Астрономиялық рефракция

Астрономиялық рефракция — аспан шырақтарынан келген жарық сәулелерінің атмосферадан өткен кездегі сынуы. Атмосфера биіктіктеген сайын сирейтін болғандықтан, қисайған сәуленің дөңес жағы ылғи да зенит жаққа қарайды. Рефракцияға байланысты аспан шырақтарының кескіндері олардың нақты орындарынан жоғары көрінеді.

Шырақтың нақты және көрінерлік орындарының арасындағы бұрыш рефракцияның мәнін береді, ол сәуленің атмосфера қабатындағы жолына және оның атмосфераның бірдей қабаттарына түсу бұрышына тәуелді. Рефракция зенитте нөлге тең, ал зениттен алыстаған сайын, горизонтқа жақындаған сайын арта береді.

zrzrzr
0030°34″65°2’04»
5″35°41″70°2’39»
10°10″40°49″75°3’34»
15°16″50°1’09»80°5’19»
20°21″55°1’23»85°9’52»
25°27″60°1’41»90°35’24»

Рефракцияға байланысты Жер бетінде бірқатар оптикалық-атмосфералық эффектілер байқалады: рефракцияға байланысты Күн дискісі горизонттан Күннің шығу уақытынан бірнеше минут ерте шығып, Күннің бойлығының үзаруы; Ай мен Күн дискілерінің астыңғы жақтары рефракция әсерінен жоғары көтерілгендіктен сығыңқы болып көрінуі; жұлдыздардың жыпылықтауы және т.б. Толқын ұзындықтары әртүрлі болатын жарық сәулелерінің рефракциялары әртүрлі болуына байланысты (көк және күлгін сәулелер қызылға қарағанда көп ауытқиды) горизонтқа жақын орналасқан шырақтар әртүрлі түстерге боялып көрінеді.

Таблицада келтірілген түзетулер Жерден үлкен қашықтықта орналасқан жұлдыздар, планеталар және тағы басқа шырақтар үшін қолданылады.

Басқа, Жерге жақын, мысалы, Айға қарағанда жақын орналасқан объектілер үшін рефракцияның әсері таблицада келтірілген шамаларынан біршама өзгеше болады. Бұл сәуленің атмосферада сынуына байланысты бақылаушыдан жақын объектіге дейінгі бағыт пен сәуленің атмосфераға кірген нүктесінен сол объектіге дейінгі бағыттар өзара параллель болмай белгілі бір бұрыш жасауына байланысты. Бұл бұрыш рефракциялық параллакс деп аталады. Айды бақылаған кезде рефракциялық параллаксқа түзету 1,2″, ал Жердің жасанды серіктері үшін бірнеше ондаған минутқа дейін енгізіледі.

Авторлық сілтеме:
ДОСАЕВА Т.Т., ШАКЕНОВ М.Б. Д64 Сфералық астрономия: оқу құралы /Т.Т. Досаева, М.Б. Шакенов –Талдықорған: ЖМУ. 2011. – 83 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *