Айтыс туралы слайд (презентация)

Слайд тақырыбына назар аударсақ айтыс өнері қазақтың ежелден келе жатқан ауыз әдебиетінің ең үлкен саласы десек те болады. Әр түрлі кезеңдердерде айтыс өнері бірқалыпты дамыған емес. Десек те Көне Шығыс елдерінде, тіпті Еуропада айтыстың өзіндік бәсекелестігі болғаны мәлім. Айтыстың қазіргі даму дәрежесі барлық елде бірдей емес. Мәселенің мән-жайы Азия континентінің шеңберінен алып қарағанда ашыла түседі. Сұрақ-жауап түріндегі осы слайдта көрсетілгендей айтыс Индияда қазір де қолданылады. Қырғыздарда айтыс үлгісі әлі бар, бірақ кең көлемде өріс ала алмай келеді. Қарақалпақтарда айтыс үлгісі 1928 жылдан кейін кездеспейді. Ал өзбек пен ұйғырларда айтыс дәстүрі революцияға дейінгі дәуірдің өзінде-ақ тоқыраған көрінеді. Өзбектер айтыстың жазба түрі — «мұшайраны» дамыту мәселесін енді-енді көтеріп жүр. Әрине, «мұшайраның» импровизациялық айтыс үлгісіне жатпайтыны белгілі.

Айтыс өнері туралы презентация

Айтыс өнері туралы презентация

Слайд беттеріне, немесе көптеген деректерге терең үңілсек айтыс өнері тек қазақтарда кемеңгерлікке жеткен. Қазақ айтысы өз дамуын жоғалтпай, қайта өркендеп, жаңа дәуірге үйлескен жанр болып отыр. Айтыс туралы бұл презентация қазақ халқының осы бір ғажап өнері туралы тың мәліметтер береді. Сонымен қатар айтыс өнерінің түрлері мен жанрлары да қарастырылады.

Слайд жүктеу

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *