Шошқалардың жұқпалы аурылары

Шошқа обасы – жіті түрде дене мүшелерінде қанталау, жітілеу және созылмалы ағымдарында өткенде өкпе мен тоқ ішек қабынуы, қызба, жаппай қанталаулармен сипатталынатын аса жұғымтал вирустық ауру. Тоңазытылған,тұздалған етте екі айдан бірнеше жылға дейін сақталынады. Обаға үй және жабайы шошқалардың барлық тұқымдары мен жастағылары бейім.

Аурудың белгіллері. Ауру ағыны көбінесе жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтеді. Малдың дене қызуы көтеріледі, енжарлық, әлсіздік, азықтан бас тарту, құсу байқалады. Ауырған мал көп жатады, жүрісі шатқаяқтанады. Көз (конъюнктивит) және танау (ринит) қуысы кілегей қабықтары қабынуы дамиды, іш қату, ал кейіннен кейде қан аралас іш өту пайда болады. Құлақ, құрсақ, шап тұстарында қызыл дақтар түрінде қанталаулар байқалады.

 Даулау және күрес шаралары. Сақтандырудың басты мақсаты – шаруашылыққа оба вирусын сырттан әкелінген шошқамен енуіне жол бермеу. Ол үшін басқа шаруашылықтан әкелінген мал 30 күндік сақтық карантиннен өтуге тиіс. Барлық шошқа қораларының кіре беріс қақпаларының алдында залалсыздандыру өткізгіштерімен жабдықталуы қажет.

 Қазіргі уақытта шошқаларды обаға қарсы белсенді иммундеу үшін лапинделген АСВ вирус вакцинасын, я болмаса құрғақ тіннен дайындалған вирусвакциналарын (ВГНКИ) және ЛК ВНИИВВМ қолданылады.

Шошқа тілмесі – дене қызуы көтеріліп, терісінің қызарып, теңбіл дақтардың пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырушы – жіңішке таяқша. Суда, топырақта, тұздалған шошқа етінде, өлекседе көптеген айлар бойы сақталады. Қазақстанның барлық аймақтарында кең таралған. 3-12 айлық торайлар жиі ауырады. Тілмемен адам да ауырады.

 Аурудың белгілері. Дене қызуы күрт жоғарылап, жүрек қызметінің әлсіздігі,өкпенің ісінуі, ақыры мал өлімімен бітеді. Жануарлар бойында ауруға қарсы тұрарлық төзімділік қалса және залалдылығы әлсіз қоздырғыштар енгенде ауру жеңіл өтеді де жітілеу немесе созылмалы түрі өршиді. Мал денесі бір қызып, бір төмендейді, терісі қызарып, әр жеріне қып-қызыл тілме дақтары түседі. Жүректің ішкі қабаты (миокардит) мен аяқ буындары қабынады.

 Емі. Тілмеге қарсы гипериммунды қансарысуы мен антибиотиктер қолданылады. Сарысуды тері астына (құлақтың сыртынан немесе санының ішкі жағынан), ал аурудың халі ауыр жағдайда бұлшық етке 1-1,5мл/кг дозасында жібереді. Егер 8-12 сағаттан кейін малдың жағдайы жақсармаса, сарысуды қайтадан жібереді. Бір мезгілде антибиотиктер: пенициллин, экмоновоциллин, эритромицин қолданылады. Пенициллинді әрбір 6-8 сағат сайын 3-4 рет 2-3 мың ӨБ/кг дозасында, экмоновоциллинді 24 сағат аралығында 5-10 мың ӨБ/кг дозасында жібереді. Симптоматиялық дәрулер де пайдаланылады: кофеин, каломель.

 Жұқпалы сему рениті (инфекциялық антрофиялық ринит) – доңыз арасында, әсіресе торайлардың танау қуысының кілегей қабықтары мен кеңсіріктің іріңді қабынуы және жақ сүйектерінің өзгеруімен сипатталатын жұғымтал ауру. Қоздырушы танаудан аққан маңқамен пысқырғанда, жөтелгенде сыртқы ортаға бөліп, сау доңыздарға ауа арқылы жұғады. Ауруға жиі түрде 1-3 апталық торайлар бейім.

 Аурудың белгілері. Ауру созылмалы түрде өтуіне қарай шалдыққан торайлар түшкіреді, тұмсығын айналасындағы заттарға үйкелейді, танауынан қою маңқа ағады да, біртіндеп ірің араласады. Ауру асқынса, танауынан қан кетуі мүмкін. Ауруға шалдыққан торайлардың танау терісі жиырылып, астыңғы еріні алға және үстіне қарай имиіп азық жеуіне кедергі жасайды. Танауының екі қуысы да қабынса, ол бітеледі. Ал егер бір жақ танауы ғана қабынса, онда үстіңгі жағы оңға немесе солға қарай қисайып кетеді. Ауырған 3-4 айлық торайлардың 15-50%-ы осындай өзгерістерге ұшырайды. Ауру торайлар сау торайларға қарағанда салмақ қоса алмай, көтерем болады.

 Емі. Антибиотиктар мен сульфаниламид препараттарын қолданады. Сонымен қатар, әр 3 кг тірі салмағына 30 мг трибиссен, триметоприн және сульфадиазин қолданса, торайлардың індетке деген төзімділігі артады. Торайлардың мұрын қуысына стрептомициннің 5%-дық ерітіндісі (1мл 30000 ӨБ) немесе норсульфазолдың 10%-дық ерітіндісі жіберіледі. Ерітінділерді шприцтің көмегімен әр танауға күніне 2-3 рет 1-1,5 мл жібереді. Дибиомицин, биомицин, левомицитин жақсы нәтиже береді. Ем аурудың бастапқы сатысында ғана тиімді.

Дауалау және күресу шаралары. Шошқаның атрофиялық ринитін жою және сақтандыру үшін малды дұрыс сұрыптау, мегежіндерді сапалы азықтандыру қажет, мал дәрігерлік-санитарлық шараларды (өсіру мен семірту), төл алу, т.б. ережелерді қатаң сақтау керек.

Аурудан сәтті шаруашылықтардан алынған шошқалар карантинге алынады, ұқыпты түрде клиникалық бақылау жүргізіледі. Тұқымында ринитпен ауыру деп табылған торайларды, мегежіндер мен қабандарды етке сою аурумен күресудің тиімді әдісі болып саналады.

 Дизентерия (қанды іш өту) – тоқ ішектің дифтериялық қанталап және өліеттеніп қабынумен, іш өтуімен және арықтауымен сипатталатын, жанасқанда жұғатын жұқпалы ауру. Ауру жылдың кез маусымында, әсіресе, күз-қыс-көктем айларында күтімі мен азықтың сапасы нашарлауы, ағзаның ауруға төзімділігінің төмендеуі болғандықтан өршиді. 1-6 айлық торайлар жиі ауырады. Қоздырушы нәжісімен бөлініп сыртқы ортаны ластайды да, ағзаға азық, су, төсеніш арқылы енеді.

Аурудың белгілері. Қоздырушы тоқ ішектің шырышты қабаты мен оның астыңғы қабаттарына өтіп, көбейеді де, ұлы заттардың әсерінен ішектің құрылысы мен жұмысын бұзады. Дизентерияның асқануы тоқ ішектің қай дәрежеде зақымдауына қатысты өзгерістер тұғызады. Ауру торайлар арықтап, салмақтары күрт төмендейді. Ветеринариялық көмек болмағанда торайлардың өлімімен аяқталады.

 Емі. Осарол, фуразолидон, синтомицин, дипасфен, тилан, ронидазол препараттары белгілі сұлбалар бойынша қолданылады. Сонымен бірге шошқалардың күтілуі мен азықтандырылуы жақсартылады.

Сақтық пен күресу шаралары. Дизентериядан сауыққан шошқаларда иммунитет түзілмейді. Шоқа дизентериясы пайда болысымен шаруашылыққа карантин жариялайды. Қан аралас іші өткен шошқаларды союға жібереді. Ауру шошқаларды оңашалайды, емдейді немесе санитарлық қасапханаға жіберіледі. Станоктарды күйдіргіш натрдың 4%-дық ыстық ерітіндісімен, креолиннің 10%-дық эмульсиясымен, жаңа сөндірілген әктің 20%-дық ерітіндісімен, формадегидтің 2%-дық ерітіндісімен немесе 3%-дық активті хлоры бар хлоры әктің ерітіндісімен дезинфекциялайды. Жазғы уақытта аурудан сәтсіз қоралардағы шошқалар лагерьлерге ауыстырылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *