Атом құрамы мен құрылысы слайд

Слайд тақырыбы: атом құрамы мен құрылысын оқып-таныстырады; изотоп ұғымын білетін боласыңдар. 1911 жылы ағылшын ғалымы Э.Резерфорд атомның ортасында оң зарядталған ядросы бар екенін тәжірибе жүзінде анықтады. Сөйтіп, атомның планетарлық моделін ұсынды (20-сурет). Бұл модель бойынша атом оң зарядталған ядродан және оны айнала қозғалатын теріс зарядталған электрондардан (е) тұрады. Электронның массасы, протон мен нейтрон массаларымен салыстырғанда, өте аз шама. Оны ескермеуге де болады. Слайд бетінде көрсетілгендей атомның бүкіл массасы ядрода шоғырланған.

Атомның планетарлық моделі

20-сурет. Атомның планетарлық моделі

Ядро құрамына протондар және нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіреді. Осы бөлшектер слайдтың негізгі тарауында көрсетіледі. Протондардың заряды электрондардың зарядына тең, бірақ заряды оң (+1), протонның массасы сутек атомының массасына тең. Нейтрондардың массасы жоқ,олар электр-бейтарап, массалары протондардың массасына тең, яғни 1-ге тең. Атомдағы протондар мен нейтрондардың қосындысы массалық саны деп аталады.

Ядро құрамына протондар және нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіреді.

Табиғатта массалары әртүрлі бір элемент атомдарының түрлері болатынын зерттеулер нәтижелері көрсетті. Мысалы, массасы 12, 13 және 14-ке тең көміртек атомдары, сондай-ақ массасы 16, 17 және 18-ге тең оттек атомдары кездеседі. Бұл атомдардың ядросында протон сандары бірдей, бірақ нейтрон сандары әртүрлі.

Ядро заряды бірдей, бірақ атомдық массалары әртүрлі бір элемент атомдарының түрөзгерісі изотоптар деп аталады.

Слайд беттерінде көрсетілгендей бір химиялық элементтің изотобы периодтық жүйеде бір орынға орналасады (грек. isos — бірдей, topos — орын). Барлық дерлік химиялық элементтердің изотоптары белгілі.

Атом жайлы қысқаша мәлімет

Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтің атомдық массасы оның изотоптарының атомдық массаларының орташа мәніне тең, осыған байланысты олардың мәні бөлшек санға тең болады. Мысалы, табиғатта кездесетін хлор атомдарының 75%-ы 35Cl изотоптан және 25%-ы 37Сl изотоптан тұрады.

   Скачать / Жүктеу

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *