KazLib.kz
Слайдтар тізімі

Айша бибі кесенесі туралы слайд

1 919 рет қаралды

Айша бибі кесенесі 11-12 ғасырларға жататын ежелгі ескерткіш болып табылады. Слайд суреттерінде берілгендей Айша бибі кесенесі Жамбыл облысында орналасқан. Кесене келбетін көруге келген туристерді тек Айша бибі кесенесі ғана емес, Қарахан баба арасындағы шексіз махабат аңызы туралы қызықтырады. Слайд бірнеше бөлімдерден құралып кесене құрылысын нақты мәліметтермен суреттейді.

СІЗДЕРДІҢ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА ОСЫ БІР КЕРЕМЕТ АҢЫЗДЫ ҰСЫНАМЫН, ОҚЫП КӨРІҢІЗ:

Айша бибі — шамамен 11-12 ғасырларда өмір сүрген ару қыз. Әкесінің есімі — Айғожа. Айша бибі еліне сапарлап келген Қараханмен жүздесіп, бір-бірін ұнатады. Алайда тұтқиылдан елін жау шапқанын естіген Қарахан дереу еліне аттанады. Уәделі кезде хабар болмаған соң, алаңдаған Айша бибі күйеу жігіт еліне барып, бір хабарын білейін, аман болса алдыңызға келіп ақ батаңызды алып қосылармыз деп, әкесінен рұқсат сұрайды. Бірақ қыз әкесі келісімін бермейді. Үш рет өтініп, меселі қайтқан Айша бибі 40 қыз жолдас ертіп, Қараханның еліне өз бетімен аттанады. Ел шетіне таяғанда демалмақшы болып су бойына тоқтап жуынады. Сол кезде сәукеленің ішінде жасырынып қалған улы жылан Айшаны басынан шағып алады. Қыздардың хабарын естіп Қарахан да жетеді. Бірақ Айша тілге келмейді. Ең болмаса о дүниеде қосылайық деп Қарахан осы жерде Айшамен некесін қидырады. Келін болып босаға аттамаса да, уәдеге берік Айшаның соңғы демі өз қолында шыққанына әрі риза, әрі құса болған Қарахан сол Айша бибі қабірінің үстіне күмбез тұрғыздырады. Халық Айша бибіні әулие санатына қосып, табынады. Айша бибі хикаясын зерттеген тараздық журналист Б.Әбілдаев “Айша бибі” деген пьесасын жазды. Қазақтың Мемлекеттік қыздар педагогика институтына Айша бибі аты берілген.

Скачать / Жүктеу