Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысы

Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер

Біржасушалылар патшалық тармағы. Қарапайымдардың денесі бір жасушадан тұрады, бірақ бұл жасуша — дербес тіршілік ететін тұтас организм. Олардың негізін бір немесе сирек жағдайда екі ядросы бар цитоплазма құрайды. Көпжасушалы организмдерден айырмашылығы — біржасушалыларда арнайы қызмет атқаратын органоидтер: қозғалыс органоидтері, жиырылғыш вакуоль, асқорыту вакуолі, кейбіреулерінде жарықсезгіш көзшелері, қылаулатқыштары болады (35-сурет).

Біржасушалы жануарлардың көптүрлілігі

Көпжасушалылар патшалық тармағы. Эволюциялық дамудың нәтижесінде көпжасушалы жануарлардың алуан түрлі формалары қалыптасты. Көпжасушалы организмдер үлкен екі бөлімге бөлінеді: омыртқасыздар және омыртқалылар. Омыртқасыз жануарларға сәулелі симметриялы екі қабатты (қос қабатты) жануарлар жатады, олардың денесі екі ұлпадан тұрады: денені сыртынан қаптайтын эктодерма және ішкі мүшелерді қалыптастыратын энтодерма. Бұл жануарларға губка және ішекқуыстылар жатады.

Сонымен қатар омыртқасыздарға жалпақ, жұмыр, буылтық құрттар, буынаяқтылар, ұлулар (моллюскалар) және тікентерілілер жатады. Олар — жеке даму процесінде бұлшықет және байланыстырушы ұлпаларға негіз беретін экто, энтодерма және мезодерма қабаттары дамыған радиалды үш қабатты, екі жақты симметриялы организмдер. Омыртқасыздар — ішкі қаңқасы болмайтын жануарлар тобы. Олардың тіршілік ортасы алуан түрлі (36-сурет). Кейбіреулері суда тіршілік етсе, кейбіреулері құрлықта, ауада тіршілік етеді.

Омыртқасыз жануарлардың алуантүрлілігі

Шұбалшаң буылтық құрттар типіне жатады (37-сурет). Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері едәуір күрделі дамыған. Буылтық құрттар теңіздерде, тұщы суқоймаларда, топырақта тіршілік етеді. Олардың 9 мыңдай түрі белгілі.

Омыртқасыз жануарлар

Ұлулар денесі жұмсақ, ертедегі көпқылтанақты құрттардан бастау алған омыртқасыз жануарлардың жеке типін түзеді. Олардың түр құрамы 130 мыңға жетеді. Көбінің денесі бақалшақпен жабылған.

Жәндіктер — сан мөлшері жағынан ең көп таралған жануарлар класы. Олардың 1 млн-нан астам түрі бар (38-сурет). Құрлықта, ауада, суда, алуан түрлі ортада тіршілік етуге бейімделген, буынаяқтылар класс өкілдерінің басым көпшілігі ұшуға қабілетті, оның ішінде қоңыздар тобы алуан түрлі. Олардың сипатты белгісі — үстіңгі қатқыл қанаттарының болуы. Үстіңгі қатқыл қанаттары ұшуға көмектесетін астыңғы нәзік жарғақ қанаттарын және құрсағының арқа тұстарын жауып тұрады.

Жәндіктердің алуантүрлілігі

Көпжасушалы жануарлардың екінші тобы — омыртқалы жануарлар немесе желілілер. Бұлар екі жақтаулы симметриялы алуан түрлі жануарлар тобы. Дамуының әртүрлі кезеңінде осьтік қаңқа желісі болады. Олар барлық тіршілік ортасында: құрлық, топырақ, ауа, тұщы және теңіз су айдындарында таралған. Қазіргі кезде желілілердің 40 мыңға жуық түрі белгілі. Оларға балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер жатады.

Балықтар — денелері қабыршақтармен қапталған су омыртқалылары. Тыныс алу мүшелері — желбезектер. Балықтардың көбеюі тек қана суда жүзеге асады.

Қосмекенділер — құрлықта тіршілік етуге бейімделген омыртқалы жануарлар (40-сурет). Олардың көпшілігі даму цикліне байланысты суда (дернәсіл) немесе құрлықта (бақа) тіршілік етеді. Қазіргі заман фаунасында 2500 түрі белгілі, олар: құрбақа, бақбақыл бақа, бақа, құйрықты бақа, саламандралар.

Қосмекенділер

Жорғалаушылар — алғашқы құрлықтық омыртқалы жануарлар (41-сурет). Оларға кесірткелер, жыландар, тасбақалар, қолтырауындардың (крокодил) барлық түрлері жатады. Суда тіршілік ететін азғантай түрлерінен басқалары құрлықта мекендейді. Бұл жорғалаушылардың көбеюі сумен байланысты емес. Жорғалаушылардың аяқтары тұлғасының екі жағында алшақ орналасқандықтан, денесі жерге тиіп, ал жылжитындары жерге жабысып қозғалады, қазіргі кезде 6 мыңға жуық түрі бар.

Жорғалаушылар

Құстардың 8 мыңнан астам түрі белгілі (42-сурет). Олардың денесі қауырсынмен қапталған, алдыңғы аяқтары қанаттарға айналған. Құстардың әуеде ұшып қозғалуы, жылықандылығы, құрылысындағы және тіршілік әрекеттеріндегі басқа да ерекшеліктері оларға жер бетінде кеңінен таралып тіршілік етуіне мүмкіндік береді.

Құстардың алуантүрлілігі

Сүтқоректілер — ең жоғары құрылымды омыртқалы жануарлар. Оларға балаларын тірі туу және сүтпен асырау, жоғары дәрежелі жүйке жүйесі мен жоғары деңгейлі зат алмасу процесі тән. Жоғары бейімделушілік омыртқалылардың кең таралуына, әртүрлі ортада тіршілік етуіне мүмкіндік берді. Осы жағдай және түрлердің саналуандығы омыртқалыларды қоршаған ортаның маңызды факторы жасады.

[alert style=»info»]Өз біліміңді тексер[/alert]

[accordion][accordion_block title=»1-сұрақ»]Қарапайым жануарлар несімен ерекшеленеді?[/accordion_block][accordion_block title=»2-сұрақ»]Қандай жануарлар қос қабатты жануарларға жатады?[/accordion_block][accordion_block title=»3-сұрақ»]Омыртқалылардың омыртқасыздардан айырмашылығы қандай?[/accordion_block][/accordion]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *