Адам онтогенезінің жалпы сипаттамасы

Онтогенез немесе тіршілік циклі негізгі биологиялық түсініктердің бірі. Бұл терминді алғаш рет Э. Геккель онтогенез ұрықтың тек іштей дамуы деп түсіндіре отырып, өзінің биогенетикалық заңын қалыптастыру барысында қолданды. Қазіргі таңда бұл термин, организмнің ұрық пайда болған сəтінен бастап, тірші — лік циклінің соңына (өліміне) дейінгі аралықта жүретін өзгерістердің жиын тығын білдіреді.

Онтогенез (грек тілінен аударғанда ontos-зат жəне genesis-шығу тегі) — туылуға дейінгі жəне одан кейінгі өмір, организмнің жеке өсуі мен дамуының, жас аралық өзгерісінің үздіксіз процесі. Организмнің дамуын оның мөлшерлік өлшемде өсуі деп қа растыруға болмайды. Адамның биологиялық дамуы – күрделі морфогенетикалық құбылыс. Бұл шексіз метаболитикалық процестер клеткалардың бөлінуінің, олардың мөлшерлік өлшемі артуының, диффиринцерлену процесінің, ұлпалардың, мүшелер мен олардың қалыптасуы нəтижесінде жүзеге асады.

Тек бір клеткадан (зиготадан) дамитын кез келген көпклеткалы организмнің өсуі: • гиперплазия (клеткалардың бөлінуі) – митоз нəтижесінде клеткалар санының артуы; • гипертрофия (клеткалардың өсуі) – клеткалардың суды сіңіру жəне протоплазма синтезінің нəтижесінде клетка мөлшерінің ұлғаюы; • клеткалардың детерминациясы мен дифференцирленуі.

Осы даму процесінде генетикалық тұрғыдан бірдей клеткалар əр түрлі қызметтерді атқаруға маманданады, яғни олардың арнайы клеткалық типтерге дифференцирленуі жүреді. Тип клеткалық деңгейде цитоплазмалық жəне ядролық есте сақтау қасиетінің болуына байланысты арнайы гендер экспрессиясына негізделген. • морфогенез – аталған белгілердің соңғы нəтижесі, клеткалық жүйенің – ұлпалар, мүшелер жəне мүшелер жүйесінің түзілуі.

Барлық даму кезеңдері биохимиялық белсенділікке байланысты болады. Белок синтезі нəтижесінде ДНК-ға жинақталған мəлімет клетканың қызметтік белсенділігін реттеуші ферменттер күйінде шығады. Клеткалық деңгейде өтетін өзгерістер: клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің жəне тұтас бір организм пішінінің құрылысы мен қызметінің өзгеруіне алып келеді. Организмде айқын сандық өзгерістер (ұзындық) жүрмесе де, үздіксіз барлық ұйымдастырушылық деңгейдегі генетикалық (ДНК — белсенділігі) өзгерістен – фенотиптік (мүшелер, мүшелер жүйесі мен организм) өзгерісіне дейін сапалы қайта құру процесі жүріп отырады. Осылайша, организмнің өсуі жəне дамуы барысында, ортаның түрлі жəне ерекше факторларының бақылауы мен əсерінен, қайта ланбайтын тұқымқуалаушылық белгілер жиынтығының бағдарламасы (генотип), ал оның сыртқы көрінісі – фенотиптің түзілуі жүреді.

Онтогенезді зерттеу адамның биологиялық өзгергіштік құбылысын түсінудің өзіндік кілті болып табылады. Бұл жерде организмнің формасы мен қызметінің ерекше белгілерін түсіну маңызды. Себебі, белгілердің көпшілігі дененің жеке бөліктерінің өсу жылдамдығының айырмашылықтарымен анықталады. Даму процесін зерттеу адам эволюциясының механизмін анықтауда қолданылады. Оның себебі морфологиялық белгілердің эволюциясы генетикалық жағынан біріккен өсу мен даму процесін өзгеріске ұшыратады. Осы құбылысты жан-жақты эмбриология, даму биологиясы, физиология мен биохимия, молекулалық биология мен генетика, медицина, педиатрия, психология тағы басқа пəндер қарастырады.

Жас аралық антропологияның жалпы міндеттеріне: • өсу мен даму процесіндегі антропологиялық белгілердің өзгергіштігін зерттеу; • адам онтогенезінде түрлі түр өзгеру механизмінің (ең бірінші, морфологиялық жəне функционалдық) пайда болуын зерттеу, бұл зерттеулер биологиялық жəне əлеуметтік факторларды кең ауқымда ескере отырып жүргізіледі. Осы мəліметті ескермесе олардың мағынасы болмайды; • адамның даму процесінің географиялық (экологиялық) жəне ғасырлық (тарихи) ерекшеліктерін зерттеу тармақтары кіреді. Онтогенетикалық өзгергіштіктің морфологиялық көрінісі біз үшін жас аралық құбылыс, бірақ осы процес барысында психиканың қалыптасу кезеңінде де өзгерістер жүріп отырады. Қарапайым мысал: «Оның жасы отыздар шамасында» немесе «ол өзін бала сияқты ұстайды». Яғни, даму кезеңін организмнің түрлі ерекшеліктерінің пайда болуы мен қайта қалыптасуы процесі деп қарастыруға бо лады. Күрделі жүйенің өзгеруін суреттеп беру өте қиын процес. Ал біздің организміміз осындай күрделі жүйені құрайды. Дəлел есебінде, ересек организм шамамен, 1015 (1 000 000 000 000 000) клеткадан құралған. Бұл клеткалар 210 негізгі клеткалық типтерге бөлінеді. Бұл клеткалардың типтері бір ғана зиготадан пайда болады, оларға əр түрлі «тіршілік» ұзақтығы тəн жəне əртүрлі функциялар мен міндеттерді атқарады. Сондай-ақ, бір организмде барлық белгілері мен қызметі сəйкес егіз клеткаларды кездестіру мүмкін емес. Барлығы біртұтас жүйе ретінде уақыт бөлігінде үздіксіз өзгере отырып, жұмыс жасайды. Сонымен қатар, өсу мен даму бүгінгі таңдағы ғылымға əлі толығымен белгісіз күрделі құбылыс.

Өсу үдерісінің негізгі сипаттамалары

Адамға тəн өсу процесін биологияда аллометриялық (allos-өзге) өсу деп атайды. Изометриялық өсумен (барлық көпклеткалыларға тəн өсу) салыстырғанда, дененің бөліктері мен мүшелері бір-біріне пропорционалды емес болып ұлғаяды. Олар қалған соматикалық белгілерге қарағанда, түрлі жылдамдықта жəне бір-біріне тəуелсіз өседі, нəтижесінде дене пропорциясының өзгеруі жүзеге асады.

Адамның онтогенетикалық дамуын бірқатар жалпы ерекшеліктермен сипаттауға болады: • Үздіксіздік адам организмінің жүйесі мен жеке мүшелерінің өсуі шексіз болмайды, ол белгілі шектелген тип бойынша жүреді. Əр белгінің соңғы өлшемі генетикалық жағынан шартты болады, яғни кез келген реакцияның шегі болады. Бірақ біздің организм ашық биологиялық жүйені құрайды, бұл – өмір бойы үздіксіз дамудың субъектісі. Өмір бойы дамитын немесе өзгеріске ұшырамайтын тіршілік иесі жоқ. • Бірқалыптылық жəне керіқайтымсыздық – үздіксіз даму процесінің шарты, оны бірінен соң бірі жүріп отыратын кезеңдерге немесе сатылар мен өсу деңгейлеріне бөлуге болады. Бұл сатылардың бірін өткізіп алу мүмкін емес, себебі өткен кезеңдеріндегі көрініс тапқан құрылыс ерекшеліктеріне қайтадан қайтуға болмайды. • Циклділік (белгілі уақыт шегінде белгілі құбылыстың қайталанып отыру қасиеті) онтогенез процесі үздіксіз болғанмен, даму қарқындылығы (белгілер өсу жылдамдығы) уақытқа байланысты ерекшеленуі мүмкін. Адамда өсудің белсендірілуі мен тежелуі жүріп отырады. Жыл мезгілдеріне байланысты қайталану жүреді (мысалы, жазда дене ұзындығының артуы, күзде салмақ артуы жүзеге асады), сондай-ақ, тəуліктік (мысалы, өсу белсенділігі өсу гормонының бөлінуі ең белсенді кезде түнгі уақытта артады). • Гетерохрония немесе уақыт əртүрлілігі (аллометрліктің негізі), байқағанымыздай, бір жүйе шегіндегі түрлі белгілер мен организмнің əр түрлі жүйелерінің түрлі уақытта пісіп-жетілу жылдамдығынан көрініс табады. • Эндогенді жəне экзогенді факторларға сезімталдылық-өсу қарқыны ортаның экзогенді факторларының кең ауқымды əсерінен шектеліп немесе белсендіріліп отырады. Бірақ олардың əсері тұқым қуалау нəтижесінде анықталған даму процестерін кең көлемді реакция шегінен шығармайды. Бұл ауқымды даму процесі реттеуші эндогенді механизмдермен тоқтатылып тұрады. Реттеудің белгілі бөлігін жүйке жəне эндокриндік жүйенің (нейроэндокриндік реттеу) əсерлесу салдарынан пайда болған организм деңгейінде іске асатын генетикалық бақылау құрайды. Реттеудің басқа түрлері де бар, мысалы, биомеханикалық немесе ұлпалық (өсу процесі кезінде ұлпалардың бір-біріне əсер етуіне негізделген). • Жыныстық диморфизм – адам онтогенезінің барлық сатыларында кездесетін адам дамуының (түрлі белгілер жүйесі үшін түрлі деңгейде көрініс беретін) жарқын сипаттамасы. Жыныс факторына негізделген айырма-шылықтардың маңызы өте жоғары. Себебі бұл факторды зерттеу тəжірибесінде ескермеу нəтижесі ең қызықты жəне құнды жұмыстардың маңызын жояды. Əрине, əйелдер мен еркектердің өсу мен дамуынан алынған мəліметтер өзара салыстырылады, бірақ олар ауксологиялық зерттеулерде ешқашан араласпайды.

Жоғарыда аталған фундаментальді сипаттамалар қатарына тағы бір белгі – онтогенез процесінің даралығы жатады. Адамдар белгілі заңдылықтарға байланысты туылады, өседі, дамиды, қартаяды, өледі. Бірақ, жеке адамның онтогенетикалық дамуының динамикасы қайталанбайды. Ол тек жалпы сипатында көрініс табады, ал басқа ерекше «бөлшектерден» адамның морфологиялық даралығы қалыптасады. Дамудың даралығы онтогенездің жалпы сипаттамаларының бірі болып табылады.

Адамның постнотальді дамуын сипаттауға арналған жұмыс алғашқы рет Ж. Бюффонның «Естественная история» атты еңбегінде көрініс тапты. Ж. Бюффонның досы граф Филиберт де Монбейяр бақылаушы адам болған. Ол 1759-1777 жылдары өзінің ұлының дамуын бақылаған. Граф ұлының дене ұзындығын туылған сəтінен бастап, 18 жасына дейін өлшеп, нəтижелерін тіркеп отырған. Оның бақылауларынан біз келесі тұжырымдамаларды аламыз: • дене ұзындығының өсу процесі 18 жыл бойы созылады; • осы жас аралық өсу интервалында өсу жылдамдығы кеміп отырады; • бірақ бұл үрдіс екі рет үзіледі: • біріншісі, өсу жылдамдығының сəл артуы, 6-8 жас аралығында жүреді. Ол кезеңді жартылай өтпелі секіріс кезеңі деп атайды. • екіншісі, қарастырылып отырған уақыт шегінің соңында байқалады (13-15 жас). Аусоголияда ол өсудің пубертатты секірісі немесе өсу секірісі терминіне ие болған.

Граф де Монбейярдың ұлы толыққанды азықпен қоректеніп отырған, ешқандай жетіспеушілік факторлар болмаған, ол қалыпты бала болып өскен, бұл жағдай ғылымға тиімді əсер еткен. Баланың өсу қисығы оның даму процесінің негізгі сатыларын дұрыс көрсетеді. Бұл өзге зерттеу жұмыстарының мəліметтерінде де келтірілген. Зерттеулерге сүйенетін болсақ, дене ұзындығы өсуінің максимальді белсенділігі туылғаннан кейінгі өмірінің бастапқы айларында байқалады (өсу жылдамдығы жылына 21-25 см-ді құрайды). Организмнің 1 жастан 4-5 жасқа дейінгі аралығында дене ұзындығының өсуі біртіндеп бəсеңдейді (жылына 10-5,5 см дейін қысқарады). Ал 5-8 жас аралығында əлсіз жартылай өсу секірісі (де Монбейярдың ұлында болған сияқты) байқалған. Қыз балаларда 10-13 жаста, ұл балаларда 13-15 жаста дененің өсу жылдамдығының артуы айқын жүреді, бұл – өсу секірісінің белгісі. Бұл құбылыс міндетті түрде жүреді жəне дене ұзындығының өсу жылдамдығы жылына 8-10 см, яғни ұл балаларда жылына 7 см, ал қыз балаларда жылына 9 см-ді құраған.

Мысал ретінде, 1960-1970 жылдары Мəскеу жасөспірімдеріне жүргізілген бақылау бойынша балалардың дене ұзындығы мен салмағының өсуі берілген (6-кесте). Туылған сəтінен 18-19 жасқа дейінгі аралық – организмнің соматикалық белгілерінің белсенді постнатальді өсуінің кезеңі. Бірақ ұқсас заңдылықтар іштей дамуға да сəйкес келеді. 6-кестеде орналасқан өмірінің бастапқы екі жылына жəне пренатальді кезеңге арналған дене ұзындығының өсу жылдамдығы мен абсолютті көрсеткіштердің өзгерістері көрсетілген. Осы кезеңдегі ұрық пен жаңа туылған баланың жасын анасының етеккірінің келген бірінші күнінен бастап санау арқылы анықтайды. Бұл гестационды (латын тілінен gestare-алып жүру, көтеру) жас деп аталады, зерттеу тəжірибелерінде ұрықтану мезгілін белгілеудің нақты жəне дұрыс нəтиже беретін тиімді əдіс болып табылады.

Ұрықтың максимальді өсу жылдамдығы оның іштей даму кезеңіндегі бастапқы төрт айында жүреді. Дəл осылай дене салмағы да өзгереді, бірақ мұндағы максимум жылдамдығы 34-аптада жүзеге асады.

Іштей даму кезеңінің бастапқы екі айы, «регионализация» жəне гистогенез (мамандандырылған ұлпаларды түзу мақсатындағы клеткалардың дифференцирленуі) процестерімен сипатталатын эмбриогенез сатысына жатады. Сонымен қатар, клеткалардың дифференциалды өсуі мен клеткалық миграция əсерінен организм бөліктері белгілі бір пішінге, құрылымға жəне арнайы сипатқа ие болады. Бұл процесс – морфогенез, белсенді түрде организмнің ересек кезеңіне дейін жалғасып, қартаюына дейін созылады. Бірақ процестің негізгі түйіні іштей даму кезеңінің 8-аптасында байқалады. Осы уақыт сатысында эмбрионда адамның негізгі белгілері көрініс бере бастайды.

Қазіргі таңдағы дененің туылу салмағы салмағы 3,3-3,7 кг, ұлдар 3,2-3,5 кг, қыздар (қалыпты дара айырмашылықтары) 2,6-4,5 см аралығында болады. Бастапқы екі-үш күнде дене салмағы шамамен, 200 г азаяды. Бұл жағдай организмнің өсу үдерісін қамтамасыз ететін қордағы қорек заты мен суды қарқынды түрде тұтынуына байланысты жүреді. Салмақтың максимальді артуы туылғаннан соң, екі айдан кейін жетеді (күніне 30 г). Бірінші жыл соңында салмақтың артуы күніне 10 г кемиді (7-кесте). Дене салмағын өсуінің келесі ірі кезеңі ұлдарда 15 жаста (жылына 5,5-6,5 кг), қыздарда 13 жаста (жылына 5.0-5,5 кг) өтеді. Орташа есеппен дене, салмағы біртіндеп 25 жасқа дейін өседі, ал 60 жастан кейін ұлпалардағы атрофиялық өзгерістерге жəне су мөлшерінің азаюына байланысты керісінше, процесс жалғасады.

Өсудің бірқалыпсыздығы, тəуліктік өсу мен циркадты тербелістер. Организмнің соматикалық параметрлерінің көп бөлігі тұрақты болмайды жəне үздіксіз өзгеріп отырады. Нақты түсіндірілген жəне нағыз процеске, тəуліктік өсу жатады. Əдетте, 18-19 жастан асқан соң дене ұзындығы салыстырмалы тұрақты болып сақталады. «Салыстырмалылықтың» бір себебіне дене параметрлерінің тəуліктік өсуі жатады. Осы өсу процесінің бірқалыпсыздығын дəлелдеу үшін, сізге өзіңіздің бойыңызды (дене ұзындығын) кешке (сағат 8-9) жəне таңертең оянғаннан соң өлшеу жеткілікті. Дұрыс мəнін табу үшін өлшеуді бірнеше қайтара жүргізген дұрыс. Таңертең өлшемдердің нəтижесін салыстыра отырып, сіз таңертеңгі көрсеткіш кешкі көрсеткіштен минимум 1 см-ге артық екендігін анықтайсыз. Бұл үрдіс өсу мен даму реттеуіштерінің жинақталған факторлар жүйесінің заңдылығы болып табылады.

Күн ұзағынан организм əр түрлі стрессогенді факторлардың əсерлеріне ұшырап шаршайды: • жүйке-бұлшықет тонусы өзгереді (оның ішінде денені тік қалыпта ұстайтын арқа бұлшықеті); • омыртқа арасындағы шеміршекті дискілер судың көп мөлшерін жоғалтады, дене салмағының əсерінен бір-біріне жабысады. Осындай əсерлердің нəтижесінде дене ұзындығы кешке біршама кішіреюі мүмкін. Бұл кішірею, əрине, негізгі керісінше, өсуге жатпайды жəне бір түнде бəрі қайта қалпына келеді. Соматотропиннің (СТГ) өсу гормонының тəуліктік циклділігі де маңызды орын алады. Соматотропин гормоны организм ұлпалар биосинтезінің күшті стимуляторларының бірі болып табылады. СТГ гипофиздің алдыңғы бөлімінен түзіледі, ал оның қанайналым жүйесіне бөлінуі гипоталамус гормондары мен (соматоглобулиндер СТГ секрециясын стимулдайды, соматостатиндер оны тежейді) бауыр соматомединдері реттейді. СТГ секрециясы тəулік бойы жүреді, бірақ қанға максимум бөлінуі ұйқының бастапқы сағаттарында жүзеге асады. Əдетте, ол кезең түнгі сағат 10-нан таңғы 3-ке дейін жалғасады.

Адамның өсу мен даму кезеңдері

Өсудің қалыпты тұрақтануы (анализдеу, өсудің артуы, дамудың критикалық кезеңдері). Ұлпалар, мүшелер жəне мүшелер жүйесінің эмбриогенез кезіндегі əртүрлі өсу жылдамдығына байланысты ұрықта адамға тəн сипат пайда болады, одан ары қарай даму барысында бала ересек адамға айналады. Организмде жеке құраушы мүшелердің өсу қарқынының айырмашлықтары морфогенез механизмдерінде кілттік рөл атқарады. Ал эндогенді реттеуші механизмдер даму процестерін белгілі шекте ұстайды.

Жоғары ұйымдасқан бұл процестердің бірінің басталуы басқа процестің белгілі сатысына өтуіне байланысты жүзеге асады. Осы ұйымдасушылықтың қызметін анықтау–даму процесінің негізгі мақсаттарының бірі. Бірақ мəселенің өзектілігіне қарамастан, біз бұл заңдылықтар туралы өте аз білеміз.

Дифференцировка мен морфогенез процестері бағытталған немесе өзін-өзі зерттеуші категорияға жатады. Соңғы ұқсас формаларға əртүрлі жолдармен сəйкестену тірі организмнің шектеуші қасиеті емес. Көптеген күрделі, əсіресе, «ашық» жүйелер сыртқы ортаның басқа жүйелерімен əсерлесе отырып, олардың ұйымдасуы мен құрылысының логикалық нəтижесі болып табылады да, реттеу қабілетіне бейімделеді.

Даму жолын тұрақтандыру қабілеттілігі, даму бағыты бұзылған жағдайда өсу қисығының шегіне жету мүмкіндігі өсудің барлық кезеңіне тəн болады. К. Уодингтон бұл қасиетті дамудың канализирленуі деп атады. Бірқатар жағдайларда өсу ерекше жоғары жылдамдықпен жүреді. Осы жылдамдықтың артуын, мысалы, гипотериозды үлгерімді емдеуден кейін немесе дистрофияның оңалу кезінде, яғни өсуді тежеуші факторларды ығыстыру барысында байқауға болады. Өсу жылдамдығы қалпына келу кезеңінің басында жасына сəйкес үш еселенуі мүмкін. Бұл қай талануын егіздердің өмірлерінің бастапқы кезеңінде өсуінде байқаймыз.

Құбылысты сипаттау үшін кейде компенсаторлы өсу термині қолданылады. Бірақ бұл термин алғаш рет мүлдем өзге мағынадағы сөзді сипаттауға ұсынылған болатын. Яғни, мүшелер неме — се мүшелер бөлігінің (мысалы, бір бүйрек алынса, екіншісі гипертрофирленеді) орын басып өсуі. Компенсаторлы терминімен сипатталған. Бұған қарама-қарсы организмнің дамуының тотальді тездетілуі жаңа белгіні игеруші жаңа өсу деген жаңа атауға ие болады. Үздіксіз дамуды қалыпты қайталанып отыратын құбылыс деп қарастырған дұрыс. Ол өсу процесінің жеке кезеңдерге «қосылуы» мен басқаларынан «ажырауына» негізделген. Реттелудің өзі даму модификатолары – эндо жəне экзогенді факторлардың бақылауында өтеді. Олардың ішінде стрессолар бар. Егер стресс ауыр əрі созылмалы болса, белесті асушы өсу қалыпты өсу қисығының қалпына келуіне жеткіліксіз болуы мүмкін. Себебі, организм жағдайы мүлдем өзгереді жəне олардың қажетті кейбір регуляторлы механизмдері қызмет етуден шығып қалады. Яғни дамудың басқа сатысы басталады.

Организмнің модификатор-факторларының əсеріне сезімталдылығы тұрақты болып қалмайды, ол жағдай даму қарқындылығын анықтайды. Сонымен қатар, процес өзінің қарқындылық кезеңінде нашар өтеді. Адамның даму процесі көп факторлы құбылыс жəне оны қарапайым сызба ретінде көрсету қиын. Қатаң ғылыми тұрғыдан биология, социология, психология, т. б. салалар тəжірибесінде қолдануға жеткілікті тұрғыда қарапайым əрі көрнекі болуы керек, сонымен қатар, биология, социология, психология, т. б. саласында бұндай кезеңделу құбылыстар мен белгілер комплексінің жас аралық өзгергіштік заңдылықтарын ескеруге міндетті. Жоғарыда айтылғандардан түйінделген логикалық нəтиже, адам онтогенезінің кезеңделуі алуан түрлі, бүгінгі таңда оларды қате етіп қабылдауға болмайды. Жас аралық өзгергіштіктердің түрлі көрініс беруін зерттей отырып, мамандар берілген аспектіге (зерттеу обьектісіне) сəйкес келетін сызбаны таңдайды. Осылай, тəжірибе жұмысы берілген теориялық нұсқалардың «тіршілікке қабілеттісін» таңдайды. Олардың кей біреуін қарастырайық. Онтогенездің ежелгі кезеңделуі антикадан бастау алады.

Пифагор адам өмірінің төрт кезеңін жіктеген: көктем (туылғаннан 20 жасқа дейін), жаз (20-40 жастар аралығы) күз (40-60 жас аралығы), қыс (60-80 жас аралығы). Осы кезеңдер қалыптасу, жас аралық, барлық күш-жігер жиналған кезең жəне оның əлсіреуіне сəйкес келеді.

Дамуды реттейтін факторлар

Адам туылған сəтінен белгілі кезеңге дейінгі уақыты абсолютті ерекше сипатта болатын кезең хронологиялық жəне куəлікті жас деп аталады. Адамның жасын сұраған кезде біз осы санды білуге тырысамыз. Даму деңгейіне байланысты бағаланған адам жасындағы белгілер мен белгілер жүйесі биологиялық жас атауына ие болды. Яғни, биологиялық жас деп біз түрлі белгілермен салыстыратын организмнің морфофункционалды деңгейге жеткен жасты атаймыз. Неғұрлым көп белгілер қарастырылса, сол ғұрлым морфофункционалды статустың интегральді бағасы дəлірек болады. Ғылымға «Биологиялық жас терминінің» енуі В. Г. Штефко, Д. Г. Рохлина, Н. П. Соколова (XX ғ. 30-40 ж.) есімдерімен байланысты. Биологиялық жас онтогенетикалық дамудың негізгі сипаты – өсудің гетерохрондылығы, пісіп-жетілу мен қартаюдың түрлі деңгейдегі ұйымдасуы. Бұл шындық категория мен биологиялық ретте ғана емес, сонымен қатар, психологиялық жасты мысал етуге болады. Шындығында, адамдардың орта статистикалық тобында, мысалы, ұл балаларда 8-12 жас, қыздарда 8-11 жас кезіндегі тұрақты тістерінің шығуы, жыныстық жетілудің екінші реттік белгілерінің дамуы, психиканың сипаты өзгереді: • əдетте, индивидтердің көп бөлігі орташа даму нұсқасынан ауытқиды; • олардың биологиялық жасы куəлікті жастан қалып отырады олардың ретардациясы жүреді; • керісінше, олардың морфофункционалдық жағдайы хроноло гиялық, жас аралық үлкен белгілеріне сəйкес келеді, яғни, даму тездетілген жəне акселерация сипатталады.

Бұдан шығатын қорытынды, берілген индивидтің жас аралық статусы, тұрақты жастағы, сол топқа жататын, популяция мен антропологиялық таңдаудың критерийлерінің орташа мəні бойынша анықталады. Акселерация немесе ретардация ортақ болуы мүмкін, яғни биологиялық жас аралық барлық көрсеткіштері бойынша белгіленеді. Сонымен қатар жеке де болуы мүмкін, яғни жеке параметрлер дамуының жеделдеуі мен бəсеңденуі сəйкес жүрмейді. Бірінші жағдайда, организм бастауыш немесе ортақ факторлардың əсеріне, ал екінші жағдайда, организм жүйесі тек белгілі бір фактор əсеріне ұшырайды. Бұл құбылыстар – даму факторларының дифференцирленген зерттеуіне жəне индивидуальді сараптама, реабилитация мен емдеуге негізделген.

Егер организмнің əр түрлі жүйесінің өсу қарқыны бір-бірінен ерекшеленетін болса, ары қарайғы дисгармониялық дамуға шынайы қауіп төнеді. Реттелудің интеграциялануы бұзылады жəне бастауыш факторды алып тастаса да, ешқандай белесті алдын ала асушы өсу бұл жағдайға қарсы тұра алмайды.

Авторлық сілтеме:
Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. Антропология: Оқулық. / Нұртазин С. Т., Салмырзаұлы Р. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011.– 288 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *