www.ikaz.info
Слайдтар тізімі

Әбу Сәрсенбаев туралы слайд

1 099 рет қаралды

Әбу Сәрсенбаев 1905 жылы 15 қазанда Атырау облысы Құрманғазы (Теңіз) ауданы Алға ауылында дүниеге келген. Әкесінен жеті жасында жетім қалып, өмірдің ащы-тұщысын ерте татып өскен болашақ ақын:

Қайран сол сәби кезім, ерке кезім,
Тек жеті-ақ жыл, тек жеті жыл еркеледім.
Сен неге, қатаң тағдыр, жұлып алдың,
Күлкімді көкірегімнен ерте менің! -деп тағдырына налиды.

Ақын әдебиетке 1930 жылдардың орта тұсында келді. Әбу Сәрсенбаевтың шығармаларының тақырыбы — туған жер, теңіз, Атырау айбыны. «Еділ толқыны», «Жүрек сыйы», «Ант», «Ақша бұлт» атты өлең кітаптары, «Толқында туғандар», «Теңіз әуендері» романдары, «Арбасу», «Теңіз махаббаты» атты пьесалары, «Әдебиет хрестоматиясы», «Оқу кітабы», «Ана тілі» атты оқулықтары жарық көрген. Әскери новеллалар мен эссе жинақтары да бар. Ақын А.Пушкин, М.Лермонтов, Ш.Петефи, Н.Некрасов, Фаиз шығармаларын қазақ тіліне аударған. Ақынның туындылары орыс, эстон, түрікмен, тәжік, болгар т.б. тілдеріне аударылған.

Әбу Сәрсенбаев — Қызыл Жұлдыз, Октябрь Революциясы, Халықтар Достығы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен, «Парасат» орденімен марапатталған Қазақстанның Халық жазушысы.

Қазақ әдебиетінің тарихында өзіндік орны мен қолтаңбасы бар Әбу Сәрсенбаев — отты жырларымен, жалынды өлеңдерімен ерекшеленетін ақындарымыздың бірі.

Скачать / Жүктеу