Австрия: тарихи шолу

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін «Копенгаген» келісімі бойынша Австрия 1920 жылы 5-шілдеде бейтараптық саясат жариялады. 1938 жылы наурызда Фашистік Германия «Аншлюс» саясатын жариялап, Австрияны «Үшінші Рейх» құрамына қосты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Австрия тәуелсіздігін жариялады. 1955 жылы 26 қазанда парламентте Австрия тұрақты бейтараптық саясатты бекітті. Бейтараптық саясат Австрия Республикасын Еуропадан бөлген жоқ. Керісінше өз елінің тәуелсіздігін қорғау, халықаралық құқық негізінде Батыс Еуропа елдерімен екі жақты қарым-қатынастарды дамыту және басқа елдердің ішкі істеріне араласпау қағидасын ұстап келді.

1989 жылы Еуропалық Одақ ұйымының 12 ел Австрия Республикасын ынтымақтастық ұйымына кіруге келісті. 1993 жылы 1 ақпанда келіссөздер басталды. Бірақ Еуропалық Одақ ұйымына кіру үшін Австрия конституцияға өзгерістер еңгізу қажет болды. Австрия парламенті Еуропалық Одаққа кіруге рұқсат берді.

140 депутат қолдап, 35 дауыс қарсы болды. 1994 жылы 12 маусымда референдум өткізді. Халықтың 66,58% қолдап дауыс берді. 24 маусымда Еуропалық Одақ және Австрия арасында Корф аралында қорытынды құжатқа қол қойылды. 1994 жылы 11 қарашада Ұлттық Кеңес депутаттары Корф Декларациясын ратификациялады.

1995 жылы 1 қаңтарда Австрия Еуропалық Одақ ұйымына мүше болып қабылданды. 1998 жылы Австрия Еуропалық Одақ ұйымына төрағалық жасады. 1999 жылдан ұлттық ақшаның орнына «Евро» ақшасын енгізді. 2005 жылы 14 маусымда Еуропалық Одақ конституциясын ратификациялады.

Австрияның экономикалық дамуы

Австрия қазіргі кезде өндірісті дамыған ел. Машина жасау, химия, автомобиль салалары жетік дамыған. Автомобиль бөлшектерінің 90% дайын күйінде шет елдерге шығарады. Сонымен қатар құрылыс өндірісі, электрондық технология, интегральдық және чип салалары бойынша алда келеді. Австрияда туризм және халыққа қызмет (сервис) көрсету, ұсақ және орта кәсіпкерлік орындары экономиканың 80% құрайды.

Соғыстан кейінгі Австрияның өнеркәсіп орындарында мемлекеттік сектордың үлесі жоғары. 1986 жылы мемлекеттік концерн «Остеррайхише Индустри Холдинг А. Г» ОИАГ құрылып, өнеркәсіп өнімдерінің 30%, жұмысшылардың 20% қамтылған. 1990 жылдан бастап мемлекеттік секторды қысқартып, жеке меншіктендіруде. Жеке кәсіпкерлікке қолдау жасауда.

Австрияның сыртқы саудасының басты бағыты Еуропалық Одақ елдері. Германия, Италия, Франция және Нидерланды елдері бірінші орында тұр. Импорттан мұнай — газ, көмір, кокс, тамақ өнімдері құрайды. Экспортта ағаш өнімдері, үй жиһаздары, қара металлургия өнімдерін алады. 2005 жылы Австрияның ішкі өнімдерінің мөлшері — 330 млрд. доллар, жан басына шаққанда — 40320 доллар. Инфляция 2005 жылы 1,8% болды.

Австрияның саяси дамуында Австрияның халық партиясы мен Социалистік партиясы елде демократиялық даму жолында халықтың қолдауына ие болып келеді. Австрияның Еркіндік партиясы оның жетекшісі Й. Хайдер үкіметі «неофашистік» саясатын жүргізіп, халықтың наразылығын туғызып, елді саяси дағдарысқа әкелді. 2002 жылы парламент сайлауында демократиялық күштер мен националистер арасындағы күрес кең етек алды. Сайлауда Австрия халық партиясы 42% дауыс алып, парламентте 183 депутаттық орынның 79 орынын алса, Австрия социалистері сайлауда 37% дауыс алып, біріккен үкімет құрды. Националистер Австрия Еркіндік партиясы 10,27% дауыс алды. Австрия Президенті Томас Клестель сайлауда социалистік партияны қолдауы нәтижесінде жеңіске қол жеткізді. Премьер- министрі болып АХП-сының жетекшісі В. Шюссель тағайындалды.

Сыртқы саясаты

Австрия Республикасы сыртқы саясаттағы бейтараптық саясатын өзгертуі, Еуропалық Одақ елдерімен сауда- экономикалық байланыстарды нығайтуға жол ашты. 1995 жылы Австрия Еуропалық Одақ ұйымына мүше болып, Евро аймаққа кіріп, ұлттық ақшасы Евро болды. «Шенген» келісіміне кіріп, азаматтардың еркін жүруіне жол ашты. Парламенттегі социалистер Австрияның НАТО ұйымына кіруіне қарсы болып келеді.

Австрия — Ресей қарым-қатынастары бір қалыпты дамып отыр. 2001 жылы ақпнда РФ Президенті В. В. Путин ресми сапарымен Австрияға барса, маусым айында Австрия Республикасының Президенті Томас Клестель Мәскеу қаласында екі жақты сауда- экономикалық келісімдерге қол қойылды. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясында 500 Австрия өндіріс компаниялары жұмыс істейді.

2002 жылдан бастап Австрия үкіметі екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында неміс-фашист концлагерінде тұтқында болған адамдарға компенсация төлеуге келісті. Австрия үкіметі концлагер тұтқындарына 340 мың долларды 150 мың адамға төледі. Оның ішінде 40 мың украиндар, 25 мың орыстар және поляк, чех, белорусь, қазақстандықтар және словактар.

Австрия-Қазақстан арасындағы ынтымақтастық

1992 жылы 18 қаңтарда ҚР-ның тәуелсіздігін мойындап, 19 ақпанда екі ел арасында елшілік қатынс орнады. 1995 жылы Венада Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды. 2002 жылдан Австрияның Қазақстанда консулдығы жұмысістеп келеді. Қазақстан Республикасы мен Австрия арасында саяси қарым-қатынастар дамып келеді. 1992 жылы ақпан айында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев ресми сапармен Австрия Республикасына барды. 1993 жылы ақпан айында Н. Ә. Назарбаев екінші рет Австрияға ресми сапарында Австрия Президенті Т. Клестельмен, үкімет басшыларымен ткеліссөздер жүргізді. 1999 жылы шілде айында Зальцбург қаласында Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің саммитіне ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев қатысты. 2004 жылы 19 ақпанда екі ел арасында парламентаралық кездесулер өтті. Тұңғыш рет екі ел парламенттерінің келіссөздері болды. Келісімдердің барысында екі ел арасындағы туризм, жоғарғы технология, экология, орта және ұсақ кәсіпкерлікті және ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларын дамытуға келісті.

Экономикалық-сауда қатынастары

Екі ел арасындағы 2005 жылы тауар айналымының мөлшері — 158,1 млн. доллар құрады. Қазақстан экспорты — 1,1 млн. доллар, импорт — 157 млн. доллар. Олар: мұнай өнімдері, минералдық шикі заттар, металдар, уран және мақта. Қазақстан импортты, геологиялық-барлау техникасы, мұнай және газ игеруге арналған, формацев, ветеринарлық, қағаз, каучук бұйымдары шығарылады. Екі ел арасындағы несие салалары дамып келеді. 1995 жылы Австрия несиесіне Алматы қаласында «Рахат» және «Марко Поло» компанияларының қатысуымен бес жұлдыздық «Рахат палас» қонақ үйі салынды.

Қазіргі кезде Австрия — Қазақстан арасында 50 біріккен кәсіпорындары жұмыс істеп келеді. Олар: «Жетібай-Куэст» (мұнай саласында), «Фест Альпинс Казахстан» (қара металлургия), «Дос тау» (Шымбұлақта) сонымен қатар «Тим Лтд», «Вальтхам -Азия» бұл біріккен кәсіпорындарда Алматы, Павлодар, Қарағанды, Атырау қалаларында жұмыс істейді. Қазақстанда 40 Австриялық фирма тіркелген, «Алкатель Телеком», «АБФ», «Вальтхам» т. б. Қазақстанның кейбір облыстары Австрияның федералдық жерлерімен сауда-экономикалық байланыстарды дамытуда. Павлодар облысы Австрияның Каринтией жерімен, Алматы қаласы Төменгі Австрия жерімен жұмыс істеуде.

Мәдени ынтымақтастық

1992 жылы мәдени байланыстар туралы Меморандумға қол қойылды. Австрия жағыц семинар, курстар және стажировкалар өткізіп келеді. Нарықтық экономика, маркетинг және банк мамандарына дәрістер оқытылады. 1993 жылы Вена қаласындағы Елшілік Академиясы жанында қазақстандық 15 дипломат және туризм мамандарын дайындауда. 1996 жылы 10 қазақстандық туризм мамандарын дайындады. Австрияның жоғарғы оқу орындары және Қазақстанның білім және ғылым министрлігі арасында байланыстар дамуда. Алматы шет тілдер университетінде «Австрия кітапханасы» ашылды. Екі ел арасындағы студенттер, профессор-оқытушылар алмастырулар жалғасуда.

Австрияда 72 қазақ диаспорлары тұрады, олар Туркия және Австрия азаматтары, барлығы 20 отбасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *