Адам тəрізді маймылдар

Pongo, орангутандар. Оңтүстік-Шығыс Азияның қалың ылғалды ормандарында жасырын түрде тіршілік етеді. Оларға сабалақ сарғыш жүн, ұзын қолдар, салыстырмалы түрде қысқа аяқтар, жуан қысқа саусақтар жəне ірі азу тістер тəн. Олар жемістермен қоректенеді, қолдарымен немесе аяқтарымен қарманып, ағаш бұтақтарында теңселіп жүреді. Аталықтарының биіктігі 1,6 метрге дейін жəне салмағы 200 кг-ға дейін жетеді, аналықтарынан 2-3 есе ауыр келеді. Борнео (Калимантан), Суматра орманды алқаптарындағы ағаштарда мекендейді жəне бір кездері Оңтүстік-Шығыс Қытайда да болған.

Pan, шимпанзе, бұл ақылды, өте мықты жəне ашуланшақ жануарлар, ұзын сабалақ қара жүнді, қолдары аяқтарынан ұзынырақ, беті жүнмен жабындалмаған, үлкен көзүсті дөңестері, ірі қалқиып орналасқан құлақтары, тегіс мұрны жəне еріндері қозғалмалы болып келеді. Жемістермен, жапырақтармен, дəндермен жəне ұсақ жануарлармен қоректенеді; қолдарымен жəне аяқтарымен қарманып ағашарға өрмелейді де, бұтақтарға ілініп тұрады жəне жермен саусақ сүйектеріне сүйеніп қозғалады. Дене ұзындығы, егер тіктеліп жүрсе, 1,5 метрге дейін, салмағы 50-70 кг-ға жетеді. Мекен ету ортасы – Экваторлық Африка.

Gorilla, горилла — қазіргі адамтəрізді май мылдардың ішіндегі ең ірісі. Аталықтары аналық тарынан екі еседей ірі болып келеді, бойы 1,8-2 метрге жəне салмағы 180-250 килограммға жетеді. Бұл ірі, шымыр денелі маймылдың тығыз қара жүні, тақыр таза беті мен төсі, үлкен кеңейген мұрындары мен салыс — тырмалы түрде кішкене құ — лақтары бар; ересек аталықтары желкесінде сүйектенген жалды жəне жақсүйектері ірі болып келеді. Гориллалар саусақ сүйектеріне сүйеніп қозғалады, жапырақтармен, өскіндермен, бұтақтармен жəне тамырлармен қоректенеді. Экваторлық Африкада мекендейді.

Адамтəрізді маймылдар тұқымдасына бар болғаны үш түр бірігеді. Бірақ орангутанның екі, ал горилланың үш түршесі бар жəне тек бір ғана туыстан құралған болса, шимпанзеге дербес екі түр енгізілген: кəдімгі шимпанзе жəне ергежейлі шимпанзе, басқаша айтқанда, бонобо. Барлық понгидтер ірі дене мөлшерімен жəне орасан зор күшімен ерекшеленеді. Мысалы, шимпанзенің аталығы физикалық күші бо йынша ересек адамнан 5-6 есе басым түседі жəне арнайы қол күшін өлшейтін динамометрде 350 килограм мнан артық қысқан. Бұл жануарлардың ашуланшақ — тығының кесірі нен жас ата — лықтардың көп бөлігі басқа аталықтармен өзара араздастық кезінде өледі. Ірі жəне тіпті күшті го рил лалар, шөп қоректі жануарлар болғандықтан, ана ғұрлым бейбіт сүйгіш жəне байсалды болып келеді.

Барлық понгидтер аса сирек жəне жоғалып бара жатқан түрлердің қатарына жатады. Қазіргі өмір сүріп жатқан жануарлардың көпшілігі хайуанаттар бағында ұсталуда, ал сонымен қатар табиғи популяциялары үздіксіз азаю үстінде. Орангутандар мен шимпанзелер секілді, гориллалардың тіршілік ету ортасына байланысты, морфологиялық белгілері мен түршелерін ажыратады. Батыс Африкада, табиғи ортада тіршілік етіп жатқан 9000-10000 батыстық жағалық гориллалар немесе опаңдық гориллалар (Gorilla gorilla gorilla) қалған. Приматттар басқа сүтқоректілермен салыстырғанда дене құрылымы жəне іс-əрекеті жағынан, арнайы бейімделген жəне олар эволюциялық даму барысында гоминизацияны қамтамасыз еткен биологиялық белгілерді иемденген.

Бүгінгі таңда адамдарға тəн жоғары дамыған əлеуметтік жəне интеллектті қасиеттерінің биологиялық сілтемесін маймылдардан, əсіресе, понгидалардан байқауға болады. Адамның антропоидтардан ерекшелігі, ақыл-ойы бар жəне қоғамдық-еңбекке қатысуға қабілетті, сонымен қатар ол – мəдени, рухани қатынастарды сақтаушы. Адам осы қасиеттерінің арқасында жер бетінде басқа сүтқоректілер қатарынан əмбебап орынды алады. Дене құрылысы, генетикалық жəне биохимиялық сипаттамалары бойынша, адам маймылдарға, олардың ішінен, адам тəрізді маймылдарға өте ұқсас келеді. Адамның биологиялық ұйымдасу сипатының көп бөлігі приматтар отрядына тəн эволюциялық тенденцияларды толығымен «тамамдайды». Бұл тенденцияларға, бірінші болып, бас миының жоғары дамуы, нəтижесінде интеллекттің дамуы, ми мен алдыңғы аяқтардың манипулятивті əсерге ұшырауы, яғни тік жүруі арасындағы нейрофизиологиялық байланыс жатады.

Ми қабатының жоғары дамуы, қолдардың қозғалғыштығы мен ептілігі, тік жүру (бипедия), отандық антропологияда дəстүрлі түрде «гоминизацияның триадасы» деп аталады. Осы үш бағытта адам ататегінің морфологиялық белгілерінің эволюциясы жүріп отырды. Понгидтер кеңістікті жақсы игерген, олар өз айналасындағы жаңа заттарды ынтамен зерттейді, оларға өзін алып жүру реакцияларының тез алмасуы тəн, қалыптасқан іс-əрекет заңдылықтарын бұза алады, заттарды жоғары деңгейде қолдана алады. Маймылдардың басқа систематикалық топтарымен салыстырғанда, бас миы əлдеқайда жақсы дамыған. Шимпанзенің бас миында адам миының барлық негізгі құрылымы бар.

Адамдағы энцефализация, яғни бас ми құрылысының дамуы жоғары деңгейге көтерілуі, жеке салмағының артуы, ғалымдардың антропоидтарға тəн белгіленген тенденциясын қайталайды. Маймылдардан ерекшелігі, адамда мидың жаңа қабатының жеке салмағы арта бастайды, жаңа қабаттың пайыздық бөлімі мидың басқа құрылыстарымен салыстырғанда, ең алдымен, төбе сүйегінде, самай сүйегінде артады. Мидың гомологиялық бөлімі басқа приматтарда, мысалы, шимпанзелерде де бар, бірақ, адамдарда бұл морфо логиялық өңделулер белсенді қызмет атқарады да, жоғарғы жүйке қызметінің мүмкіндіктерін жоғарылатады. Адам миының құрылысындағы нейрондардың жалпы санының, дендриттердің бұтақтану деңгейінің артуы, жаңа қабат жазығының тік реті сияқты өзгерістер адамзаттың жоғары жүйке қызметінің жаңа мүмкіншіліктерін ашты.

Адамдардың қолдарының қызметі приматтардың алдыңғы аяғының қызметіне сəйкес келеді. Эволюциялық қатардан приматтардың тірек-қимыл жүйесінің ішінен алдыңғы аяқтарының кішіреюін байқауға болады. Сонымен қатар, адам барлық саусақтарын бір нүктеге жинауға қабілетті, бұл заттарды пайдалануға мүмкіндік береді. Қолдың осындай қасиеттерінің баяу өсуін антропоидты маймылдар қатарынан бақылауға болады, ал адамның қолы секірмелі тұрғыда дамыды. Шимпанзе орангутангтан 8-10 % генімен ерекшеленеді. Бұл үлкен айырмашылықтар дененің физикалық құрылысы мен қызметіне байланысты емес. Биологиялық белгілері бойынша адам табиғат əлеміне жатады жəне онымен тығыз байланысты. Адам маймылдан тіршілік барысының рухани мағынасында ерекшеленеді. Ал маймылдың тіршілігі тек ұрпағын жалғастыру мақсатында биологиялық бейімделуге ғана бағытталған.

Дене құрылысы бойынша, адам нағыз приматға сəйкес келеді. Отандық эволюционерлер адамның таксономиялық қалпын: «Биологиялық көзқарас бойынша, адам – приматтар отряды, тармұрындылар отряд үстіне жататын, сүтқоректілердің бір түрі»,– деп анықтайды. Адамның эмбриональді дамуында хорда, жұтқыншақ кеңістігінде желбезек саңылаулары, жүйке түтігі, денелерінің екі жақты симметриялылығының пайда болуы олардың хордалылыр типіне жататындығын дəлелдейді. Омыртқа жотасының дамуы, екі аяқ болуы, құрсақ қуысында жүректің дамуына байланысты адамның омыртқалылар тип үстіне жатқызылады. Жылы қандылық, сүт бездерінің дамуы, дене терісінде түктердің өсу белгілері адамды сүтқоректілер класына біріктіреді. Ұрықтың жатырда дамуы жəне ұрықтың планцета арқылы қоректену белгілері адамның планцеталы сүтқоректілер класс үсті таксонына жататындығын дəлелдейді. Көптеген жеке белгілер адамды приматтар отряды жүйесіне енгізілуін анықтайды.

Бүгінгі зоологиялық классификацияда адам приматтар отряды, адамтəрізділер отряд үсті, жоғары тармұрынды маймылдар тобы, ақылды адам түріне жатады.

1. Адамда кездесетін, приматтар отрядының белгілері. Адамда, басқа приматттар тəрізді қолдары ұстау типіне жатады: бірінші саусақ қалған саусақтарына қарама-қарсы орналасқан, саусақтарында тырнақтары бар. Сүт бездері жұп; бұғанасы жақсы дамыған; тіс жүйесі маманданбаған, бірақ барлық тістері дамыған. Адамда басқа маймылдар тəрізді сүт тістері онтогенез барысында тұрақты тістерге алмасады, көз шарасы самай ойығынан бөлінген, көздері алдыға бағытталған; жыныстық өмірінің маусымдылығы болмайды; əдетте, бір төл туылады.

2. Адамтəрізділер отряд үстінің белгілері. Адам тыр нақтары адамтəрізді маймылдарға ұқсас – жалпақ; бас миы ның, үлкен жарты шарлардың дамуы байқалады; иіссезу миының редукциясы бар. Адамның түбір тістері антропоморфды. Маймылдарда шайнау бетінде үш немесе одан да асатын төмпешіктері болады. Трахеяның шеміршекті сақиналары ашық; жатыры қарапайым; планцетасы гемохориальді, туылу кезінде түсіп қалады.

3. Адамды сүйір мұрынды маймылдар тобына жатқызатын белгілері. Адамда саусақта бекітілген мүсіндер мен доғаларды, ілмектерді байқауға болады. Омыртқаның құйрық бөлімінің редукциясы; арқа-кеуде омыртқалар санының 16-18 дейін кемуі, кеуде клеткалары бөшке тəрізде болуы омыртқа жотасы майысқан. Кеудесі қысқа жəне жалпақ сүйектерінен тұрады; түбір тістерінің шайнау бетінің сипатына, үшінші түбір тісі мөлшері жағынан ең кіші болып табылады. Апендикс бар; бас мидағы жартышарларда қыртыстар саны көп; бас мидың жартышарларымен мишықтың толық жабылуы, бас миының маңдай бөлімінің айтарлықтай да — муы; негізгі төрт қан тобының болуы; зəр қышқылы аллонтоинға айналмайды, зəр күйінде бөлінеді. Сүйір мұрынды маймылдар тобына жататын адамның денесі ірі; жоғарғы ернінің қозғалғыштығы жақсы дамыған; мимикалық бұлшықеттері жақсы дамыған, денесін түк басқан.

4. Ақылды адам түрінің белгілері. Миы өте күрделі, оның көлемі 900 см3 . Оларға тік жүру, қаңқа құры лысының белгілерінің тобы, бұлшықеттер, тік жүріп тіршілік етуіне сəйкес ішкі мүшелер топографиясы тəн. Рессорлар сияқты қызмет ететін, омыртқаның қатаң иілімдері бар. Құ йымшақ жəне балтыр бұлшықеттерінің дамуы; бас қаңқаның маманданған қалпы байқалады. Қолдағы бірінші саусақ салыстырмалы түрде ұзын əрі толық болады. Сонымен қатар Хомо сапиенс түріне: түрлі дыбыстарды шығаратын жұтқыншақ; бас қаңқаның бет бөлімі кішірейіп, ми бөлімінің ұлғаюы; күрек тістерінің кіші болуы, бас қаңқада айдарлар болмауы; иектің дамуы; түктердің дененің арнайы бөлімдерінде таралуы сияқты белгілер тəн. Бүгінігі таңдағы адамда алдыңғы түбір алды тістерінде екі түбір болады.

Бүгінгі таңдағы адамның тірі табиат жүйесінде, маймылдар отрядының биологиялық түрі ретінде «орнын» білу адамдардың одан ары Жер шарында өмір сүру мүмкіндігін анықтайды. Адамның табиғи дамуы, оның Жер биосферасымен органикалық байланыстылығын көрсетеді. Адамның тектік формалары, биосферамен бірлесіп 4 млрд жыл бойы эволюцияланған. Осы астрономиялық уақыт шегінде, бүгінгі адамның эволюциялық өкілдері біртіндеп, жер шарымыздың биоценоз жағдайына бейімделе бастаған. Антропогендік əсерлер арқылы биоценозды жою, адамның өзіне, денсаулығына кері əсерін тигізеді. Қазіргі таңда, экологиялық мəселелердің өзектілігі экологиялық дағдарысқа байланысты арту үстінде, оның нəтижесі, соңында, табиғи зат алмасудың, қоректік тізбектегі «продуценттер, консументтер, редуценттер» қатарының бұзылуына алып келеді. Бүгінгі таңдағы адам биосфера экожүйесін тəуелді консумент орнын иемденеді. Сондықтан биосфераға антропогенді əсер ету арқылы зиян келтіру, адамның тіршілік ету мүмкіндігін шектейтін жағдайға алып келеді.

Енді адам мен африкалық понгидалардың негізгі морфологиялық ерекшеліктерін атаймыз.

1. Адамның алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан қысқа, ал маймылдарда керісінше. 2. Адамда омыртқасы S-тəрізді иіледі, ал маймылда ондай иілім жоқ. 3. Мойын омыртқаларының өсінділері адамда қысқа, ал маймылда ұзын. 4. Адамда 12 қабырға жұп, маймылда 13 жұп. 5. Адамда жамбас бөлімі жалпақ жəне төмен, маймылда бұл бөлім жіңішке əрі жоғары. 6. Адамның табаны тегіс емес, жоғары көтерілген, 2-4 саусақтары қысқарған, 1-саусағы күшті, қалғандарына қарама-қарсы орналаспайды. Маймылдарда табандары жалпақ, бірінші саусағы қалғандарына қарама қарсы орналасқан, ең ұзын үшінші саусағы басқаларына қарағанда ұзын. 7. Адамда қолдың бірінші сəулесі мықты, өзінің бұлшықеттері болады, үлкен саусақ қозғалмалы, айландырып қозғала алады. Маймыл қолының бірінші саусағының қарсылығы шектелген. 8. Адамның бас қаңқасының бет сүйегі, ми бөлімімен салыстырғанда нашар дамыған, жақтары редукцияланған, иекті болады. Маймылдарда бет бөлімі жақсы дамыған, жақтары, күрек тістері, иектері шығып тұрмайды. 9. Адамның бас миы 1300-1400 cм3 көлемде, маймылдың бас миының көлемі 300-500 cм3 -ге тең. 10. Адамда жұтқыншақтың ерекше дыбыс бұлшықеті бар, маймылдарда бұл мүше болмайды.

Авторлық сілтеме:
Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. Антропология: Оқулық. / Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011.– 288 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *