Архив за день:

Философия – ақыл-ой мәдениеті

Философия ойлау мектебі ретінде әрекет етеді. XVII ғасырдағы ағылшын философы Томас Гоббс:  «Философия сенің ойлауыңның жемісі болып табылады… және сенің өзіңде өмір сүреді» деген тұжырымды бекерден-бекер жасамаған. Ол іштей әркімге тән. Өйткені жұмыр басты пенденің ешқайсысында өмірдің, азаттықтың әділеттілік пен мәңгіліктің мәні, мағынасы туралы ойлану құқығынан айыра алмайсың. Адамның ақыл-ой мәдениетінің негізінде нақ осы пайымдау… Читать далее »

Философия – зерделі және берекелі өмір туралы ілім

Антикалық қоғамда ежелгі грек философы Эпикурдың (б.з.д. 342-270жж.) этикасы даңққа бөленді және қызу талқыланды. Эпикур Самос аралында дүниге келді, одан кейін Афиныға көшті, бұл жерде ол «Эпикур бағы» (оның мектебі орналасқан жер) деп аталған философия мектебін ұйымдастырды. Эпикур жүйесі сол кездегі философияның барлық бөлімдерін: онтологияны – физиканы, таным теориясын және мораль мен мемлекет туралы ілімді… Читать далее »

Философияның адам және қоғам өміріндегі рөлі

Б.з.д. 800 және 200 жылдар аралығында тарихтағы ең шұғыл бетбұрыс жасалды. Бұл уақыт ішінде философияда көптеген жаңалықтар ашылды. Нақ осы кезеңде Қытайда Конфуций, Лао-цзы, Мо-цзы сияқты ойшылдар өмір сүрді және Қытай философиясының барлық бағыттары пайда болды. Үндістанда Упанишадтар дүниеге келіп, Будда өмір сүрді. Персияда (Иранда) Заратустра қайырымдылық пен зұлымдық арасындағы күреске толы дүние туралы үйретті;… Читать далее »

Мемлекет органдары туралы түсінік

Мемлекеттің көп қырлы қызметі мемлекет органдары арқылы жүргізілетіні бәрімізге мәлім. Бірақ олардың әр түрлілігіне қарамастан ортақ белгілері бар. Олардың әрқайсысы мемлекеттік апараттың құрамдас бөлігі, мемлекеттік органдар жүйесіне кіреді. Сөйтіп, мемлекет органы дегеніміз -белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар үжымы, мемлекеттік билік өкілділігіне иелі өзінің құзыреті шеңберінде қызмет атқаратын бірыңғай мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылады. Оған мынадай белгілер… Читать далее »

Заң нормаларын қолдану

Заң нормаларын қолдану — жүзеге асырудың басты нысаны Құқыққолдану дегеніміз — арнаулы субъектілердің (мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің) нақты өмірлік жағдайларға байланысты құқық нормаларын жүзеге асырудағы нақтылы жеке құқықтық тұжырымдарды шығару жөніндегі мемлекеттік билік жүргізушілік және ұйымдастырушылық қызметі. Мұның өзге нысандардан ерекшелігі сол, бұл жалпы құқық нормаларды белгілі бір адамға (құқықтары бұзылған) және… Читать далее »

Құқық нормаларын іс жүзіне асыру

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қыруар зандар және одан туындайтын өзге де нормативтік актілер қабылданып, бекітілгеннен соң дереу іске қосылды, әрі қосылып та жатыр. Солардың ішінде іске аспай мардымсыз болып жатқандығы да бәрімізге мәлім. Оның объективтік және субъективтік өзіндік сыры бар. Осындай келеңсіз, қасапсыз жағдайлардың объективтік сыры мынада: тіпті басқасын қойғанда заң актілерінің өздері есепсіз шығарылуында,… Читать далее »

Құқық жүйесі

Егерде жоғарыда көрсетілгендей құқықтың қайнар көздері құқық нысанының сырт жағын бейнелесе, оның ішкі нысаны өте күрделі құқық құрылымының жүйесін, яғни құқық жүйесін құрайды. Кез келген жүйе тәріздес құқық жүйесі мыналармен сипатталады: ол қандай элементтерден немесе бөліктерден тұратындығымен, бұл бөліктер бір-бірімен қалай байланыста және өзара әрекетте болатындығымен. Бұрын біз құқық жүйесінің бастапқы клеткасы, кірпіші болып табылатын… Читать далее »

Құқықтың қайнар (нысаны) көздері

Әдетте құқықтық нормалар ауызша, әрі ресми мәтінсіз болмайды. Сондықтан кімде кім құқықтық талаптардың бұзылғаны туралы айтатын болса, қашанда нақ қандай нормалар, қайда және кім жазған деп сұрауға болады. Осы жерде біз құқық көздері туралы мәселеге келеміз. Олар бірнешеу. Құқықтық ілімде мемлекеттің еркі солардың көмегімен тұжырымдалған зандар нормалары болатын құжаттар «құқық көздері» деген шартты атаусөзбен белгіленеді.… Читать далее »

Құқық нормалары туралы мәлімет

Енді бізге жеке құқықтық «молекула» деп аталатын құқық нормасымен танысуымыз қажет. Құқық нормасы — бұл адамдардың белгілі бір жағдайдағы мінез-құлық бағдарламасы. Бұл, әрине, зандық модель, өйткені, онда адамдарға бағытталған белгілі бір құқықтары мен міндеттері жазылып көрсетілген барлық мінез-құлық нормасы берілген. Мысалы, азаматтың бұзылған құқығын сотта қалпына келтіру құқығын реттейтін нормада өзінің бұл жөніндегі талап-арызын сотқа… Читать далее »