеді. Меланезиялықтардың бұйра шаштылықтың дамуы, памирліктердің балаларында ашық түсті шаштың дамуы жəне осы сияқты басқа факторлар популяциялардың генофонына əсер етеді. Бұл жерде антропологтар аз зерттеген нəрселер – пенетрантность, эпистаз, даму кезіндегі модификатор гендердің əсері.

Географиялық өзгергіштікті антрпологиялық зерттеуде зерттеудің негізгі бірлігі – популяция жəне популяциялар жүйесі. Өзгергіштіктің өзі əр түрлі детерминациядағы белгілерде ортаның əсерлерін еске ұстай отырып қаралады. Нəсілтанумен байланысты жұмыстарды жүргізгенде айтарлықтай географиялық өзгергіштігі бар ішкі белгілерге назар аударған (пигментациялар). Бұл белгілер тобына тіс жүйесінің, паппилярлы кескіндердің морфологиялық, дененің пропорциялық ерекшеліктері жəне басқалары жатады. Аталған белгілерді нақты анықтайтын локустардың саны белгісіз, ал тұқымқуалау типі толық емес пенетрантты аддитивтіге жақын.

Белгілердің екінші тобына генетикалық маркер деп аталатын тұқымқуалау типі анық белгілер, ең алдымен, қан топтары, ақуыздар жəне қан ферменті жəне кейбір антигендер жатады. Осы белгілерді зерттеу популяция структурасын жəне оның генофондына эволюциялық күштің əсерін сипаттайды. Фенотиптер градациясы шектеулі сезімталдылығына байланысты болатын сенсорлы жүйенің полиморфизмін антропологтар көп зерттеген. Онтогенетикалық дамуда біраз ауытқушылық болатын жəне олардың жартысын фен деп қарастыратын белгілердің көріну алуан түрлілігі өте қызық. Антропология зерттейтін белгілер жас аралық өзгергіштікке ұшыраған, ол бір жағынан, жеке зерттеу пəні, екінші жағынан, əр түрлі популяцияларды салыстырғанда назарға алынады.

Авторлық сілтеме:
Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. Антропология: Оқулық. / Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011.– 288 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *