Адамның пайда болуының əлеуметтік аспектісі

Адамның қалыптасуы қоғам əлеуметінің дамуымен – социоге — незбен тығыз байланыста болды. Антропогенездің ерте кезеңдеріндегі гоминид қалыптасуының негізгі биологиялық механизмі табиғи сұрыпталу еді, бірақ та оның «бағыттаушысы» қоғамдық еңбек болды. Эволюция барысында бірінші кезекте нығайып жəне күшейгені, адамның биологиялық ұйымдасуының тұқым қуалауының өзгергіштігі, яғни олар оның əлеуметтенуі мен одан да ары қарай еңбек пен қоғамның дамуына қолайлы ықпалын тигізді. Бірақ қоғамда өз тарапынан қажетті басымдылық күшіне ие болды, оны қоғамдық еңбек берді. Сонымен, адамзаттың тарихи-эволюциялық дамуы антропосоциогенезде – биологиялық жəне əлеуметтік тұрғыдан диалектикалық тұтас болды.

Биологиялық жəне əлеуметтік тұрғыдан күрделі адами ерекшеліктердің, сөйлеу мен ойлау қабілеттерінің пайда болуы эволюцияның тұқым қуалау факторларына байланысты еместігі көрініс береді. Генде тек танымның, ойлаудың, тілдің биологиялық негізі ғана салынған, тұқым қуалау бағдарламасының жүзеге асуы үшін белгілі бір əлеуметтік орта қажет, оның дəлелі ретінде сөйлей алмайтын жабайы жануарлардың балаларды тəрбиелеуін келтіруге болады.

Адамның əлеуметтенуі барысында өздігінен табиғи сұрыпталу рөлі біртіндеп «кеми» бастады. «Саналы адамның» пайда болуымен антропогенез аяқталды, оның биологиялық тұрғыдан тіршілік етуі тек қоғамдық ортада ғана жүзеге асты. Биологиялық жəне əлеуметтік факторлардың əсерінен адамның дамуы ерекше, оған ғана тəн психика, соның арқасында ол өзінің іс-əрекеті мен əлеуметтік дəрежесін анықтауға, қоғамның құбылысы мен талабын айқындауға қабілеттілігі арта түсті.

Жануарлар қауымдастығының формасы тіршілік үшін күрес болып табылады. Адамдардың жаратылысымен қоғамда пайда болып, тарихи тұрғыдан адамдармен бірге тірі жүйенің ең жоғарғы сатысының дамуы жүзеге асты. Адамзат қоғамының пайда болғанынан бастап, негізгі күш ұжымдану қажеттілігіне негізделді. Адамның мақсатты жəне жүйелі түрде еңбек құралдарын жасауы олардың тіршілігі үшін бейімделуіне итермеледі. Жануарларға қарағанда адамдар табиғаттың араласуынсыз жүзеге асатын əрекеттер жасады. Өнеркəсіптің өзі адамның тіршілік қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған, ол өз кезегінде тарихи өзіндік басқа да маңызды кəсіпшіліктің дамуына алып келді. Гоминид тізбегіндегі негізгі бейімделушілікке мəдениеттердің пайда болуы жəне олардың жинақталып ұрпақтан-ұрпаққа берілуі жатады. Гоминид эволюциясындағы биологиялық тұрғыдан жоғарғы приматтарға тəн сананың өсуі, сапалы мінез-құлықтарының өзгеруі, жалпылама үйрену қабілетінің жоғарылауы, жеке тұлға ретінде қалыптасу дəрежесінің көтерілуі болды.

Бұл топтанып дамудағы мінез-құлқының негізгі тенден цияларының бірі – топішілік агрессияның азаюы мен агрессивті мінез-құлқының жойылуының əсерінен болуы мүмкін. Əлеуметтік интеграцияның артуы салдарынан мидың, қарым-қатынас жүйесінің (негізінен іс-əрекеттік жəне акустикалық сигналдардың) дамуында үлкен маңызға ие. Ежелгі австролопитектер информациялық кодты іс-əрекеттен акустикалық сигналдарға өте алған деген болжам бар (Васильев, 1993).

Эволюциядағы бұл тенденциялар əлеуметтік қатынас Ното линиясында айқын көрінген: топішілік əлеуметтік байланыстардың қарқыны, өз қоғам мүшелеріне деген төзімділік артқан, агрессияны тежеу механизмдері, кооперация мен альтруизмнің одан да күрделі формалары дамыған. Егер адам антропогенез барысында жабайы жануарлар, əсіресе, аңдар секілді агрессиялық мінез-құлқына төтеп бере алмағанда, ол өзінің бастапқы дəуірінде қоршаған ортадан туындайтын барлық күрделі тапсырмаларды өзі шешіп, тірі қалуы мен дамуы мүмкін болмас еді. Көптеген алуан түрлі қолайсыз жағдайларды адамзат ұжымдық еңбек арқасында жеңіп шықты.

Археолог А. Е. Матюхиннің пайымдауынша, ежелгі австралопитектерде тастарды жаратын əр түрлі əдістері жəне тастың сынықтарының жарамдыларын таңдайтын қабілеттері болған; сонымен қатар, ерте кезеңдегі қару жасаудың кейбір элементтері, яғни мақсатты түрде тасты бастапқы формасын өзгерткені айқындалған, дегенмен гоминидтердің бүкіл популяция көлемінде жүйелі түрде қару жасауы кейінірек жүзеге асты.

Ары қарайғы əлеуметтік ұйымдардың дамуы олдувайлық хабилистерде байқалған. Олдувайда ерте заманғы «тұрғындары бар мекен горизонты» деп аталатын тұрақтың прототипі табылған. Бұл сүйектер мен тас қарулардың үйіндісі, аңшылық тұрақ болуы мүмкін. Кейбір зерттеушілер олдувайлық гоминидтерді тек ірі жыртқыштардың еттерін жеп қана қоймай, олардың сүйектерінен қару-жарақ дайындай білген, нағыз аңшылар деп санайды. Гоминидтердің аң аулау ролі кооперация, коммуникация жəне əлеуметтік ұйымдардың жəне əлеуметтік байланыстардың ары қарай дамуына əкелді. Тіпті австралопитектерге қатысты болжам бойынша олар топпен аң аулаған, себебі олардың құрбандарыпавиандар – əрқашанда топтасып бірге жүрген. Олдувайлық хабилистерде ерлер мен əйелдер индивидтерінің арасында өздеріне тəн еңбек жұмыстары бөлінген. Ер адамдары бірігіп аң ауласа, əйелдер жемістер, т.б. өсімдіктердің жеуге жарайтын бөліктерін жинаған. Гоминидтердің əлеуметтенуіндегі маңызды рөл ауланған олжаларын үй-жатақтарға тасымалдауы болды. Қоғамдастық мүшелері өзінің тапқан олжаларын бөлісуі арқылы сұрыпталған дəрежеге ие болады. Айтарлықтай мəнге индивидуалды, топаралық, сонымен қатар, топтық түраралық (австралопитек жəне алғашқы адам) «ептілік» тұрғысынан сұрыпталу бейімделудің пайдалы белгілері еді (В. Грант, 1980).

Қоғамдық еңбек процесінің барысында қарым-қатынас үшін дыбыстап сөйлеу мен ойлаудың дамуына қажеттілік туындады. Өнеркəсіптің дамуынан жəне өнеркəсіптік қарым-қатынастың күрделенуіне байланысты бастапқы форма – ұжымда жеткіліксіз болды. Қарым-қатынастың жаңа əдісінің қажеттілігіне орай жаңа жағдайға байланысты жаңа ойлар мен түсініктер туды. Тіл адамзаттың мəдениеті мен мінез-құлқының негізгі құрамды бөлігі болып келетін гоминидтердің тірі қалуындағы маңызды рөл атқарды. Алғашқы сөз гоминидтерде күнделікті еңбек қатынасы ретінде пайда болып, кейіннен қарым-қатынастың негізгі ажырамас бөлігіне айналған. Гоминидтердің ататектерінде ми құрылымының эволюциясы тілдің функциясының дамуынан дыбыс шығаруы, коммуникалды іс-қимылдардың дамуының ықпалынан болуы мүмкін деген болжамдар (Varney, Vilensky, 1980) айтылады.

Мүшеаралық сөздердің пайда болуының уақыты, олардың қалыптасу жолдарының факторы – пікірсайыс болып табылады. Ертедегі қоғамның даму сатысының белгілі бір кезеңінде туыстық қатынас пайда болған. Негізінен туыстық қатынасқа өту жоғарғы жəне ортаңғы палеолит аралығын қамтыған, өз кезегінде антропосоциогенез мəніне аса көңіл аударылған. Алғашқы қауымдық өнерге: орнамент, үңгірдегі көп түсті сурет салу, мүсіндер мен музыкалық аспаптар т.с.с.

Экзогамия – бір қоғам мүшелерінің арасындағы жыныстық қатынасқа тиым салып, ал əр түрлі қоғам (тайпа) немесе бір үлкен қоғамның жеке бір бөліктері ара сында – туыстық (дуальды-экзогамды жүйе) рұқсат ету. Сол арқылы жақын туыстардың арасындағы некелерге қатаң тиым салды, бірақ оны саналы түрде білмесе де, ол өз нəтижесінде ұрпақтың өміршеңдігіне алып келді. Соңғы онжылдықтарда ертеректегі адамзат қоғамындағы бұндай белгілер туралы жаңа мəліметтер, оты рықшылық, аңшылық жəне т.б. пайда болды. Құрал-саймандарды əр түрлі əдістермен өңдеу мустьеде жоғарғы палеолиттен белгілі еді, сонымен қатар төменгі палеолите туындаған тасты өңдеу техникасының пайда болғанын көруге болады.

Жоғарғы палеолиттегі құралсаймандарында мустьерлік жəне жоғарғы палеолитикалық адамдардың өмірлерінде, материалдық жəне рухани мəдениетінде айырмашылық болды. Алдыңғы Азиялық жəне Оңтүстік Шығыс Еуропалық кроманьойдты мустьерлар бойшаң болғаны белгілі. Бұны одан да ертерек қалыптасқан экзогамии институты айғақтай алады. Осыдан 0,1 млн. жыл бұрын пайда болған қазіргі адамның анатомиясы антропогенездегі маңызды уақиға болды, нəтижесінде полиморфты космополитті бір түрдің қалыптасуына алып келді. 40000 жыл бұрын Н. sapiens түрінің генетикалық бағдарламасы қалыптасып, əлі күнге дейін ол байыпты өзгеріске ұшырамады. Адамның əлеуметтенуі кезінде табиғи сұрыпталудың форма түзуші қызметінің біртіндеп шеттелуі болып жатады.

Авторлық сілтеме:
Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. Антропология: Оқулық. / Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011.– 288 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *