KazLib.kz
Слайдтар тізімі

Қазақстанның Үндістанмен қарым-қатынасы слайд

1 002 рет қаралды

Қазақстанның Үндістанмен қарым-қатынастары туралы слайд. Жаңа тарихтағы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 23 ақпанында орнатылды. 1996 жылдың қыркүйегінде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстан — Үндістан үкіметаралық комиссиясын құру туралы Келісімге қол қойылды. Содан бері екі ел арасындағы мәдени, гуманитарлық, ғылыми-техникалық және сауда-экономикалың байланыстар жылдан-жылға жандана түсуде. Оған екі ел арасындағы сауда айналымының динамикасы мысал бола алады. Яғни, 2004 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 96,6 млн доллар болып, оның 10,6 млн доллары қазақстандық экспорт, импорт 86 млн долларды құрады. 2005 жылы 120,8 млн доллар (қазақстандық экспорт 19,9 млн доллар, импорт 100,9 млн доллар), 2011 жылы 290 млн доллар (экспорт — 46,8 млн, импорт — 243,1 млн), 2012 жылы 507,3 млн доллар (экспорт — 173,9 млн, импорт — 333,4 млн), ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 676,9 млн долларға (экспорт — 331,7 млн, импорт — 345,1 млн доллар) жетті. (ҚР Сыртқы Істер министрлігінің сайтынан алынды.)

Үндістанға шығарылатын тауарлар слайд беттерінде көрсетілгендей: минералдық өнімдер, былғары, елтірі (аң терісі), тері шикізаты және одан жасалған бұйымдар, қымбат емес жабдықтар мен механизмдер, электротехникалық жабдықтар. Қазақстанға әкелінетін тауарлар: өсімдік өнімдері, тамаң өнімдері, алкогольдік және алкогольсіз ішімдіктер, сіркесу, темекі, минералдың өнімдер, химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері, пластмасса мен одан жасалған заттар, каучук пен резеңке бұйымдары, қымбат емес металдар мен одан жасалған бұйымдар, машиналар, сағаттар, музыкалың аспаптар және т.б.

Қазақстан — Үндістан үкіметаралық комиссиясының аясында екіжақты Біріккен ғылым және технология кіші комитеті жұмыс істеуде. Делиде салтанатты жағдайда Абай атындағы көше ашылып, Алматыда бір көшеге Махатма Гандидің аты беріліп, оған ескерткіш орнатылды.

   Скачать / Жүктеу