Бүкіләлемдік немесе дүниежүзілік мұралар

Бүкіләлемдік немесе дүниежүзілік (табиғи және мәдени) мұралар — адамзаттың құнды естелігі. Оның материалдық және мәдени құндылығы теңдессіз және шексіз. Көркем де әсем табиғи ландшафттар мен тарихи-мәдени көрікті орындар – ең алдымен тарихтың көзі, соның куәгерлері. Екінші жағынан алғанымызда, дүниежүзілік мұра – әртүрлі мәдени дәстүрлері бар алуан түрлі елдер мен ұлттардың аралас-құралас болуына, өзара түсіністігіне және бірлесе гүлденіп өркендеуіне ықпал етудегі маңызды көмекші рөл тиесілі болып отырған жалпыадамзаттық игілік. Мәдениет ескерткіштерін және табиғи ландшафттарды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, ұйымдасқан және жоспарлы түрде жүйеге келтіру және қорғау – адамзаттың бұлжымас ортақ парызы, сол адамзаттың өркениеттің тарихына, дәстүрлеріне және барлық жетістіктеріне құрметпен қарауының көрінісі. Осындай негізгі мақсаттар дүниежүзілік мұраны қорғау туралы халықаралық Конвенцияларда қарастырылған.

Адамдар мен мәдениеттердің шығармашылық түрлілігі дүниежүзілік мұра идеясының мәнін құрайды. Қазіргі қоғамдардың өз өздерінің іздерін жойып жіберуге деген қайран қалдырарлықтай қабілеті бізді дүниежүзілік мұраны сақтап қалуды жады алдындағы парыз ретінде қарастыруымызға мәжбүр етуде. Нақтылы қоғамның мәдени мұрасын тек қана материалдық түрлерге ғана келіп таңа салуға әсте болмайды. Дәл осы адамдар өз мәдениеттерінің ең маңызды ескерткіштері болып табылады, демек адамзаттың шынайы ортақ мұрасы – бұл оның шығармашылық алуан түрлілігі. Мәдени және табиғи мұраны сақтап қалу мәселесі — тек жекелеген елдерге ғана емес, жалпы адамзатқа қатысы бар іс. Мұра нысандары тек өздері орналасқан мемлекеттерге ғана емес, бүкілдей адамзатқа тиесілі. Мұраны сақтап қалудың негізгі шарты әлемге деген эмоциялық-құндылық көзқарасты қалыптастыру болып табылады. Мұндай көзқарас Жердің және қоғамның дамуының ұзақ тарихы бойында жасалғанның бәріне құрметпен және сүйіспеншілікпен қараусыз, Табиғат Ана мен Мәдениет құндылықтары алдында жан тебіренуінсіз, жүрек бұлқынуынсыз, көңіл толқуынсыз тіршілік ете алмайды. Мұраға эмоциялық-құндылық тұрғысынан қарауды қамтамасыз ету үшін біз осы мұраны көре білуге, түсінуге, сезінуге және жақсы көруге, сүйіспеншілікпен қарауға тиіспіз.

Табиғатты пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару қоғамдық әлеуметтік басқарудың бір саласы болып табылады. Басқарудың мақсаты – экологиялық бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және салалардағы заң ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына жағдай жасау. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған табиғи ортаны басқаратын органдардың қатарына Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті, Орталық атқарушы органдар және жергілікті өкілді органдар жатады. Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқаратын қызметіне жататындар: • мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлейді; • табиғат пайдаланудың әр түрлі бағыттары бойынша ұлттық (мемлекеттік) экологиялық бағдарламалар әзірлейді, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады; • қоршаған ортаның сапасының нормативтері мен шаруашылық және өзге де қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді; • міндетті экологиялық сақтандыруды жүргізу тәртібі мен ережесін белгілейді; • табиғат пайдаланушыларға рұқсат алу қажет болатын табиғат пайдалану түрлерінің тізбесін және осы рұқсатты беру тәртібін белгілейді; • қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мотарингінің құрылымын, мазмұнын және оны жүргізу тәртібін белгілейді; • қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және бұл салада мемлекеттік бақылау жасау міндеттерін жүзеге асыратын арнаулы уәкілетті органдардың тізбесін айқындайды; • халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады т.б. Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстарды министірлігінің, сондай-ақ оны жергілікті органдардың (облыстық, қалалық және аудандар) атқаратын қызметтеріне мына төмендегілер жатады: • қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды басқарудың экономикалық тетігін іске асыру; • қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында біртұтас мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат жүргізу; • мемлекеттік экономикалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу; 1972 жылы «Бүкіләлемдік табиғи және мәдени мұраны қорғау туралы Конвенцияның» жасалуы «мұра» терминіне жаңа мағына берді. Конвенцияда Бүкіләлемдік мұра деп «бүкіл адамзаттың игілігін құрайтын көрнекті табиғи және мәдени құндылықтар» түсініледі.

Бүкіләлемдік табиғи және мәдени мұраны қорғау туралы Конвенцияның 1-бабына сәйкес, «мәдени мұра» деп: – ескерткіштер: тарих, өнер немесе ғылым тұрғысынан көрнекті әмбебап құндылыққа ие сәулет, монументалды скульптура және көркемсурет туындылары, сәулет өнері сипатындағы элементтер немесе құрылымдар, жазбалар, үңгірлер және элементтердің топтары; – ансамбльдер: осылардың пейзажымен бірлік немесе байланыс тарих, өнер немесе ғылым тұрғысынан көрнекті әмбебап құндылыққа ие болып келетін оқшауланған немесе біріккен құрылыстардың топтары, сәулет; – көрнекті жерлер: адамның туындылары немесе адам мен табиғаттың бірлескен туындылары, сондай-ақ, сәулет тұрғысынан көрнекті жерлерді қоса отырып, тарих, эстетика, этнология немесе антропология тұрғысынан көрнекті әмбебап құндылық болып келетін аймақтар. Бұл ретте бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізуге ұсынылған нысандар, егер шынайы болып табылса және келесі алты критерийлердің тым болмағанда біреуін қанағаттандыратын болса, көрнекті әмбебап және бүкіләлемдік құндылыққа ие деп саналады. Әрбір ұсынылған нысан: 1) адамның творчестволық даналығының ең үздік үлгісі болып келуге; 2) сәулет, технология, монументалды өнер, қала құрылысы немесе ландшафттарды қалыптастыру саласындағы уақыттың ұзақ кезеңі ішінде немесе үлкен аумақта адам құндылықтарымен өзара алмасуды паш етуге; 3) қазірде бар немесе ғайып болған мәдени дәстүрдің бірегей немесе ерекше маңызды куәсі болып табылуға; 4) адам тарихының маңызды сатысын (сатыларын) көрсететін, құрылыстардың қандай да бір түрінің немесе сәулет әлде технологиялық ансамблінің немесе ландшафтының көрнекті мысалы болып табылуға; 5) кейбір мәдениеттер үшін тән, әсіресе бұл мәдениет кері қайтпас өзгерістердің әсер етуімен осал бола бастаған жағдайларда, дәстүрлі қоныстардың немесе ландшафтты пайдаланудың көрнекті мысалы болып табылуға; 6) үлкен жалпы адамзаттық мағынаға ие оқиғалармен, дәстүрлермен, идеялармен, наным-сенімдермен немесе творчестволық актілермен тікелей немесе жанама байланысты болуға тиіс. Осы критерий бойынша, тізімге енгізу тек ерекше жағдайларда ғана және басқа критерийлермен бірге жүргізіледі.

Тізіп көрсетілген критерийлерге қосымша, мәдени мұра нысандары сақталғандық пен басқарудың екі қосымша шартын қанағаттандыруға: 1) дизайнның, материалдың, шеберліктің және орналасудың шынайылық, түпнұсқалық шарттарына жауап беруге; 2) тиісті заңдық немесе келісім-шарттық әлде дәстүрлі қорғанысқа және тізімге енгізуге ұсынылып отырған мәдени игіліктің немесе мәдени ландшафттың сақталуын қамтамасыз ететін басқару механизмдеріне ие болуға тиіс.

«Бүкіләлемдік мұра» картасы жылына бір рет жарияланады және онда бүкіләлемдік мұра нысандарының әлем елдері мен аймақтары бойынша орналасуы туралы картографиялық ақпарат болады. «Бүкіләлемдік мұра» газетінде Бүкіләлемдік мұраны сақтау мәселелері бойынша жалпы мәселелерді толыққанды зерттеу болады. Әрбір шығарылымның анық көрсетілген тақырыптық аспекті болады. Оның жекелеген тақырыптарға, мысалға Комитеттің Араб елдеріндегі, Африка елдеріндегі, Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдердегі ісәрекеті туралы есепке, бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген қалаларды, мәдени ландшафттарды талдауға арналуы мүмкін.

Авторлық сілтеме:
Мазбаев О. Б., Увалиев Т. О. Дүниежүзінің табиғат ресурстары географиясы: Оқулық. — Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2013 ж. 244 бет

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *