Жануарлардың қан және қан айналымы физиологиясы

Жануарлардың тірі жасушалары қан тін сұйықтығы және лимфа түзілетін ішкі орта сұйықтығымен жанасып жатады. Үнемі жаңарып отыратын қоймалжың келген тән иісі бар сұйық зат. Түсі бірыңғай қызыл.

Организмдегі атқаратын қызметі:

  1. Қоректендіру заттарын организм жасушаларына жеткізіп тұру.
  2. Зәр шығару – улы және керексіз заттарды арнайы мүшелер арқылы шығарып тастау.
  3. Тыныс алу – оттегін өкпеден тіндерге тасымалдау, көмірқышқыл газын сыртқа шығару.
  4. Қорғаныс – организмге түскен микробтарды лейкоциттерімен қорытып, жойып жіберу, фагоцитоз.
  5. Жылуды біркелкі тарату, жылу реттегіш қызметін атқару.
  6. Гомеостаздық тепе-теңдікті сақтау.

Қан негізінен екі бөліктен: сұйық бөлігі – плазмадан және арнаулы элементтері саналатын эритроциттерден( қанның қызыл түйіршіктері), лейкоциттерден( ақ түйіршіктері) және тромбоциттерден(қан табақшалары) тұрады.

Қанның сұйық бөлігінде ерітілген минералды заттар – тұздар болады. Сүтқоректілерде оның мөлшері 0,9%- ға тең.

Жануарлардың қанының реакциясы сәл сілтілі, РН-ы 7,35-7,55%-ға тең. Онда 4 түрлі буферлік жүйе бар: 1)карбонатты;2) фосфатты;3) ақуыздық; 4)гемоглобиндік.

Плазма қанның жалпы көлемінің 60%-ын алыпжатады, құрамының 90-92%-ы су,ал 8-10%-құрғақ зат. Оның 7%-ы ақуыз, 0,8%-ы май, 0,12%-ы жүзім қанты(глюкоза), 0,9%-ы минералды тұздар, аз мөлшерде гормондар, витаминдер, ферменттер мен пигменттер болады. Плазма құрғақ затының негізі – ақуыз, олар альбумин мен глобулиндер, глобулиннің өзі альфа, бета, гамма- глобулиндерге бөлінеді.

Қандағы эритроциттер қанға рең береді. Балық пен құстарда эритроциттер ядролы болады. Қызметі – оттегіні, көмірқышқыл газын, қоректік заттарды тасымалдайды, иммунитеттің пайда болуын қалыптастырады. Ядроның орнында гемоглобин орналасады, оның құрамында екі валентті темір бар, гемнің мөлшері 4%, ал глобин ақуызының мөлшері 96%, бұл жілік майының эритробласт жасушасынан бөлінеді. Гемоглобиннің бірнеше түрі бар: Нв+ — төлде болатын фетальді түрі; НвА – аналықта болатын түрі.

Лейкоциттер – қандағы қорғаныш және қалыпқа келтіру процестерінде маңызды рөл атқаратын қанның ақ жасушалары, олар гранулоциттер(түйіршіктілер) болып екі топқа бөлінеді. Фагацитоз қызметін атқарады.

Тромбоциттер – сопақша не домалақ пішінді, ядролары жоқ плазматикалық өсінділер,  олар қызыл сүйек майларының мегакариоциттерінен пайда болады. Ауада пластикалар тез бұзылып, қанды ұйытатын серотонин затын бөледі. Тромбоциттер қанды сұйық жағдайдан қоймалжың жағдайға ауыстырып ұйытып, организмді қансыраудан сақтайды.

1.11 Қан айналымы

Жан-жануарлар қан айналым жүйесі екі түре кездеседі: тұйық және ашық, яғни тұйық емес. Тұйық қан жүйесі бір-бірімен тізбектесіп, қабырғалары жалғасып жатқан ірі және ұсақ тамырлардан тұрады.

Организм жасушалары мен тіндері тіршілік ету үшін өте маңызды процесс – қанның тамырларды бойлап ағуы. Жалпы қан артерия, көк қан тамыры арналарында айналымда болады. Қанның айналымы екі –  үлкен және кіші қан айналым шеңберінде өтеді.

Қан айналу жүйесінің оң қарыншадан өкпе артериясымен басталып, сол жақ жүрекшеде өкпе венасымен аяқталған бөлігін қан кіші қан айналым шеңбері деп атайды.

Сол жақ қарыншадан қолқамен басталып, одан артерияартерия, артериола және капиллярлар мен көк тамырларға тармақталып, сол жақ құлақшада аяқталатын бөлігін үлкен қан айналым шеңбері деп атайды. Құлақшалар босаңсығанда (диастола кезінде) олардың қуыстары қанмен толады(сол жағы – артериальді, оң жағы – венозды). Жүрек – қан айналымының орталық мүшесі. Жүрек үш қабат көлденең-жолақ тіннен құралған. Оның сыртқы қабатын эпикард, ортаңғы қабатын миокард, ішкі қабатын эндокард дейді. Жүрек төрт камерадан құралады: екі жүрекше мен екі қарынша және қанды бір бағытта өткізетін қақпақшалар бар.

Жүрек жұмысы бірнеше циклден тұрады. Алғашқы циклі систола( жиырылуы), диастола( босаңсуы) және үзілістен паузадан құралған. Қанның жылжуы артерия, артериола, қылтамырлар , вена, венулалар арқылы өтеді.

Жүрек қанды айналым шеңберлеріне бөлшектеп шығарып отырады, соған орай қан тамырлардың қабырғалары ырғақты соғып, пульс пайда болады. Қанның қысылуынан қан тамырлары қабырғаларының керіліп кеңеюі қан қысымы деп аталады. Систола кезінде пайда болған максималды қысым систолалық, ал диастола кезіндегі минималды қысым диастолалық деп аталады.

Жүректің бұлшық ет тінінің құрылысы жасушалы құрылым болып келеді. Оның жасушасы – кардиомиоциттердің құрамында жалғыз ядросы және миофибриллдері болады. Бұлшық ет тінінің бұл еттерінің ерекше физиологиялық қасиеті бар.

1.12 Лимфа жүйесі

 

Лимфа жүйесі. Лимфа жүйесі үстіңгі қуыс венаның қосымшасы болып есептелінеді. Лимфа жүйесіне лимфа, лимфа тамырлары, лимфа өзектері, лимфа түйіндері кіреді. Оның қызметтері: қорғаныштық және тіннен артық сұйықтарды сорып алу.

     Лимфа қылтамырларының қабырғалары эндотелийден тұрады. Олар қан тамыр қылтамырларынан кең, созылады, соқыр өсінділері болады, анатомоздар мен торлары көп.

Лимфа қылтамырларының кенересі үш қабаттан тұрады: интима, медиа, және адвентиция. Олардың ішінде қақпақшалар болады. Препараттарда лимфа тамырларын көру қиын. Бұл тамырлар лимфа түйіндеріне барып, әкелуші лимфа тамырлары деп аталынады. Лимфа түйіндерінен әкетуші лимфа тамырлары шығып, қосылады да, оң жақ лимфа бағанасын және көкірек өзегін құрайды.

Оң жақ лимфа бағанасына лимфа бастың және мойынның оң жағынан, оң жақ алдыңғы аяқтан, ал көкірек өзегіне лимфа дененің барлық қалған бөлімінен жиналып қойылады. Бұл тамырлар алдыңғы қуыс венасына барып қосылады.

Лимфа түйіні лимфа тамырларының жолдарында жатады. Олардың пішіні әр түрлі болады, бір жағы ойыс болып келеді. Оны қақпасы деп атайды. Бұл жерден артериялары, жүйкелері, шошқада – әкелуші лимфа тамырлары кіреді (басқа жануарларда әкелуші лимфа тамырлары түйіннің керісінше жағынан кіреді), веналары және әкетуші лимфа тамырлары шығады. Лимфа түйіннің негізін ретикулярлар тіні түзеді, сыртынан дәнекер тіні капсуласы қоршайды. Бұл капсуладан ішке қарай бірнеше қалқалар – трабекулалар шығып, лимфа түйінін бөліктерге бөледі. Лимфа түйіні кесіндісінің шет жағын қыртысты, ал ортаңғы жағын милы заттары деп атайды. Қыртысты затында лимфа фолликулалары орналасады. Осылардың орталығында лимфоциттер пайда болады.  Милы затында лимфоциттер жиналып, жұмсақ жіпшелерден түзеді.  Лимфа түйінінде шеткі, аралық және қақпа синустері(саңылаулары) болады.

Жануарлардың басында – құлаңқасы(шықшыт), жақ асты және екі жұтқыншақ артқы; мойнында – беткі және тереңдегі мойны, қабырға-мойын; үстіңгі аяқта – қолтық асты, шынтақ; көкірегінде – қабырға аралық, төс, алдыңғы, ортаңғы және артқы аралық; кеңірдекте – бронха, өкпе; құрсақ және жамбас аймағында – бел, ортаңғы және шеткі мықын, құрсақ, қарын, бауыр, алдыңғы шажырқай, аш ішек, соқыр ішек , мықын-бүйен, артқы шажырқай, бүйрек, жұмыртқалық, жатыр, қуық, сегізкөз, жамбас; артқы аяқта – тізе асты, тізе үсті, беткі шап, тереңдегі шап лимфа түйіндері орналасады.

      Веналар. Венозды жүйесінің көлемі артериальды жүйесінің көлемінен 2-3 есе үлкен. Веналардың кенересі жұқа, бірақ қуысы кең болып келеді. Кенересінің ішкі бетінде қақпақшалар орналасады. Олардың қызметі – қанды кейін қарай жібермеу. Веналардың орналасуы артерияларға ұқсас келеді. Бірақ біраз айырмашылығы да бар: веналар беткелей орналасады, көп анатомоздар және торлар кездеседі, көбіне бір артерияның қасында екі вена болады.

        Бастан, мойыннан, көкңректің астыңғы және шеткі қабырғаларынан, үстіңгі аяқтан және желіннен қан үстіңгі қуыс венасына жиналады.

Мойынның жанынада жұп мойын веналары орналасады. Одан дәрігерлер қан алады. Құрсақтың астыңғы бетінде сүт құдығы болады.

Артқы аяқтан, желіннен жамбас қуысының ағзаларынан, жамбас айналасындағы бұлшық еттерінен, құрсақ қуысындағы ағзалардан қан артқы қуыс венасына құйылады.

Қарыннан, қарын асты безінен, ішектен және талақтан қан қақпа вена арқылы бауырға келеді. Онда бұл вена қылтамырларға дейін тарайды және тағы да жиналып бауыр веналары болып шығып, артқы қуыс венасына қосылады.

Қан жасайтын мүшелер

Бұл мүшелерге сүйек майы, лимфа түйіндері, талақ, лимфа фолликулалары, миндаоиналар және тимус (айырша безі) жатады. Эмбриондық даму кезеңінде бауыр да осы қызметті атқарады. Төл өсіп дамыған сайын бауырдың бұл қызметі азайып жойылады. Эритроциттер мен лейкоциттер 130 күндей тіршілік етеді, олар өлген соң орнына жаңа қан жасушалары дамиды. Сүйек майы ретикулярлы тін түзіліп, сүйектерлің кемігінде орналасады. Мұнда эритроциттер, лейкоциттер және қан пластинкалары пайда болып, дамып жетілгенше бірнеше сатылардан өтеді.

Талақ – пішіні әр түрлі , көбінесе ұзынша келетін жалпақ ағза. Оның париеталды және висцеральды деп аталатын екі беті мен шеттері болады. Талақ қарынның сол жағында орналасады. Сыртынан сірқабықпен қапталады. Висцеральды бетінде сірқабық қарынмен жалғастыратын қарын – талақ байламын түзеді. Осы байламның қасында талақ қақпағы бар, одан қан тамырлары мен жүйкелер өтеді. Сірқабықтың астында дәнекер тін капсуласы болады. Бұл капсуладан ағзаның ішіне қалқалар бөлініп өтеді. Капсуланың және қалқаларының құрамына коллаген, эластикалық талшықтары, бірыңғай салалы бұлшық ет жасушалары кіреді. Қалқалар талақты бірнеше бөліктерге бөледі. Осы бөліктерінде ақ және қызыл пульпалары болады.

Шошқаның талағы жіңішке, ұзын. Жалпақтығы 5-8 см, ұзындығы 38-48 см-ге дейін. Түсі сиырда – көк сұр, бұқада қызыл қоңыр. Жалпақтығы – 10-15 см, ұзындығы 40-50 см-ге дейін, қалыңдығы 2-3см. Месқарынның сол жағында орналасады.

Қойлың талағы дөңгелек, үшбұрышты болып келген. Түсі – қызыл қоңыр. . Месқарынның сол жағында орналасады.

Жылқы талағының алдыңғы жағы жалпақ, оны негізі астыңғы жағы жіңішке , оның ұшы деп атайды. Алдыңғы шеті ойыс және өткір , артқы шеті дөңес. Түсі қызыл көк, ұзындығы 30-35 см-ге тең.

Тимус немесе айырша безі эмбрионда және жас малда жақсы дамыған. Ол ересек жануарларда көбінесе болмайды.  Жақсы дамыған безде көкірек бөлімін және жұп  мойын бөлімін ажыратады. Үстіңгі ұшынан бастап бұл ағза редукцияланады. Құрылысы лимфа түйініне ұқсас келеді. Сонымен қатар айырша безі эндокриндік қызмет атқарады: өсу безі болып саналады және кальций алмасу процесін реттейді.

Шошқаның айырша безі  жақсы дамиды, 2-3 жасында редукцияланады.

Ірі қараның безі үлкен, 6 жасында редукцияланады.

Жылқыда көкірек бөлігі жақсы жетілген, мойын бөлігі нашарлау, 2-2,5 жасында жойылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *