Сүтті сүзіп болғаннан кейін, тез салқындаут керек. Тіпті сүт фермасы сүт зауытына жақын болса да міндетті түрде салқандатылады. Сауылған сүтті сүт зауытына тапсырғаннан кейін ең кемінде 3 сағат уақыт өтсе де, ондай сүттің ішінде микробтар өсіп-өне бастайды.
Сүт зауытының түнде жұмыс істейтінін ескерсек, кешкі сауынның сүті тек келесі күні таңертең ғана тапсырылады, сондықтан да ферма басында сүтті тез салқындатудың қандай маңызы бар екені өзінен-өзі түсінікті. Сүт негурлым төменгі температурада сақталса, соғұрлым ұзақ уақыт сақталады. Оның үстінe мұндай жағдайда микроорганизмдердің дамуы тежеліп қана қоймайды, олардың улағыш зат бөлуі де бәсеңдейді. Сүттің бактериостатикалық фазасы біркелкі ұзақ уақытқа сақталады, мұның санитарлық маңызы да зор.
3.3-кесте
Сақтаудың ұзақтығына қарай сүтті салқындату температурасы
Сүтті сақтау ұзақтығы(сағат) | Сүтті салқындату температурасы (°С-тан жоғары) |
6-12
12-18 18-24 24-36 36-48 |
10-8
8-6 6-5 5-4 2-1 |
Сиырды шағын фермаларда жылжымалы сауу аппараттарымен сауғанда сүттi ағын суға немесе мұз қосылған суы бар бассейнге батырылған флягтарға құйып салқындатады. Бассейннің суына мұз қосса, сүт жақсы салқындайды, осыған орай 1 тонна салқындалатын сүтке 1 тонна мұз керек болады. Табиғи және жасанды су қоймаларында, сондай-ақ құрылымы әр түрлі арнайы салқындатқыштарды да пайдаланады. Бұларға су жібіретін цилиндрлі, жалпақ бір секциялы салқындатқыш, пластинкалы және түтікшелі жабық салқындатқыштар жатады. Жақсы салқындатылған сүттi шаруашылықтан зауытқа жаз кезінде бір рет, қыс кезінде eкi тәулікте бір рет жіберуге болады.