Ақпараттық экономикаға жалпы түсінік

Ақпараттық экономиканың негізгі анықтамалары. Ақпараттық экономика екі ұғымды түсіндіру үшін қолданылатын термин. Біріншіден, ақпараттық экономика шығармашылық еңбек пен ақпараттық өнімдердің басым ролімен сипатталатын өркениеттің қазіргі заманғы даму сатысы. Екіншіден, ақпараттық экономика- ақпараттық қоғамның экономикалық теориясы.

Ақпараттық экономиканың ызметтері. Қазір ақпараттық экономика ұғымының əр түрлі анықтамалары қолданылады. Ал ол өз кезегінде ақпараттық экономиканың мақсаттары мен тапсырмаларының қалыптасуына табиғи түрде əсер етеді. Батыста ақпараттық экономиканы жалпы экономиканың ақпараттық жұмысына жəне компьютерлік индустрияға қатысты бір бөлігі ретінде қарастырады. Бірақ бұл негізінде индустриялы экономиканы аграрлық құрылыстың бір бөлігі ретінде қарастырумен бірдей болғаны. Нəтижесінде компьютерлік индустрияның барлық күші көңіл көтеру саласына жəне дəстүрлі индустриалды құрылыстың экономикалық процестерінің автоматтандырылуына бағытталған. Іс жүзінде бұл бүгінгі күнгі барлық салада, əсіресе халықтың жұмысбастылық саласында экономикалық əсердің азғантай болып отырғанын көрсетеді. Сонымен бірге, 6-7 технологиялық құрылысына көшу концепциясы нақты өндіріспен байланысы аз жəне ақпарат пен білімге байланысы көп жаңа жұмыс орындарының пайда болуын қарастырады. Сондықтан ақпараттық экономика терминін еңбек пен өндіріс күштерінің өзгеру сипатымен айқындалатын қоғамдық қарым-қатынастардың бір деңгейінен басқа деңгейіне өзгеруі ретінде қабылдау қажет.

Ақпараттық экономика(постиндустриалды қоғамда шаруашылық жүргізудің ережелері)- қоғамдық өндіріс, қоғамдық игіліктерді бөлу мен тұтыну процестерінде электрондық технологиялардың кеңінен қолданылуын қамтитын адамның шаруашылық қызметін зерттейтін ғылым. Көпшілікке бағытталу жəне шаруашылық қатынастарының ғаламдық сипатына ие болу жəне де өндірілген өнімнің тұтынушылар арасында ғаламдық деңгейде бөлінуі ақпараттық экономиканың ерекшелігі болып табылады. Менеджмент пен бизнесті жүргізудің нарықтық моделіне негізделген жалпы қабылданған дəстүрлі экономикаға қарағанда ақпараттық экономика менеджментте, инновациялық кəсіпкерлікте, ақпараттық инжинирингте жəне экономикалық процестердің автоформализациясына негізделген.

Ақпараттық экономиканың басты қызметтері: — макродеңгейде- қоғамның шаруашылық энергиясының жаңа сыртқы ресурстар мен өзінің құрылысының сапалы трансформациясына қарай бағытталу қабілетімен айқындалатын ғаламдық процестер көлемінде шаруашылықтың даму бағыты. — микродеңгейде- сыртқы ортадан шаруашылық энергияны жəне жаңа жұмыс орындарының пайда болуы түріндегі трансформацияны алуға бағытталған шаруашылық жүргізудің алгоритмін кəсіпкерлік субъектілердің құруы.

Ақпараттық экономика жүйесі. Ақпараттық экономика жүйесі ретінде өзара бір ретті жəне үзіліссіз кəсіпкерлік қарым- қатынастары іске асырылған шаруашылық қызметтердің жүйесі түсіндіріледі. Өзара бірреттілік, үзіліссіздік жəне кері қызметтердің болуы элементтердің, процесстердің жəне олардың арбитражының құқықтық идентификациясын қамтамасыз етеді. Бұндай жүйелердің аналогтарына қазіргі кезде Visa/MasterCard, Интернет-трейдинг төлем жүйелері болып табылады. Бұл жүйе Интернетті қоса есептегенде телекоммуникациялық жүйелер негізінде қалыптасады. Ақпараттық экономика жүйесі динамикалық түрде өзгеріп отыратын байланыстармен сипатталады. Жəне де бұнда құқықтық толыққандылықтың қамтамасыз етілуі үшін элементтер мен типтер арасындағы мирасқорлықтың сақталуы шарты сақталынады.

Ақпараттық экономиканың қандай да болмасын жүйесі процестерге тəуелді бола отырып үш параметрмен сипатталады: — элементтердің құрамының ерекшеліктері бойынша — олардың саны бойынша — құрылымы бойынша, яғни элементтерді біріктіретін байланыс түрі. Элемент ретінде бұл жерде шаруашылық жүргізуші субъектімен байланысты жəне оның ерекшеліктерін сипаттайтын, электронды экономикалық қарым-қатынастың жүргізілуіне мүмкіндік жасайтын электронды бірлік түсіндіріледі. Ақпараттық экономика жүйесі нақты шаруашылық жүйесімен тығызбайланысты.

Ақпараттанудың дамуы АҚШ-та 60 жж, Жапонияда 70 жж-дың соңынанБатыс Еуропада басталды. Қазіргі материалдық өндіріс жəне басқа да қызмет салалары ақпараттық қызмет ету мен үлкен ақпарат көлемін өңдеуді қажет етеді. Қоғамды ақпараттандыру қазіргі əлеуметтік прогрестің заңдылықтарының бірі. Бұл термин осы уақытқа дейін кең қолданған «қоғамның компьютеризациясы» терминін ысыруда. Бұл екі түсінік ұқсас болғанымен олардың едəуір айырмашылығы бар. «Қоғамды ақпараттандыру» қажеттілікті қанағаттандыруға арналған ақпаратты тездетіп игеруге бағытталған жəне онда əлеуметтік-техникалық прогрестің мəні мен мақсаттарына көңіл аудару керек. Компьютерлер қоғамды ақпараттандыру процесінің негізгі техникалық құраушысы болып табылады. Компьютерлік жəне телекоммуникациялық технологияларды енгізу негізіндегі ақпараттандыру қоғамдық өндірістің ақпараттық секторында еңбек өнімділігінің артуы қажеттілігіне қоғамның іс-əрекеті болып табылады, онда жұмысқа қабілетті халықтың жартысынан астамы қамтылған. Біз өмір сүретін уақытта, яғни 21 ғасырда «ақпарат» ұғымы күнделікті қолданысқа енген, сондықтан «ақпарат» ұғымына анықтама берудің қажеті жоқ. Біздің қоғам «ақпараттық экономикаға» қадам басқан, біршама ақпараттанған қоғам. Ақпараттық экономиканың бизнеске əсерін жəне бизнестің ақпараттық ортасын, оны кім жəне қалай қалыптастыратынын қарастыру маңызды. Алдымен «ақпараттық экономика» ұғымына анықтама берейік.Ақпараттық экономика – ЖІӨ–нің көп бөлігі білім мен ақпаратты тарату, алмастыру, өңдеу, сақтау қызметімен қамтамасыз етілетін жəне жұмысбастылардың көп бөлігі осы салада қызмет ететін экономика түрі. Ақпараттық экономика — экономиканың барлық негізгі салаларының дамуы электрондық – ақпараттық техника құралдарымен байланысты болатын жаңа ақпараттық қоғамның келе жатқанын баяндайтын концепция. Бұл концепцияда ақпарат тауар ретінде қарастырылады жəне статистикалық əдістермен зерттеледі. 1980-1990 жылдардан бастап ақпараттық технологиялар саласы дами бастады. Əуел баста ол баяу дамыса, 1990 жылдар ортасынан қарқынды дами бастады. Əртүрлі ақпараттық техника мен технологияның пайда болуы, ақпарат саласының, соның ішінде БАҚ, интернет желісі, телекоммуникация жəне телевизия, радио,т.б. құралдардың дамуы біздің қоғамның, соның ішінде экономика саласының дамуын да жеделдетті. Осыған байланысты ақпараттық экономиканың даму сатыларын келесідей көрсетуге болады: 1. Өндіріске ақпараттық технологиялардың енуі . 2. Ақпараттық технологиялардың жаппай енгізілуі жəне стандартталған технологиялардың басым болуы. 3. Ақпаратты жəне ақпараттық технологияларды өндіру саласының өнімділігінің басқа салалардан асып түсуі. 4. Ақпарат пен білімді өндіруге басым түрде көшу.

Глобальдық жүйелер, интернеттің пайда болуы экономика, бизнесті ұйымдастыру саласында үлкен төңкеріс жасады десек артық болмайды.Бизнесті жүргізудің жаңа бағыттары пайда болып қана қоймай, ескі бағыттары да ақпараттық технологияларға бейімделіп өзгерді. Соңғы жылдары бұл тенденциялар неғұрлым басым болуда. «Intel» тəуелсіз зерттеу компаниясының мамандары жасаған зерттеулерге сүйенсек, 2006 жылдың аяғы қорытындысы бойынша бизнесті ұйымдастыру саласында ақпараттық технологияларды қолданушылар саны 18 576 287 ірілі – ұсақты компания болған, əлем бойынша Интернет желісін қолданушылар саны миллиардқа жеткен, ал электронды коммерцияның қаржылық айналымы триллион долларға жетті. Осы зерттеу нəтижесінен жасайтын қорытынды: бизнесті жүргізуде ақпараттық технологияларды, сауданың электрондық əдістерін, Интернет желісінің потенциалын ескермей, қолданбайтын компаниялар, керісінше, осыларды қолданатын жəне жеңіл игеретін алдыңғы қатарлы компаниялардың бəсекелік қабілетіне шыдамай, нарықтың көптеген позицияларында өз үлестерін жоғалтуы əбден мүмкін. Мысалы: ірі бизнеспен айналысатын кез-келген компанияның өзінің жеке ақпараттар базасының болуы қосымша клиенттерді көптеп тартуға мүмкіндік береді. Желіге кіріп компания тарихы, қызметі, өнімдері, сапалық белгілері, кəсіби жетістіктерімен, т.б. танысқан кез-келген адам алған ақпараты ұнаған жағдайда компанияның болашақ клиентіне айналуы мүмкін. Ал желіге байланысты емес мысал келтірсек, əуелі телевизия мен радио, пошта қызметін, яғни БАҚ – ты айтқан жөн. Белгілі болғандай, қазіргі кезде көптеген телекомпаниялардың өз бюджеттері жарнама ақысы есебінен құралады, теледидарды қарау арқылы əртүрлі тауарлар мен қызметтер, олардың сапалық қасиеттері, бағасы туралы, оның өндірушілер туралы көп ақпарат ала аламыз, теледидардың көмегімен қызықты əрі бейнелі, мəн-мағыналы видеороликтер көрсету арқылы бизнес иелері бізді біршама ақпарат иесі етеді жəне мұндай жарнама арзан болмағанымен, ол тұтынушы мен өндіруші арасындағы берік ақпарат каналы болып табылады. Радио жайлы да осыны айта аламыз. Біз теледидар мен радиодан алған ақпараттың дұрыстығына толығымен сенімді бола аламыз. Бірақ, бизнесті ұйымдастыру мен жүзеге асыруда басқа ақпарат құралдарынан гөрі Интернет желісінің алатын орны ерекше. Бұған дəлел келтірсек, біріншіден, Интернет желісіне кезкелген адам əлемнің əр аймағынан қол жеткізіп, ақпаратқа ие бола алады, екіншіден, БАҚ, теледидар, радио, т.с.с. ақпарат көздерінен өзімізге қажет ақпаратты белгілі бір уақыт аралығында ғана ала алсақ, Интернеттен кезкелген уақытта ала аламыз, үшіншіден, жоғарыда айтып кеткенімдей, Интернет желісін қолданушылар уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Сол себептен, бизнестің статусын қалыптастыруда, компанияның ақпараттық ортасын қалыптастыруда, компания мен клиент арасындағы байланысты нығайтуда Интернет желісінің маңызы зор. IBM компаниясы мамандарының зерттеу нəтижелері бойынша бизнес – процестерді Интернет технологиялары арқылы ақпараттандыру қарқыны жыл сайын орташа 2-3 есеге өсіп жатады. Бизнесте, яғни іскерлік белсенділік танытуда глобальді технологияларды қолдану арқылы ішкі жəне сыртқы байланыстарды өзгерту мен күшейту арқылы компания өз пайдасын бірнеше есе ұлғайта алады. Компанияның ішкі ұйымдастырылуы ортақ ақпараттық желі (ақпараттық ғылым тілінде «интранет») арқылы жүзеге асырылуы компания қызметкерлері арасындағы қарым – қатынасты тиімді етеді жəне компанияның ішкі жоспарлау жəне басқару процестерін неғұрлым нəтижелі етеді. Ал компанияның сыртқы байланыстарында ақпараттық желіні қолдану (экстранет) əріптестермен, клиенттермен, жабдықтаушылармен байланыс орнатуда зор қызмет атқарады. Бизнестегі ақпараттық ресурстардың Қазақстандық жəне шетелдік тəжірибесін салыстырсақ, əрине, елімізде ақпараттық технологиялар саласы əлі де көп жұмысты, инновацияны, жеделдікті қажет етеді. Осыған қатысты негізгі мəселелер мыналар: Бизнесті ақпараттандырумен айналысатын арнайы бағдарламалардың аз болуы; Кейбір ақпараттық технологиялардың халықаралық стандарттарға сай болмауы; Интернет – бизнесте заңсыз, алдамшы іс – əрекеттің болуы.

Елімізде бизнесті ақпараттандыруға қатысты заңнамалық негіздің əлсіздігі. Аталған мəселелерге қатысты ұсыныстар жасауға болады: Ең алдымен осы салада заңдық базаны күшейту, ақпараттық технологияларды қолдану туралы заң қабылдау; Ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті көбейту, мысалы кез – келген ірілі- ұсақты фирмалар интернет желісінде тіркелуі тегін болса немесе бастапқы жеңілдіктер көп болса. Жүзеге асырылып жатқан жобалардың ауқымын үлкейту, мысалы, Қазақстандық тауарлар мен қызметтерді жарнамалаушы сайттарды көбейту арқылы еліміздің халықаралық нарыққа шығуын жеделдету; Жас фирмаларға ақпараттандыру саласында мемлекет тарапынан қайтарымсыз көмектер көрсету; Желідегі заңсыз іс – əрекеттерден қорғану, ақпараттық қауіпсіздікті күшейту.

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында кез–келген бизнес-процестер ақпараттық қамсыздандырусыз жүзеге аспайды. Кез – келген бизнес – процесс адам қолымен жасағанда тиімді бола бермейді, бұл əдетте, жұмысы көп, ауыр, көп деңгейлі жұмыс. Бұл мəселені шешу үшін бизнестің ақпараттық ортасын қалыптастыру жəне оптималдандыру, автоматизациялау жүзеге асырылады. Жоғарыда баяндағанымды қорытындылай, айтарым қазіргі таңда бұл іспен айналысатын арнайы ұйымдар, фирмалар, т.б. көп, əрқайсысының қызмет бағыты əртүрлі. Барлығының ортақ белгісі – ақпараттандыру арқылы, жоғарғы технологияларды қолдану арқылы клиенттің бизнес – процестерін оптималдандыру, олардың уақытын жəне қаржысын үнемдеу. Бұл істі жоғары білімді кəсіби мамандар жүзеге асырады. Нəтижесінде клиент орнықты, тұрақты жұмыс істейтін бизнеспроцестер жүйесіне ие болады.

Ақпараттандырылған бизнес фирманы іштей жəне сырттай дамытады. Сыртқы ортада жабдықтаушылармен, клиенттермен, бəсекелестермен қарым – қатынасты оптималдандырса, фирма ішінде ішкі құрылымды, персонал байланысын жақсартады жəне трансакциондық шығындардың төмендеуіне əсер етеді. Жалпы айтқанда, экономиканы, соның ішінде бизнесті ақпараттандыру өте табысты іс болып қана қоймай, жалпы адамзат қоғамының алға жылжуын қамтамасыз етеді, іс жүзінде қоғамның, экономиканың, еңбек, капитал нарықтарында, тауар мен қызметтер өндірісінде əлеуметтік салада геоэкономикалық жағдай өзгереді, нəтижесінде бизнес еларалық, ғаламдық сипатқа ие болады. Сол себептен, ақпараттық технологияларды бизнесте қолдану арқылы тұтастай қоғамды, соның ішінде экономиканы да жедел дамытуға болады.

Авторлық сілтеме:
Бабажанова Ж.А. Б12 Ақпараттық экономика. Оқу-əдістемелік құралы. — Астана: ЕҰУ АББ, 2011. — 127 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *