Архив за день:

Қазақстан аумағындағы «Ұлы Жібек жолы»

Осы тақырыпта қарастырылады: Ұлы Жібек жолының пайда болуы, негізгі бағыттары мен тармақтары, оның түркі бөлігі, сонымен қатар Ұлы Жібек жолының тарихи маңызын талқылаймыз. [toc] Ұлы Жібек жолының басталуы Халықаралық сауда жолының тарихы б.з.б. 3-2 мыңжылдықтардан, Шығыс Түркістаннан Иран, Мысыр, Қытай мен Сирияға лазурит пен нефрит тасудан басталады. Б.з.б. 138 жылы Қытайдан император У-дидің Батыстың беймәлім… Читать далее »

Қарақытай мемлекеті (құрылуы, құрылымы, құлауы)

Қарақытай мемлекетінің құрылуы. IX ғасырда Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін Орталық Азияның шығыс бөлігіндегі билікті қидандар басып алды. Олар жайлы жазба деректерде Қытайдан солтүстікке қарай өмір сүрген монғол тілдес тайпалар ретінде атап өтіледі. [toc] 1125 жылы Қытайдың біріккен күштері мен оның одақтастары Қидан мемлекетін талқандады. Қидандардың бір бөлігі жаулап алушыларға бағынды, ал қалған бөлігі Елюй Дашидың… Читать далее »

Қарахан мемлекетінің құрылуы мен құлауы

Қарахан мемлекетінің құрылуы мен жер аумағы. Қарахан мемлекеті жайлы деректер араб және парсы авторларының еңбектерінде көптеп кездеседі. Онда қарлұқтар арасынан түркі тайпаларына билік еткен «қағандардың қағаны» шыққанын айтады. Қарахан әулетінің шығу тегі Қашғарияда өмір сүрген қарлұқтармен байланысты. 940 жылы Қашғарияның қарлұқ тайпалары Баласағұнды басып алып, Сатұқ Боғра хан басқарған жаңа әулеттің негізін қалады. Осылайша, ғылымда… Читать далее »

Көне түркілердің діни наным-сенімдері

Діндердің әралуандылығының себептері. Түркілер тауармен бірге діни наным-сенімдерді әкелген керуен жолдарымен тығыз байланыста болды. Түркі дәуірінде Орталық Азия аумағында әлемдік діндер қатар өмір сүріп, бір-біріне ықпал етті. Бұл аталған аймақтың өзіндік мәдени орталыққа айналуына мүмкіндік жасады. VІ-ІХ ғасырларда құрылған барлық түркі мемлекеттері түрлі діндерді таратудың кеңістігіне айналды. Оған мыналар куә бола алады: 1) жазба ескерткіштер… Читать далее »

Қимақ қағанаты (СЛАЙД, ПРЕЗЕНТАЦИЯ)

Тақырыпты зерттеу барысында слайд бөлімдерінде Қимақ қағанатының құрылу себебін, сыртқы саясатын, қимақтардың шаруашылығы мен мәдениетін талдаймыз. Қимақ қағанатының құрылуы. VІІІ-ІХ ғасырлар аралығында Солтүстік-Шығыс Қазақстан аумағында қимақ тайпалар одағы қалыптасты. Слайд түпнұсқасында Қимақтар туралы араб, парсы, түркі және қытай деректерінде айтылған. Осы деректер негізінде қимақтардың Батыс Монғолия даласында өмір сүргенін білеміз. Қимақтар ол жерден VII ғасырдың ортасында… Читать далее »

Оғыз мемлекеті слайд (Презентация)

Слайд құрылымымен танысу барысында Оғыз мемлекетінің құрылуы мен саяси тарихын, Оғыз мемлекетінің құлау себептерін анықтаймыз. Оғыздар жайлы деректерді ІХ-Х ғасырлардың басындағы араб тіліндегі шығармалардан кездестіреміз. Оғыздарда мемлекет болғандығы туралы әл-Якубидің, географ әл-Факихтің еңбектерінде айтылады. Оғыздардың тайпалық құрамы туралы деректерді Махмұд Қашғари еңбектерінен кездестіреміз. Келесі слайд орыс жылнамаларында оғыздар туралы айтылады. Бұл жылнамаларда оғыздар печенегтерге, хазарлар мен… Читать далее »

Қарлұқ қағанаты (Презентация) слайд

Слайд бөлімдерінің тақырыбы: Қарлұқ қағанатының VIII ғасырдың бірінші жартысында Жетісу аумағына қоныс аударуы, Қарлұқ мемлекетінің құрылуы мен өзіндік ерекшеліктері. Қарлұқтар — Алтай мен Балқаш көлі аралығындағы жерлерді мекендеген көшпелі тайпалар. Ибн әл-Факих (X ғасыр) «олар (қарлұқтар) — көне түркілер» деп жазды. VII ғасырдың соңынан бастап слайд бөлімдерінде көрсетілгендей қарлұқтар Шығыс Түрік қағанатының ықпалында болды. Біріккен ұйғыр… Читать далее »

Түргеш қағанаты туралы слайд

Слайд тақырыбы бойынша зерттеу барысы: Батыс Түрік және Түргеш қағанаттарының тарихына салыстырмалы талдау жасау, Түргештердің қытай, араб, шығыс түркілермен күрестері туралы мәлімет. Түргештер VI ғасырда Батыс Түрік қағанатының құрамында болды. Олар Іле, Шу өзендерінің аралығын қоныстанып, Шу түргештері (сары түргеш) және Іле түргештері (қара түргеш) болып бөлінді. VII ғасырдың соңында түркілердің Қытайға қарсы күресі түргеш тайпаларының… Читать далее »