Архив за день:

Зат массасының сақталу заңы слайд

Заттар химиялық ракцияларға түсіп, нәтижесінде жаңа заттар түзіледі. Химиялық реакциялар натижесінде зат массалары өзгере ме? Ғалымдар бұл сұраққа әртүрлі болжамдар жасады. Атақты ағылшын ғалымы Р.Бойль ашық ретортада (мойнақта) әртүрлі металдарды қыздырып, олардың реакцияға дейінгі және кейінгі массаларын өлшеді. Реакция нәтижесінде металдардың массалары ауырлайтынын байқады. Осы тәжірибелерге сүйенген ғалым қандай да бір «отты материн» металдармен қосылып, олардың массасын арттырады деп болжады. Ол ауаның әсерін ескермегендіктен дұрыс қорытынды жасай алмады. М.В. Ломоносов металл ұнтағын мойнаққа салып аузын бекітіп, салмағын өлшеген соң қыздырды. Ол металл ұнтағының түсінің өзгергенін байқайды. Мойнақтың массасын қыздыруға дейін және кейін өлшеген ғалым, оның массасының өзгермейтініне көз жеткізді. Жабық мойнақты қыздырғанда, ауа құрамындағы оттектің металға қосылғанын дәлелдеді. Мойнақтағы ауа мөлшері азаяды. Себебі, оны ашқанда, ішіне қарай ысылдап ауа сорылады. Бұл тәжірибелердің қорытындысын 1718 жылы М.В. Ломоносов заң түрінде тұжырымдады. «Табиғатта жүретін күллі өзгерістердің мәні мынада: бір денеден қанша кемісе, басқасына сонша қосылады«. Өкінішке орай, Ломоносовтың ашқан бұл жаңалығы басқа да ғалымдардың ашқан жаңалықтары сияқты ұзақ уақыт белгісіз болып қалды. 1789 жылы француз ғалымы А. Лавуазье бұл заңды қайта ашты. Масса сақталу заңының қазіргі тұжырымдамасы: Химиялық реакцияға түскен заттардың массасы, реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең болады. М.В. Ломоносовтың дұрыс тұжырым жасауына өзі іргесін қалаған атом-молекулалық ілімнің көмегі тиді. Атом-молекулалық ілім тұрғысынан массаның сақталу заңын былай түсіндіруге болады: Химиялық реакциялар нәтижесінде атомдар жойылмайды… Читать далее »