Архив за день:

Тірі организмдегі қоректік заттар тасымалы

Біржасушалы жануарларда заттардың тасымалдану ерекшеліктерін амебаны мысалға ала отырып қарастырайық. Ол қозғалғанда цитоплазма жасушаның бір бөлігінен екінші бөлігіне қарай құйылады. Оның құрамында болатын заттар жасушаның бүкіл бөліктеріне таралады және орын ауыстырады — бұл — енжар (пассивті) тасымалдану (53-сурет). Қоректік заттардың бұлай орын ауыстыру механизмі өсімдіктерге ұқсас, бірақ пассивті тасымалданудан басқа белсенді тасымалдану да бар. Тіршілік… Читать далее »

Минералды тыңайтқыштардағы азоттың, калийдің және фосфордың маңызы

Өсімдіктер де кез келген тірі организмдер сияқты тіршілік ету үшін қоректенеді. Қоректену — бұл өсімдіктерідің қоршаған ортадан неорганикалық заттарды сіңіруі, оларды өзгертуі және тыныс алу, өсу, көбею процестерінде пайдалануы. Өсімдіктердің басым көпшілігіне топырақтық (минералды) және ауалық (фотосинтез) қоректену тән. Топырақтық қоректену — тамырлардың суды және онда еріген минералды заттарды сіңіруі. Топырағында минералды қоректік заттары аз… Читать далее »

Азық-түліктердегі көмірсулардың, нәруыздардың және майлардың маңызы

Адам организмінде қарапайым заттардан күрделі заттардың түзілу процесі, сонымен қатар күрделі заттардың ыдырауы, тотығуы үздіксіз жүріп жатады. Мүшелердің жұмысы олардың үздіксіз жаңаруымен қатар жүріп отырады — жасушалардың біреуі тіршілігін жойса, басқалары оны алмастырады. Организм жасушалары, егер организмге оттек және қоректік заттар үздіксіз түсіп отырса ғана өсіп, жаңарып отырады. Қоректік заттар бұл — организмді құрайтын құрылыс… Читать далее »

Микроэлементтің және макроэлементтің организмдер тіршілігіндегі рөлі

Жасушалардың тіршілік әрекетінің негізгі шарттарының бірі — мыңдаған заттардың қатысуымен жүретін алуан түрлі химиялық процестер. Тірі организмдердің жасушалары химиялық құрамы бойынша ұқсас. Бұл органикалық дүниенің біртұтас екендігін көрсетеді. Тірі организмдердің құрамында химиялық элементтердің едәуір мөлшері табылған, олардың біреулері көп мөлшерде болса, басқалары аз мөлшерде болады. Тірі организмдердің 98%-ы төрт элементтен: оттек, көміртек, сутек және азоттан… Читать далее »

Ауа және оның құрамы

1774 жылы француз ғалымы А.Лавуазье ауаның 4/5 бөлігі азоттан, 1/5 бөлігі (көлемі бойынша) оттектен тұратын газдар қоспасы екенін дәлелдеді. Ауаның сапалық құрамын мынадай тәжірибемен анықтауға болады: ауамен толтырылған шыны қалпақ суға төңкеріледі. Темір қасыққа салынған қызыл фосфорды тұтатып, суға төңкерілген қалпақ астында жақса, су қақпақтың 1/5 бөлігіне дейін көтеріледі. Өйткені фосфордың жануына ауа құрамындағы оттек қана… Читать далее »

Атом құрамы мен құрылысы слайд

Слайд тақырыбы: атом құрамы мен құрылысын оқып-таныстырады; изотоп ұғымын білетін боласыңдар. 1911 жылы ағылшын ғалымы Э.Резерфорд атомның ортасында оң зарядталған ядросы бар екенін тәжірибе жүзінде анықтады. Сөйтіп, атомның планетарлық моделін ұсынды (20-сурет). Бұл модель бойынша атом оң зарядталған ядродан және оны айнала қозғалатын теріс зарядталған электрондардан (е) тұрады. Электронның массасы, протон мен нейтрон массаларымен салыстырғанда, өте… Читать далее »

Тірі организмдер үшін судың маңызы

Су — тірі организмдердің өмір сүруін және олардың тіршілік әрекеттерінің даму процестерін қамтамасыз ететін ерекше қасиетке ие өзіндік минерал. Барлық сұйықтықтардың ішінде су — ең жақсы еріткіш. Ол үлкен жылусыйымдылыққа және жылуөткізгіштікке ие. Судың басқа кәдімгі қосылыстардан айырмашылығы — қалыпты температуралық ауытқу кезінде газ, сұйық және қатты күйінде болуында. Су молекулалары бір-бірімен және басқа да… Читать далее »

Ұлпалар, мүшелер және мүшелер жүйесі

Әрбір жасуша құрылысының ерекшелігіне қарай белгілі бір қызмет атқарады. Көпжасушалы организмдердің жасушаларынан ұлпалар түзіледі. Ұлпа — шығу тегі, құрылысы мен атқаратын қызметі бірдей жасушалар тобы. Өсімдіктерде ұлпаның алты типін ажыратады: түзуші, негізгі, жабындық, өткізгіш, бөліп шығарушы және тіректік (47-сурет). Түзуші ұлпа тамыр ұшы мен өркен ұшында орналасатын жасушалардан тұрады. Бұл жасушалар үнемі бөлініп, жаңа жасушалар… Читать далее »

Географиялық нысандардың қасиеттері

Мәлімет тақырыбы: тәжірибе жүзінде географиялық нысандардың қасиеттерін айқындау. Географиялық нысан деген не және ол қандай қасиеттерге ие? Географиялық нысандардың қасиеттері туралы тәжірибеде қалай білуге болады? Географиялық нысан — жердің беткі қабатының белгілі бір қалыптағы айтарлықтай тұрақты тұтас элементі. Географиялық нысандар бір-бірінен шартты географиялық шек арқылы бөлініп ажыратылады. Географиялық нысандардың шығу тегі әртүрлі болуы мүмкін: табиғи… Читать далее »