Осы слайд саяси биліктің түрлері мен мәнін айқындауға көмектеседі. Жалпы билік әмір жүргізу, басшылық ету деген мағынамен ұштасады. Ал саясаттың өзі биліктің түп-тамыры болып табылады. Слайд беттерінен саяси биліктің әдістерін, легальдылығын және легитимділігін қарастырамыз. Маңызды тұстарына назар аударсақ, саяси билік — халықты нақты бір әрекеттерге, мақсаттарға итермелеуі тиіс. Сонымен қатар тұтастығын, бірлігін және қауіпсіздігін жүзеге асыра алуы тиіс.
Слайд негізінен әр-түрлі ғалымдардың түрлі анықтамалар мен тұжырымдамаларына назар аудартады. Мысалы саяси билік экономикалық, әлеуметтік және құқықтық қырларына көптеген түсініктер береді. Билікті жүргізіп отырған партиялар да өз тарапынан халық мүддесін қорғауға атсалысады.