Адамзаттың шығу тегінің ежелгі отаны

Жоғары деңгейдегі гоминоидтардың соңғы миоценде Афроеуразияға кеңінен таралуы əр континентті адамзаттың шығу тегінің арғы отаны деп қарастыруға мүмкіндік береді. Бірақ осы күнге дейін жинақталған палеонтологиялық, археологиялық, биомолекулярлы деректер бойынша, сондай-ақ Ч. Дарвин мен қазіргі көзқарастар бойынша, адамзаттың арғы отаны Африка, дəлірек айтсақ, солтүстіктен оңтүстікке 8000 км-ге созылған аймақты қамтитын Шығыс Африка рифіне кіретін үлкен тау жыныстары болып табылады. Бұл пікірді қолдайтын аргументке Шығыс Африкадағы табылған ежелгі гоминид-австралопитектер мен Homo туысының ертедегі өкілдері жəне осы аймақтан анықталған ежелгі тас құралдары жатады. Гона мен Афарадағы тұрақтардан алынған артефактардың ең ежелгі жылдары 2,70-2,89 млн. жыл бұрынғы уақытқа сəйкес келеді.

Келтірілген аудандарда бірінші гоминидтер тіршілік еткен эко логиялық қуысқа сəйкес табиғи-экологиялық факторлар кешені болған. Онда: а) жер қыртысының геологиялық белсенділігінің жоғары болуы; Шығыс Африкалық рифі жанартауларға бай келеді жəне олардың атқылауының нəтижесінде қалың күл қабаты пайда болған; жанартаулардың əсерінен ландшафтар жəне фауна құрамы өзгеріп отырған жəне өсімдіктердің оқтын-оқтын жойылып отыруына байланысты тағам талғамайтын жануарлар пайда болған; ə) иондаушы радиацияның жоғарғы деңгейде болуы, мутаторлы генотиптердің пайда болуы мен бекітілуіне себеп бола алатын жердің геомагнитті кеңістігінің инверсиясы; б) сумен қамтамасыз етілу көздеріне салыстырмалы түрде бай болуы. Саваннаның жергілікті аймағындағы ашық типті немесе орманды саваннада (Омо, Олдувай, Туркан көлдері, Хадар жəне басқада Шығыс Африка су қоймаларының жағалауында орналасқан мекенжайлар) тіршілік ету тұрғындарының мінсіз мінез-құлық реакциясының өзгерісінде үлкен рөл атқарады. Фаунаның көптүрлілігіне байланысты, етті азық ретінде кең көлемде қолданылуына алып келді, сонымен қатар мидың дамуы да маңызды шартқа айналды; жартасты жерлердің көп болып, тіршілік үшін шығыс африкалық гоминидтердің тұрақтарына айналған жəне өзде рінің жауларынан қорғану үшін, азығын табу үшін алғашқы құрал-саймандар жасауы формаларының ерте тууына жағдай жасады.

Қазіргі кезде Африкада (шимпанзе, горилла) адамдарға өте жақын, əрі тығыз байланысқан понгидтер тегі мекендейдi. Африкалық аймақ пайдасына биомолекулярлы мəлiметтер де куə бола алды.

ХХ ғасыр басында ғылымда адам баласының ортаазиялық шығу тегі туралы гипотеза талқылана бастады. Понгидтік тектен аяғымен тік жүру кезеңіне өту үштік жəне төрттік дəуірлер кезінде климаттың күрт өзгеруіне байланыстылығын көрсетеді, яғни таулы аймақтардың пайда болуы. Палеогеография, палеонтология жəне археология бұл тұжырымдамаларды растамады. Африкадан Азияға гоминидтердің көшуі 2-1,5 млн. жыл бұрын орын алған. Сонымен қатар адамдану аймағына тек қана Еуропаның оңтүстік аудандары ғана емес, Закавказья территорияларыда енген. Бірақ, Шығыс Еуропа аудандарымен қатар Кавказ алды территорияларының адам санатына ену аймақтарына қоныс аудару жайлы əртүрлі пікірлер айтылды. Бірақ, Африкалық атақоныс концепциясы өте жақсы дəлелденген, тек қана Африкада ғана адамның шығу тегінің эволюцияның барлық кезеңдері көрсетілген. Африкадан басқа жерлерде табылған ертедегі гоминидтер өте сирек деп айтуға болады.

Төрттік дəуірде адамның пайда болуы «антропоген» деген атауға ие болған. Үштік пен төрттік дəуірлері арасындағы шекараларды анықтауда ежелгі археология жəне палеоантропология қазбаларына назар аударылды.

Авторлық сілтеме:
Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. Антропология: Оқулық. / Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011.– 288 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *