Ежелгі дәуір әдебиеті қандай кезеңдерге бөлінеді? Орхон ескерткіштерінің маңызы қандай? Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері (Орхон-Енисей) — мазмұны мен түрі жағынан да, тілі мен көркемдегіш құралдары жағынан да, өлең құрылысы, композициясы жағынан да ежелгі түркі халықтарына ортақ көркем туындылардың үлгісі болумен бірге, ол қазақ әдебиетінің де асыл қазынасына енетін әдеби мұра.
Қазіргі Орта Азия, Қазақстан, Сібір жерлерін аралаған жиһангер өткен ғасырда өзгерген өңірдің салтанатты, әсем қалаларын, зәулім зауыттарын, алып фабрикаларын қызықтап-тамашалары сөзсіз. Сонымен бірге бұл өлкелерден қол қусырып мүлгіген жансыз, меңіреу балбал тастарға да, опат соғыстардан қирап жер астына түскен ескі қалалардың жал-жал көмескі қорғандарына да, сол бір жойқын бүліншіліктерге төтеп берген сәулет өнерінің не бір ғажап ескерткіштеріне де көз тоқтатып, тарих түбіне ой жіберіп өтері де ақиқат.
Ғылымының табыстары нәтижесінде сол көне ескерткіштерге, шексіз сахарада мүлгіп қалған меңіреу тастарға бүгінде тіл бітіп, іргелі ел болып қанат жайған түркі халықтарының бақытты ұрпағына тарих шежіресін баян етуде. Бір кездерде сақтар жайлаған, гундер шарлаған кең атырапты заманымыздың VI-VIII ғасырлары арасында үш жүз жыл бойы ұзын найзалы, жарау атты түріктер еркін билеген. Бертінде Дешті Қыпшақ аталған, моңғолдар ат тұяғына таптатқан бұл өлкені ежелден-ақ қазіргі түркі тілдес халықтардың түпкі төркіні болып табылатын көк түріктер мекен етуші еді.
Әрбір заманның елеулі, мезгілді оқиғаларын заманының мәлім ақын-жазушылары дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге келтіріп, шеберлер сәулет шыңдарына бейнелеп сақтаған ғой. Тек түркі жұрттары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлем мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай қымбат рухани мұралардың қазақ елінде де көптен жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мактаныш.
Айтатын келесі әңгімеміз байырғы мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл дүние жүзіне атақты болған ақын тас, жыршы тас — Орхон-Енисей ескерткіштері (VIII ғ.) жайында, Білге Қағанға, Күлтегінге, Тоныкөкке арналған құлпытастағы жазулар жайында болмақ. Бұл ескерткіштер Селенга, Орхон өзендерінің бойынан табылған. Кездің жасымен, жүректің қанымен құлпытастарға қашалып тұрып жазылып, қаймағы бұзылмай бізге жеткен осы бір ғажайып руналық жазулардан кейде жоқтау, кейде мадақтау ыңғайында айтылған шешендік сөздердің, өлеңдік ұйқастардың, мақалды тіркестердің не бір көне үлгілерін көреміз.
Онда VІІІ-ғасырдың іргелі мемлекеті — Түркі қағанатының құрамындағы толып жатқан рулардың өзара есепсіз жауласуы, сабылған жорықтары мен соғыстары суреттеледі. Бұл ескерткіштердің басты кейіпкерлері хандар, бектер болғанмен, біз олардан неше түрлі қанау-тонауды көрген, азап-мехнат шеккен бұқара халықтың аянышты өмірін суреттеу талабын да анык көреміз.
Текстологиялық жағынан жан-жақты зерттелген бұл ескерткіштердің жанры жайындағы мәселе күн тәртібіне беріректе ғана қойыла бастады, сондыктан да ғылымда пікір таласы әлі өте көп.
Текстологиялық жағынан жан-жақты зерттелген бұл ескерткіштердің жанры жайындағы мәселе күн тәртібіне беріректе ғана қойыла бастады, сондыктан да ғылымда пікір таласы әлі өте көп. Орхон жазбаларын кейбір зерттеушілер тарихи деректер жиынтығына жатқызса, енді біразы оларды тарихи ерлік жыры деп тануда. Қалай дегенде де өте ертеде жасалған бұл ескерткіштердің түркі халықтары тарихынан, мәдениеті мен әдебиетінен, ой-санасынан, әдет-ғұрпынан, дәстүрінен құнды деректер беретін бағалы мұра екендігі даусыз. Біз олардың қазақ әдебиетіне қатысты жағын сөз еттік. Бұл ретте өз ойларымызды, пікір-тұжырымдарымызды ашық айтуды, ортаға салып отыруды жөн көрдік.
Ежелгі дәуір әдебиеті VI — XV ғасырларды қамтып, өз ішінде үш кезеңге бөлінеді:
1-кезең: VI — IX ғасыр аралығындағы көне түркі әдеби ескерткіштері. Бұл ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштеріне Орхон жазба ескерткіштері — Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк туралы құлпытастарға қашап жазылған жырлар, сондай-ақ «Оғыз-нама» дастаны, «Қорқыт ата кітабы», әл-Фарабидің әдебиет саласындағы еңбектері кіреді.
2-кезең: X — XII ғасырлардағы әдебиет. Ислам дәуіріндегі немесе Қараханидтер дәуірі әдебиеті. Бұл дәуірдегі әдебиет, негізінен, Қараханид түріктерінің тілінде жазылған әдеби ескерткіштер: Жүсіп Баласағұнның «Құдадғу білік» («Құтты білік») атты дидактикалық дастаны, Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі тілдерінің сөздігі»), Қожа Ахмет Иасауидің «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») атты өлеңдер жинағы, Ахмет Иүгінекидің «Хибатул-хақайық» («Ақиқат сыйы») жыр жинағы.
3-кезең: XIII — XV ғасырлардағы әдебиет. Хорезм дәуірі немесе Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет. Аталған дәуірдегі туындылар — қыпшақ диалектісі негізінде жазылған «Кодекс Куманикус» («Қыпшақ тілінің сөздігі»), Хорезмидің «Мухаббат-наме», Дүрбектің «Жүсіп — Зылиха», Сараидың «Гүлстан бит-түркі», Құтыптың «Құсрау — Шырын» дастандары. Дулатидың «Тарихи Рашиди», Жалайридың «Жамиат-тауарих», Бабырдың «Бабыр-наме» шығармалары. Түркі қағанаты тұсында түркі тілі сол өлкедегі негізгі тіл болды. Көне түркі жазуы бертін келе тіл тарихында «руна жазуы» деп аталып кетті. «Руна» — «рунь» сөзі «құпия», «сыры ашылмаған» деген ұғымды білдіреді.
Орхон ескерткіштерінің табылуы және ашылуы
… XVIII ғасырдың басы еді. Орыс армиясының қолына түскен тұтқын швед офицері Филипп Иоганн Страленберг Сібірді түгел аралап, Орхон өзенінің бойын жағалай жоғары өрлеп келе жатты. Ұзақ жүрді, бірақ бұл өңірден пәлендей тіршіліктің белгісін көре алмады. Әбден шаршап-шалдыққан саясатшы алдағы жолдың қызығынан біржолата күдер үзгеңдей еді, бір кезде сонау көз ұшынан бұлдырап сағымға малтыққан кереметті көзі шалғандай болды.
Қызыл көрген бүркіттей шаршағанын ұмытып, Иоганн жүрісті жылдамдата түсті. Жақындаған сайын оны әрі үрей, әрі өзгеше бір жұмбақ сезім билей бастаған тәрізденді. «…Зәулім тастар, белгісіз таңбалар, тас болып катып қалған адамдар… Әйтеуір ұзына бойы созылған, қол қусырып мөлиген тас мүсіндерде шек жоқ. Бұл не ғажап? Табиғаттың өзі жасаған құдірет пе, жоқ елде адамның сиқырлы қолынан туған керемет пе?!»
Ол ұзақ ойланды, ұзақ толғанды; бірақ түпсіз шыңырау, тұңғиық ойдың түбіне жете алған жоқ. Иә, бұл осыдан үш жүз жыл бұрын болған еді, Бейшара Иоганн алдында тұрған меңіреу тастардың бетінде ғажап сыр барын қайдан білсін, біле алған жоқ. Содан бері үш жүз жылдай уақыт өтті, бірақ сол меңіреу тастар «Орхон ескерткіштері» аталып, дүние жүзі ғалымдарын әлі күнге дейін тамсандырып келеді.
Бұл мұралар жайындағы алғашқы мәліметтер XVIII ғасырдың басында көріне бастайды. XIX ғасырдың алғашқы ширегінде біраз мағлұматтарды өзі шығарып тұрған «Сибирский вестник» журналында Григорий Спасский жариялайды. (Г. Спасский. Древности Сибири с приложением альбома «Сибирьский вестник», 1818 г.) Оның мақаласы көп кешікпей латын тіліне аударылады да, Орхон ескерткіштері басқа елдердің ғалымдарына да белгілі бола бастайды. Бұл хабарды естіген фин Археологиялық қоғамы 1875 жылы Минусинскіге екі рет экспсдиция жіберіп, 1889 жылы «Енисей жазбалары» деген атпен 32 таблицалы, 8 фото-суретті атлас жариялайды. Ескерте кететін бір жай, жазбалардың әліппесі табылғанша бұл мұраларды фин ғалымдары өз халкының ескерткіші деп танып келген.
Алайда бұл пікірдің негізсіз екендігін олар кейін мойындайды.
1889 жылы орыс зерттеушісі Н. М. Ядринцев Орхон өзенінің бойынан, Енисей өзені сағасынан табылған ескерткіштерден әлдекайда үлкен белгісіз таңбамен жазылған зәулім, колдан қашалған төрт кабырғалы биік тасты көреді.
Н. Ядринцсв таска мынадай сыпаттама береді: биіктігі — 3,5 метр, төменгі ені — 1,32 метр, жоғарғы жағының ені — 1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың тор жағы бірдей жазылған. Батыска караған бетіндс қытай жазуы да, қалған қабырғасы бірдей руналық жазуымен толған.