www.ikaz.info
Слайдтар тізімі

Әбілқайыр хандығы слайд

542 рет қаралды

Бірінші слайд Әбілқайыр хандығының құрылуы туралы. XV ғасырдың 20-жылдары Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында Әбілқайыр хандығы құрылды. Жаңа хандықтың қалыптасуы Ақ Орданың күйреуі нәтижесінде жүзеге асты. Көшпелі тайпалардың кейбір басшылары мен Шайбани ұрпақтарының қолдауымен 1428 жылы Әбілқайыр хан болып жарияланды.

Әбілқайыр хан мөрі

Әбілқайыр хан мөрі

Тарихи әдебиетте бұл мемлекеттің басқа атауы да бар. Ол Көшпелі өзбектер мемлекеті деп те аталады. Әбілқайыр хандығының аумағы батысында Жайықтан, шығысында Балқашқа дейінгі, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі ағысынан, солтүстігінде Ертіске дейінгі жерлерді алып жатты. Мемлекетті қыпшақ, қарлұқ және түркіленген монғол тайпалары құрады. XIV ғасырдың соңы — XV ғасырдың бірінші жартысында бұл тайпалар ортақ «өзбектер» атауымен белгілі болды.

Екінші слайд Әбілқайыр хандығының саяси тарихы туралы. Әбілқайыр дербес хандық құрып, қырық жыл бойы билікті ұстай алды. Ол басқарған кезең қақтығыстар мен соғыстарға толы болды. Әбілқайыр хан ұлыс билеушілерінің артықшылығын шектеу саясатын жүргізді. Замандастары жазғандай, «мемлекетті басқару бұрынғы дәстүрге сәйкес келмеді». Мұның бәрі Әбілқайыр мемлекетін аласапыран мен шиеленістерге алып келді. Бұл жағдай Шыңғысхан ұрпақтары, оның ішінде Керей мен Жәнібек басқарған қарсы топтың пайда болуына әкелді.

Кейінгі слайд бөлімдері Әбілқайыр хандығының құлауы туралы. Слайд беттерінде нақты мәліметтермен жазылғандай Әбілқайырдан кейін хандық күйреді. Шайбани ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақтағы биліктен айырылды, бірақ саяси күрестен бас тартпады. Шайбани ұрпақтарын Әбілқайырдың жас, қажырлы да батыл немересі Мұхаммед Шайбани басқарды. Жас сұлтан өз жасағын құрып, Шайбани ұрпақтарының билігін қалпына келтіру үшін күресті бастады. Алайда Мұхаммед Шайбани атасының орнын баса алмады, оны қолдағандар тым аз еді.

Келесі бөлім слайд мазмұны Мұхаммед Шайбани өзін жақтаушылармен бірге Әмір Темір ұрпақтарына қарсы шықты деп баяндайды. Бұл кезде Әмір Темір ұрпақтарының мемлекеті құлдырай бастаған еді. 1500 жылы Мұхаммед Шайбани Самарқанды, Бұхараны және бірнеше қаланы басып алып, Самарқанды өз ордасы етіп жариялады. Мауараннахр XVI ғасырдың соңына дейін Әбілқайыр ұрпақтарының билігінде болып келді.

   Скачать / жүктеу